Білім беруді дамыту орталығы 10-11-сыныптарға арналған



бет64/76
Дата12.03.2023
өлшемі1,38 Mb.
#73460
түріБағдарламасы
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   76
Байланысты:
Ауызша және жазбаша сөйлеу тілі Нурсапина С.У. (2) (1)

Тақырыбы 23

Жұрт алдында сөз сөйлеуде сезімдеріне әсер ету

Мақсаты:

Оқушыларға сөйлеу мәдениеті, тіл өнерінің биік шыңы – шешендік өнердің мәні мен адам өміріндегі маңызын таныстыру. Жұрт алдында сөйлеуге дағдыландыру.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар сөйлеу мәдениеті, тіл өнерінің биік шыңы – шешендік өнердің мәні мен адам өміріндегі маңызымен танысады. Жұрт алдында сөйлеуге дағдыланады.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

СТО стратегиялары, сұрақ-жауап, әңгімелеу

Қолданылатын ресурстар

АКТ, кестелер, сөздіктер

Сабақ кезеңі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі. Қызығушылық
ты ояту

Ағылшын ғалымы Бернард Шоу:«Егер қолында бір-бір алмасы бар екі адам сол алмаларын алмасса, онда бәрібір екеуін де бір-бірден алма қалар еді. Ал бір-бірден жаңа ойы бар екі адам бір-бірімен пікір алмасса, онда олардың әрқайсысында екі-екіден ой қалыптасады».

Тыңдайды.

Білу



1-тапсырма. Мәтінді тыңдап, тест тапсырмаларын орындайды.

Тыңдайды. Тапсырма орындайды.

Түсіну

1-тапсырма.Мәтінді оқып, басты мәселені анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды тұжырымдап, дәлелдеңіз. Өз жұбыңызды мұқият тыңдаңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды екі сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға қатысып, пікіріңізді білдіріңіз.

Оқиды. Ойын дәлелдейді.
Сұрақ қояды.

Қолдану

2-тапсырма. Мәтінді төмендегі шартты белгілерді қойып, оқып шығыңыз. Не себепті қандай белгі қойғаныңыз туралы айтыңыз, яғни пікіріңізді жазыңыз.

Оқиды. Жазады.

Талдау

3-тапсырма. Мәтінді «Ойлаудың алты қалпағымен» талдау

Талдайды.

Жинақтау

««Ғылыми-техникалық өркениет пен экологиялық мәдениет» деген тақырыпта эссе жазыңдар.

Эссе жазады.

Бағалау

Сөз байлығы маған болашақта .... қажет. Сөздік қорымды байыту үшін мен біріншіден ..., екіншіден ... және т.б. жасап еңбектенемін.

Ойларын айтады.

Рефлексия

Бүгінгі сабақтағы жұмыс бағыттары туралы «Көргендерім мен түйгендерім» тақырыбында жеке стикерлер толтырып тақтаға жабыстыру

Оқушылар жартылай түсінгендерін, түсінбегендерін жазып, плакатқа жапсырады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет