Тақырыбы 31
|
Мәтіндегі негізгі ой, жоспар құру
|
Мақсаты:
|
Мәтінді тыңдағанда немесе оқығанда негізгі ойды түсіне білуге, мәтін бойынша жоспар құруға үйрету. Негізгі ойды өз сөзімен, жүйелі айта білуге дағдыландыру.
|
Күтілетін нәтиже
|
Мәтінді тыңдағанда немесе оқығанда негізгі ойды түсінеді, мәтін бойынша жоспар құра алады. Негізгі ойды өз сөзімен, жүйелі айта білуге дағдыланады.
|
Қолданылатын әдіс-тәсілдер
|
Түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту
|
Қолданылатын ресурстар
|
Дидактикалық материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.
|
Сабақ кезеңі
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
Ұйымдастыру кезеңі. Қызығушылықты ояту
|
Мәтіндегі негізгі ой ....
|
Ойды жалғастырады.
|
Білу
|
1-тапсырма. Мәтінді оқып, тақырыбын, негізгі ойды анықтап, ат қойыңдар, бір-біріңе әңгімелеңдер.
Кітап адам өмірінде аса маңызды рөл атқарады деген тақырыпта мәтінді тыңдап, сұрақтарға жауап беріңдер.
|
Мәтінді тыңдайды. Сұрақтарға жауап береді.
|
Түсіну
|
2-тапсырма. Кітап адам өмірінде аса маңызды рөл атқарады деген тақырыпта мәтінді түсініп оқып, сұраулы сөйлемдер құрастырып, өзара сөйлесіңдер.
|
Оқиды. Сұраулы сөйлемдер құрастырады. Сөйлеседі.
|
Қолдану
|
3-тапсырма. Мәтінді оқып талдаңдар.
Екі топқа тапсырма беріледі, сол бойынша оқушылардың ой-пікірін білемін.
І топ – Баспасөз беттері туралы мәлімет
ІІ топ – Жаңа техникалық құралдары туралы мәлімет. (компьтер, сайт, интернет, т.б.)
|