Тақырыбы 8
|
Пікір айту құрылымын ойластыру: сөз сөйлеуді, негізгі бөлімді, қорытындыны
|
Мақсаты:
|
Ауызша және жазбаша сөйлеудің маңызын білу, түсіну; Оқушыларды өз ой-пікірін дәйекті, жүйелі жеткізе білуге дағдыландыру; Еркін сөйлеу дағдыларын дамыту.
|
Күтілетін нәтиже
|
Ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетінің ерекшеліктерін ұғынып, оны тәжірибеде қолдана біледі. Өз ойларын ауызша және жазбаша еркін жеткізеді.
|
Қолданыла
тын әдіс-тәсілдер
|
Сұрақ-жауап, әңгімелеу,
|
Қолданыла
тын ресурстар
|
Слайд, сызба, үлестірме кеспе қағаздар
|
Сабақ кезеңі
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
Ұйымдастыру кезеңі. Қызығушылықты ояту
|
Біз пікірімізді қалай айтамыз?
|
Жауаптарын тыңдаймын, тақырыпты меңгеруге бағыттаймын.
Тақырыпқа шығады, мақсат қояды
|
Білу
|
1-тапсырма. Мәтінді тыңдайды. Мәтінге тақырып қойыңдар.Мәтін не туралы? Негізгі мәселе қандай? Мәселені автор неге көтерді? Мәселе шешілді ме? Дәлелде.
Осы мәселе туралы сен пікіріңді қалай айтар едің? Қорытынды шығар.
|
Жауаптарын тыңдап, сауалдар қойды.
Ойларын дәлелдеді
|
Түсіну
|
2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.
Мәселе дегеніміз не? (Шешімін табуды қажет ететін сұрақ)
Мәтіндегі негізгі мәселе айтылса, автор бұл мәселеге қата-қайта оралады. Мәтіндегі мәселені анықтау- негізгі ойды табу. Негізгі сөздер синоним түрінде қайталанып, лейтмотив құрады.
3-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар. Сұрақтарға жауап беріңдер.Мәтін мазмұнын әңгімелеңдер.
|
Оқиды. Сұрақтарға жауап береді. Әңгімелейді.
|
Қолдану
|
4-тапсырма. Берілген сөйлемдерді оқып, қандай стильге жататынын анықтаңдар.
|
Оқиды. Стилін анықтайды.
|
Талдау
|
5-тапсырма.Үзінділерді мәнерлеп оқыңдар.
Рөлдерге бөліп оқыңдар. Кейіпкерлерін атаңдар.
Қай шығармадан үзінді екенін анықтаңдар.
Кез-келген тақырыпта жұптаса отырып, диалог құрастырыңдар.
|
Оқиды. Диалог құрастырады.
|
Жинақтау
|
6-тапсырма. «Сөйлеу мәдениеті» тақырыбында эссе жазыңдар.
|
Эссе жазады.
|
Бағалау
|
Тыңдай білген, жауап бере білген, өз ойларын тиянақты жеткізе білген, барлық маман үшін қажет деп білемін, себебі ...
|
Ойларын түсіндіреді.
|
Рефлексия
|
Нені меңгердім?
Нені білдім?
Нені түсіну қиын болды?
|
Өз ойларын, сабақтан не түйгендерін айтады.
|