Тақырыбы 6
|
Көркем әдебиет стилінің лексикалық, морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктері және қолданылуы. Талдау.
|
Мақсаты:
|
Көркем әдебиет стилінің ерекшеліктерін танып, оны шығармашылық жұмыстарында қолдану. Көркем тәрбие алуға ұмтылу.Эстетикалық талабын қалыптастыру.
|
Күтілетін нәтиже
|
Көркем әдебиет стилінің ерекшеліктерін таниды, оны шығармашылық жұмыстарында қолданады. Көркем тәрбие алуға ұмтылады.Эстетикалық талабын қалыптастырады.
|
Қолданылатын әдіс-тәсілдер
|
Баяндау, сұрақ-жауап, ой ашу, аялдамамен оқу.
|
Қолданылатын ресурстар
|
Ф Тірек сызбалар, кестелер, кәртішкелер, қанатты сөздер, мақал-мәтелдер. Интербелсенді тақта, маркер, қанатты сөздер, оқулық.
|
Сабақ кезеңі
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
Ұйымдастыру кезеңі. Қызығушылықты ояту
|
Көркем әдебиет стилінің мақсаты қандай?
Көркем әдебиет стилінің қолданылу аясын айтыңдар.
Стильдік сипаты қандай?
|
Сұрақтарға жауап береді.
|
Білу
|
1-тапсырма. Жазушылар мен ақындардың шығармаларын тыңдап, тілін салыстыра отырып, өз пікірлеріңді ортаға салыңдар.
|
Тыңдайды. Салыстырады. Пікірлерін айтады.
|
Түсіну
|
2-тапсырма. Мәтіннің маңыздылығы қандай екендігі жөнінде өз ойларыңды көркем әдеби стилінде жеткізіңдер.
|
Ойларын жеткізеді.
|
Қолдану
|
3-тапсырма. Тұрақты тіркестердің баламасын тауып, әңгіме құраңдар.
Ит арқасы қиянда - өте алыста
Жерден жеті қоян тапқандай - қуану
Тақырға отырғызып-кетті - алдап кету
|
Әңгіме құрастырады. Оқиды.
|
Талдау
|
4-тапсырма. Көркем шығарманың баяндауыштарының тілдік стиліне назар аударыңдар.
Мәтіндегі өздеріңе әсер еткен тұстарды кестедегідей талдаңдар. Жазушының көркем әдебиет стилін өз әлеміңмен түсініп көр.
|
Баяндауыш стилін анықтайды.
Талдайды.
Түсіндіреді.
|
Жинақтау
|
Көркем әдебиет стилінде бір өзекті тақырыпта әңгіме жазыңдар.
|
Әңгіме жазады.
|
Бағалау
|
Мәтін және сөз мағынасын білген адам -түсінген адам. Мен оқушыларға сөз мағынасына терең үңіліңдер деп ұсыныс айтар едім.
|
Сөз мағынасын білу қажеттілігін айтып, өз ұсыныстарын жасайды.
|
Рефлексия
|
Не жақсы болды? Не қызық болды? Жұмыс істеуге не кедергі болды? Не қиын болды?
Не үйрендің?
|
Сұрақтарға жауап береді.
|