Білім беруді дамыту орталығы 10-11-сыныптарға арналған



бет32/76
Дата12.03.2023
өлшемі1,38 Mb.
#73460
түріБағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   76
Байланысты:
Ауызша және жазбаша сөйлеу тілі Нурсапина С.У. (2) (1)

Тақырыбы 26

Риторика. Ойлау және айтылым

Мақсаты:

Оқушыларға шешендік сөздің мазмұндылығын, сөз дәлдігін, тіл тазалығын, тіл көрнектілігін және қазіргі шешендердің сөйлеу өнерін үйрету.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар шешендік сөздің мазмұндылығын, сөз дәлдігін, тіл тазалығын, тіл көрнектілігі және қазіргі шешендердің сөйлеу өнерін үйренеді.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Баяндау, сұрақ-жауап саралап деңгейлеп оқыту,іздендіру әдістері.

Қолданылатын ресурстар

Ф Тірек сызбалар, кестелер, кәртішкелер интерактивті тақта арқылы сызбалар,кесте,портрет-суреттер.



Сабақ кезеңі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі. Қызығушылықты ояту

Шешендік өнер дегеніміз не?
Оның алғашқы негізін салушы кім болған?
Қазақ риторикасын сөз еткенде алдымен ауызға кімдерді аламыз?

Сұраққа жауап береді.

Білу



1-тапсырма. Мәтінді тыңдап, сұрақтарға жауап береді. Әңгіме өзегінің дәлелі (аргументі) болу керек.
Шешендік өнердің ел өмірінде орны қандай?
Шешендік өнердің бастауы - халық ауыз әдебиеті үлгілері. Мысал келтіріңдер.

Оқиды. Сұраққа жауап береді.

Түсіну

2-тапсырма. «Даналық сөзден дән ізде» Қазыбек би, Әйтеке би, Төле би сөздерін оқып, мағынасын түсіндіреді.

Оқиды. Әңгімелейді. Сұраққа жауап береді.

Қолдану

3-тапсырма. Әр топ Қазыбек би, Әйтеке би, Төле би өмір жолдарын оқып, олардың қоғамдық өмірде алатын орны туралы әңгімелейді.

Ойланады. Естеріне түсіреді. Жазады.

Талдау

4-тапсырма. Сұрақтарға жауап беру.
Аңыз әңгімелер мен шешендік сөздердің ерекшеліктері қандай?
Венн диаграммасы. Шешендік толғау мен шешендік арнаудың ұқсастық ерекшеліктері.




Жинақтау

“Шешендік сөздің негізгі белгілері” тақырыбында іздену жұмысы.
Шешен – билердің сөздерін есте сақтау.
«Шешен тіл шешер сан істі» тақырыбында шағын шығарма жазу.

Қорытынды сұрақтарға жауап береді.

Бағалау

«Бүгінгі күні біз шешендік өнерді қалай дамытып жатырмыз?» -деген сұраққа өз ойларын айту.

Ойларын айтады.

Рефлексия

Бас бармақ – мен түсіндім
Балаң үйрек – мен білгім келеді
Ортаң терек – маған қиын болды
Шылдыр шүмек – мен тапсырманы түсіндім
Кішкентай бөбек - мен тырысамын

Оқушылар білгісі келетіндерін, ненің қиын болғанын жазады, плакатқа жапсырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет