Білім беруді дамыту орталығы 10-11-сыныптарға арналған



бет51/76
Дата12.03.2023
өлшемі1,38 Mb.
#73460
түріБағдарламасы
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   76
Байланысты:
Ауызша және жазбаша сөйлеу тілі Нурсапина С.У. (2) (1)

Тақырыбы 9

Шығарма. Эпистолярлық жанр. Жазбаша сөйлеу тілі

Мақсаты:

Оқушылардың эпистолярлық жанр туралы білімін кеңейту. Мәтінді кешенді талдай білуге үйрету. Тілді сүюге, құрметтеуге баулу.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар эпистолярлық жанр туралы үйренеді. Мәтінді кешенді талдай алады. Тілді сүйеді, құрметтейді.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Баяндау, сұрақ-жауап

Қолданылатын ресурстар

Тапсырмалар, дид. материалдар, кестелер, кеспе кағаздары, тірек сызбалар

Сабақ кезеңі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі. Қызығушылықты ояту

Адамдар жазуды неге ойлап шығарды?
Жаза білу керек пе? Неге? Жазба жұмысы сендерге ұнайды ма?

Ойларын айтады.

Білу



Мұғалім:Эпиграфпен жұмыс. Л.Толстойдың: «Жазу оңай емес … Жазу қиын: қиын болған сайын, жақсара түседі». Ойды жазу – еңбек, ұлы еңбек.
Эпистолярлық жанрды, зияткерлік еңбекті, әр сөзді ойлана отырып жазуда саналы тұлға қалыптасады»
1-тапсырма. Мәтінді тыңдап,.мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді:
Бұл қандай құжат? Қандай іс-жүргізу қағаздарын білесіңдер? Бұл құжат қандай жанрға жатады?
Өтініш дегеніміз не? Дәлелде.Құжаттың ерекшелігін айт.Қазір бұл құжат не үшін жазылады? Өздерің өтініш жазыңдар.

Мәтін тыңдайды. Сұрақтарға жауап береді. Өтініш жазады.

Түсіну

Мұғалім: Ақын-жазушылардың шығармалары эпистолярлық түрде сақталды.Тағы нелер жазба түрде сақталады? (Іс қағаздар, ресми, жеке қағаздар) Енді сол жазылымдарға қарап, дұрыс жаза білуге үйренейік.
2-тапсырма. Қазіргі хатты оқып, түзету енгізіңдер.
Хатта эпистолярлық жанр талабы сақталған ба?
Құрылымына не жетіспейді?
Эпистолярлық жанрдың міндеттері орындалған ба?
Хатты талапқа сай түзетіп жазыңдар.

Проблемалық тапсырмаларды орындайды.

Қолдану

3-тапсырма. 2 хатты оқиды, сұрақтарға жауап береді.
Хаттар мазмұны ұнады ма? Талапқа сай жазылған ба? Қай хат жеке адамға, ал қай хат іс-қағаз және достық ретінде жазылған? Неге? Әдептілік рөлі қандай?

Мәтінге орфографиялық, орфоэпиялық нормалар бойынша талдау жасайды.
Тапсырмаларды орындайды.
Сұрақтарға жауап береді.

Талдау

Жеке адамға жазылған хат пен іс-қағаз хатын салыстырыңдар.Жан-жақтылық қай хатта ерекше жазылған. Хаттағы фактілермен дәлелдеңдер.
Хатты талдаңдар. Осы хаттардың қайсысына шын көңілмен жауап берер едіңдер? Неге? Хатқа жауаптарыңда жазыңдар.

Салыстырады. Ұсыныс айтады. Дәлелдейді. Хатқа жауап жазады.

Жинақтау

«Менің туған өлкем» деген тақырыпта шетелдегі досына хат жазу
Хатты талдай отырып, хаттан адамның ішкі жан-дүниесін (әлемін), көзқарасын, мәдени деңгейін, қызығушылығын тануға болады. Хаттың басы мен аяғын, өтінішін оқыдық. Хат толық мазмұнды, сауатты, өтініш сыпайы болуы керек. Себебі өтініш білдіріп отырған адамың алыста. Хатты бірнеше мәрте оқуға, мазмұнына ой жүгіртуге болдады. «Керемет ой, келеңсіз жазылса бағасыз» (Вольтер). Жазба тіл мәдени көрсеткіш

Хат жазады.



Бағалау

Ойды көркем жаза білу қажет деп ойлайсың ба? Неге?

Сұраққа жауап береді.

Рефлексия

Мен тапсырма орындадым ....
Мен түсіндім, ... дегенді.
Мен .... дегенді сездім
Мен ... істей алдым.
Мен істеп көрейін ...
Мен .... үйрендім
Мен ... істегім келді.

Стикерге ойларын жазып, плакатқа жапсырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет