Тақырыбы 14
|
Ғылыми стиль
|
Мақсаты:
|
Заттар мен құбылыстардың жалпы ерекшілігін ашып, мәлімет беру, әңгімелеу арқылы ғылыми стильді ажырату. Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу.
|
Күтілетін нәтиже
|
Оқушылар заттар мен құбылыстардың жалпы ерекшілігін ашады, мәлімет береді, әңгімелеу арқылы ғылыми стильді ажыратады. Жан- жақты болуға, өз бетімен жұмыс жасауға үйренеді.
|
Қолданылатын әдіс-тәсілдер
|
Түсіндіру, сұрақ-жауап
|
Қолданылатын ресурстар
|
Дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.
|
Сабақ кезеңі
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
Ұйымдастыру кезеңі. Қызығушылық
ты ояту
|
Ғылыми стиль адамның ең озық интеллектуалдық әрекетіне қызмет етеді.
Бұл - адамның ғылыми ізденісінен, зерттеуінен тапқанын ауызша немесе жазбаша жеткізу мақсатында қалыптасқан стиль.
Ғылыми стильдің ерекшелігі қандай?
|
Сұраққа жауап береді.
|
Білу
|
1-тапсырма. Сөздерді аударып, мағыналарын түсіндіріңдер.
Эквивалент – басқаға тең, соның орнына қолдануға болады.
Классификация – жүйе
Концепция – бір нәрсеге көзқарас жүйесі; негізгі ой.
Естествознание – табиғаттағы құбылыс пен заңдылықтар туралы ғылым
Фундаментальный – негізделген, терең
Монография – бір мәселеге, тақырыпқа арналған біреуге арналған зерттеу
1-тапсырма. Сөздікпен жұмыс. Сұрақтарға жауап беру.
Қандай cөздерді ғылыми стильге жатқызуға болады ?
Ғылыми стильге жататын сөздерге мысал келтіру.
Ғылыми стильге бірнеше мысалдар айтыңдар.
Күнделікті өмірде қандай сөздерден тұратын қалалар мен жер атауларын естіп жүрсіңдер.
|
Оқиды. Сұрақтарға жауап береді.
|
Түсіну
|
2-тапсырма. Оқушылар көркем әдебиет стилінде ғылыми зерттеулерін жүргізді.
Ғылыми стильді қолданып, қазақ тілі мен әдебиеті пәніне жас ғалым ретінде жаңалық енгізді.
Ғылыми еңбектерін тағы ..., ... ғалымдар назарына ұсынып келді.
Жас ғалымдарымыздың еңбектерінен үзінділер тыңдап болып, журналист болуды армандаған ... кезек береміз. Ол публистикалық стильді қолдана отырып ,жас ғалымдарға сұрақтар қояды. Олардың еңбегіне қызыққан оқушылардың да сұрақтар қоюына болады .
Сұрақ-жауап кезеңі
|
Ғалымдар еңбектерін оқиды, тыңдайды, сұрақ қояды.
|
Қолдану
|
3-тапсырма. Мәтіннің стилін анықтаңдар. Қолданылған ғылыми термин сөздерді көшіріп жазыңдар.
|
Мәтін стилін анықтайды. Термин сөздерді жазады.
|
Талдау
|
4-тапсырма. Мәтінге талдау жасаңдар.
Публицистикалық стильді басқа стильдерден айыра аламын....
Ондағы стильдерді, олардың қызметтерін анықтай аламын ....
Ондағы мәнерлі құралдарды және олардың қызметтерін анықтай аламын ...
Синтаксистік ерекшелігін, олардың қызметін ....
Пікірмен таныстыру және оны дәлелдеу, ақпарат бойынша қорытынды жасау, бірқатар критерийлердің негізінде идеалды негіздеу және жұмыс сапасын бағалау.
Тиянақтау, салмақтау, бағалау, қайта қарастыру, сұрыптау, таңдау жасайды.
|
Мәтінге талдау жасайды.
|
Жинақтау
|
5-тапсырма. «Ең үздік ғылыми жоба» атты мақала жазу.
|
Мақала жазады. Оқиды.
|
Бағалау
|
Мен ... маманы болғым келеді. Сондықтан ... ғылым саласын меңгеруім керек. Себебі ...
|
Ойын айтады. Түсіндіреді.
|
Рефлексия
|
Бас бармақ – бұл керемет,маған ұнады.
Балан үйрек – бұл жерде ахуал бар.
Ортан терек – мүлдем маған ұнамады.
Шылдыр шүмек – бұған көңіл аудару керек.
Кішкене бөбек – маған жетпей қалды
|
Рефлексияны оқып береді немесе мұғалімге тапсырады.
|