Білім беруді дамыту орталығы 10-11-сыныптарға арналған



бет18/76
Дата12.03.2023
өлшемі1,38 Mb.
#73460
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   76
Байланысты:
Ауызша және жазбаша сөйлеу тілі Нурсапина С.У. (2) (1)

Тақырыбы 12

Публицистикалық стильдің лексикалық, морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктері және қолданылуы.

Мақсаты:

Оқушыларды публицистикалық стиль ерекшеліктерімен таныстырып, практикада пайдалануға, талдай білуге үйрету; Өз туындыларын жазу.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар публицистикалық стиль ерекшеліктерімен танысып, практикада пайдалануға, талдай білуге үйренеді; Өз туындыларын жазады.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

«Жигсо», «Болжау», «РАФТ», «Суретті кеспелер» әдістері. Сын тұрғысынан ойлау.Интерактивті оқыту әдісі.

Қолданылатын ресурстар

АКТ. Интерактивті тақта. Стикер,маркер, А3 қағазы Нақыл сөздер, суреттер, сызбалар.

Сабақ кезеңі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі. Қызығушылықты ояту

Публицистикалық стильде жазылған шығарманың қоғамдық өмірде қандай маңызы бар?
Сен тілші, журналист болсаң бүгінгі күннің қандай өзекті мәселесін көтерер едің?
Публицистикалық стиль қай салада қолданылады? Міндеті қандай? (Тыңдармандар мен оқырмандарға әсер ету, идеяға сендіру, әдеби тіл мен ауызекі тілді байланыстырып, шешен тілмен айту. Қоғамдағы өзекті мәселелер көтеріледі).

Сұраққа жауап береді

Білу



1-тапсырма. Газет мақаласынан үзінді оқып шыққан соң , А.Байтұрсынов көтерген мәселелер мен оның қоғам үшін маңыздылығына тоқталыңдар.
Публицистикалық стилдегі кездесетін жаңа сөздермен жұмыс. Сөздердің мағынасын жазады.
Мәтінді 1 оқушы (эмоциямен) оқиды.
Бұл айтылған сөздерді үкіметте қол соғып құптады.
Сендер бұл айтылған сөздермен келісесіңдер ме?
Айтылған ой тақырыбы – жастар
Айтылған ой – жастар жаман, әке жолын қуа алмайды, елді, мәдениетті сақтай алмайды.
Ойдың авторы кім деп ойлайсыңдар?
1. Сократтың сөзі (470-399 ж. б.з.д.)
2.Гесиоду сөзі (720 ж. б.з.д.)
3.Египеттік сөз (2000 ж.б.з.д.)
4.Вавилонда табылған құм горшоктағы сөз (3000ж.б.з.д.)
Сөйлеуші не мақсатта бұлай сөйледі?
Қандай мәселе көтерілді?
Сөйлеуші мақсатына жетті ме?
Сөйлеуші жетістікке қалай жетті?
Дәйексөз келтіру - аудиторияға әсер етудің бірден-бір жолы.
Сөйлеуші стилі?
Цитатада қандай сөздер қолданылған?

Оқиды. Талқылайды.
Жазады.
Сұраққа жауап береді.

Айтады.


Түсіну

2-тапсырма. Негізгі идеяларды ұйымдастыру, салыстыру, түсіндіру, сипаттау және бекіту жолымен фактілер мен идеяларды түсінетіндігін көрсету.
Түсіндірме (интерпретация)- негізгі идеяларды және олардың өзара байланыстарын анықтауды, мағынасын сақтай отырып, идеяларды таныс жүйеге, формаға ауыстырады, мәліметті өз сөзімен мазмұндайды

Оқиды.

Қолдану

3-тапсырма. Жаңа білімдерді, әдістерді және ережелерді түрлі нұсқада пайдалану.
Интерпретациялайды, қолданады, пайдаланады, көрсетіп береді.

Оқиды.

Талдау

4-тапсырма. Мәтінді талдау, баға беру, қарама-қарсы қою, сынау.
Мен бұл мәтінді публицистикалық стиль деп санаймын.
Автордың міндеті тыңдармандарға әсер ету
Бізді сендіру, ...
Оқырмандардың мәселеге назарын аударту ...
Мәтінді мынандай стилдер бар ...
Осы мақсатта мәтінде мынандай лексикалар орын алған ...
Мынандай мәнерлі құралдар ...
Мынандай синтаксистік ерекшеліктер ...
Себептерді айқындауға мүмкіндік жасайды.
Талдау жасайды, баға береді, қарама-қарсы қояды,сынайды.

Мәтінді талдайды.
Мәтінге баға береді, қарама-қарсы қояды,сынайды.



Жинақтау

4-тапсырма. Болжау, шарттылық, мүмкіндік ұғымдарын қолданып, өз тәжірибесі негізінде жаңа модель (құрылым) құрастырып түйіндейді.
Құрастырады, жоспарлайды, ұсынады, ұйымдастырады , дайынды береді.

Модель құрастырады.

Бағалау

Мақала жазып үйрендім. Себебі мақала жазу ...

Ойды жалғастырады.

Рефлексия

Бағдаршам
Қызыл түс – түсінген жоқпын;
Сары түс – сұрақтар бар;
Жасыл түс – барлығы түсінікті.

Оқушылар түсінбеген жерлерін, сұрақтарын қойып, плакатқа жапсырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет