Білім беруді дамыту орталығы 10-11-сыныптарға арналған



бет61/76
Дата12.03.2023
өлшемі1,38 Mb.
#73460
түріБағдарламасы
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   76
Байланысты:
Ауызша және жазбаша сөйлеу тілі Нурсапина С.У. (2) (1)

Тақырыбы 20

Ауызша сөйлеу тілінің қазақ әдебиеті тілі нормасымен сәйкестігі

Мақсаты:

Ауызекі сөйлеу тілінің ерекшеліктерін түсіндіру. Әдеби тілдің көріктеу, құбылту құралдары мен айшықтау тәсілдерін меңгерту, оны көркем туындыда ажырата білуге үйрету.

Күтілетін нәтиже

Ауызекі сөйлеу тілінің ерекшеліктерін түсінеді. Әдеби тілдің көріктеу, құбылту құралдары мен айшықтау тәсілдерін меңгереді, оны көркем туындыда ажырата біледі.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

«Ойлан. Бірік. Бөліс» әдісі, талдау, ой қозғау, сұрақ-жауап



Қолданылатын ресурстар

Слайд, маркерлер, интерактивті тақта, стикерлер, смайликтер

Сабақ кезеңі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі. Қызығушылықты ояту

Ауызша сөйлеу тілі мен әдеби тіл нормасы сәйкес пе?



Сұраққа жауап береді.



Білу



1-тапсырма. Мәтінді тыңдап, сұрақтарға жауап береді, мазмұнын әңгімелейді.

Тыңдайды. Сұрақтарға жауап береді. Әңгімелейді.

Түсіну

2-тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап береді, мазмұнын айтады. Мәтін бойынша берілген тапсырмаларды орындайды.

Оқиды. Сұрақтарға жауап береді. Мазмұнын айтады. Тапсырмалар орындайды.

Қолдану

3-тапсырма. Билер сөзіндегі метафораларды табыңыздар. Метафораларды метафораланған сөздерімен сызықша арқылы теріп жазыңдар, сөздерді тұлғасына қарай талдаңыздар.
Қайрат – қыран, қайғы – жылан, жылау - азап, ел - халық, әйел - ырысың, келін - қылышың, қыз - өрісің, көңіл - гүл, тіл - бұлбұл, сезім - сері, нәпсі бөрі, сабыр – алтын, ақыл – алмас, дәулет – қолдың кірі, бақ – сел-көшкін, өнер – ризық, несібе, тіл – байлық, несібе.

Оқиды. Жазады. Талдайды.

Талдау

4-тапсырма. Ауызекі сөйлеу тілі мен әдеби тіл ерекшеліктерін айтыңдар және сәйкестігін табыңдар.
Сұрақтарға мақал-мәтелдермен жауап беріңдер.

Айтады. Сәйкестендіреді.

Сұрақтарға мақал-мәтелдермен жауап береді.



Жинақтау

Тест тапсырмасын орындау
Сабақты қорытындылау

Тапсырма орындайды. Оқиды.

Бағалау

Мәдениетті, мақал-мәтелмен сөйлеп, сауатты жазып үйреніп жүрмін. Себебі ...

Ойын айтады. Түсіндіреді.

Рефлексия

Оқушылардан бүгінгі сабақ бойынша пікірлері сұралады.

Пікірлерін айтады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет