Тақырыбы 13
|
Практикалық жұмыс (ресми іс қағаздары және публицистикалық стилі тақырыптарына)
|
Мақсаты:
|
Ресми іс қағаздары және публицистикалық стилі тақырыптарын бекітіп, практикада пайдалана білуге дағдыландыру.
|
Күтілетін нәтиже
|
Ресми іс қағаздары және публицистикалық стилі тақырыптарын бекітіп, оны практикада пайдалана білуге дағдыланады.
|
Қолданылатын әдіс-тәсілдер
|
«Жигсо», «Болжау», «РАФТ», «Суретті кеспелер» әдістері. Сын тұрғысынан ойлау. Интерактивті оқыту әдісі;
|
Қолданылатын ресурстар
|
АКТ. Интерактивті тақта. Стикер, маркер, А3 қағазы Нақыл сөздер, суреттер, сызбалар, сергітуге арналғанүнтаспа, біріккен сөздерге арналған демонстрациялықматериал.
|
Сабақ кезеңі
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
Ұйымдастыру кезеңі. Қызығушылықты ояту
|
Қара сөз бен дарынды сөз жүйесінің ара жігін ашу, айырмашылығын көрсету.
Көркем әдебиет стилімен публицистикалық стильдің ара жігін ашып, айырмашылықтарын көрсету.
|
Оқиды. Ойланады. Айырмашылығын көрсетеді.
|
Білу
|
1-тапсырма. Сынып жиыны бойынша хаттама жазу, нұсқаларды оқып салыстыру.
|
Жазады. Оқиды. Салыстырады.
|
Түсіну
|
2-тапсырма. І топ ЦОН, ІІ топ ЖОО қабылдау комиссиясы, ІІІ топ өндіріске жұмысқа орналасуға мамандар қабылдаушылар.
Оқуға түсе алмай қалған мектеп бітіруші ЦОН-ға келеді. Диалог жазыңдар.
|
Жазады. Өзара сөйлеседі.
|
Қолдану
|
3-тапсырма. Бір жағдаятты мысалға алып, сенімхат жазыңыз. Сыныптас құрбыңызға мінездеме жазыңыз.
|
Жағдаят жазады. Мінездеме жазады.
|
Талдау
|
4-тапсырма. “Арман – адам қанаты” атты мақала авторы туралы ойларыңды жазыңдар.
Өзіңіз жайлы шағын мәлімет.
“Арман – адам қанаты” дейді, арманыңыз жайлы не айтар едіңіз?
Алдыңызға қандай мақсат, жоспар қойып отырсыз?
Өзіңізден осы қасиеттер табыла ма?
Өзіңіздің алдағы жеңістеріңіз туралы не айтар едіңіз?
Құпия сырыңыз бар ма?
Оны кіммен бөлісер едіңіз?
|
Өзі, өзінің арманы туралы жазады.
Сұрақтарға жауап жазады. Оқиды
|
Жинақтау
|
5-тапсырма. Сізден оқырмандарға әдемі тілек.
|
|
Бағалау
|
Келешекте жетістіктерге жетуім үшін ...
|
Ойды жалғастырады.
|
Рефлексия
|
Бағдаршам
Қызыл түс – түсінген жоқпын;
Сары түс – сұрақтар бар;
Жасыл түс – барлығы түсінікті.
|
Оқушылар түсінбеген жерлерін, сұрақтарын қойып, плакатқа жапсырады.
|