Білім беруді дамыту орталығы 10-11-сыныптарға арналған



бет54/76
Дата12.03.2023
өлшемі1,38 Mb.
#73460
түріБағдарламасы
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   76
Байланысты:
Ауызша және жазбаша сөйлеу тілі Нурсапина С.У. (2) (1)

Тақырыбы 12

Жазба жұмыстарында ойды нақты жеткізу үшін қолданылатын тыныс белгілері

Мақсаты:

Тыныс белгілері туралы оқушылардың білімдерін тексеру, тапсырмалар арқылы білімдерін бекіту; Сауатты жазуын дамыту, шығармашылыққа баулу.

Күтілетін нәтиже

Тыныс белгілері туралы оқушылардың білімдері кеңейеді, тапсырмалар арқылы білімдерін бекітеді; Сауатты жазуып, шығармашылықпен жұмыс істейді.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

«Мен сияқты жаса» жаттығуы (сергіту); «Мен таңдаған стиль»,«Ыстық орындық» әдісі



Қолданылатын ресурстар

Бейне көрсетілім, кеспе қағаздары, оқулық, А3 қағаз, маркер



Сабақ кезеңі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі. Қызығушылықты ояту

Тыныс белгілерін атаңдар: .,?!...;:-«»(), бұлар қандай қызмет атқарады.
Тыныс белгілері не үшін қажет?
Тыныс белгілері дегеніміз не?
1-тапсырма. Француз жазушысы В.Гюго «Шеттетілгендер» романын жазып, баспаға сөзсіз (?) хат жолдады. Баспа қызметкері (!) деп жауап берді. Осы тыныс белгілерін басшылыққа ала отырып, диалог құрастырыңдар.

Сұрақтарға жауап береді.
Диалог құрастырады.

Білу



1-тапсырма. Мысалдарды оқып, осы тыныс белгілері қойылғаннан кейін сөздер қалай айтылады? Қандай мағынаны білдіріп тұр?
Бар. Жақсы – (нүкте қойылғанда, жайбарақат дауыспен айтылады, бірақ шешімді естіледі).
Тоғжан! Япырмай, жақсы айттыңыз - ау!- (көтеріңкі көңілді білдіреді).
Бар? Жақсы?- екі ұшты мағына береді.
Бар?! Жақсы?!- түк те түсінбеген, сенбеген күйді көрсетеді.
Бар... Жақсы...- аяқталмаған, іште кеткен ой, сенімсіздік, реніш, кекесін сарынды мағынаны көруге болады.

Оқиды. Сөйлемдердің қандай мағына беріп тұрғанын айтады.

Түсіну

2-тапсырма. Сөйлемдерді мәнерлеп оқып, мағынасын түсіндіріңдер.
Үш-ақ нәрсе – адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
(Абай).
Адам баласының тамаша қасиеттері, атап айтқанда: табандылық, ерлік, қайсарлық - қазақ жауынгерінің бойынан табылады.
Содан соң қырмандағыларды тегіс жинап
(балаларды да қосып), жиналыс өткізеді.
(С. Мұратбеков).

Оқиды. Сөйлемдердің мағынасын түсіндіреді.

Қолдану

3-тапсырма. Тиісті тыныс белгілерін қойыңдар, оқыңдар, түсіндіріңдер.
Қар жауды көп жауды Онан соң ышқына ұлып долданып жер көкті астын үстіне сапырып жұлып жеп жын қаққандай құтырынып еліріп боран соқты Қарды жалап жайпап сыпырып қуыс қуысқа үсті үстіне тықпалап нығарлады кеп нығарлады кеп

Тыныс белгісін қояды. Оқиды. Түсіндіреді.

Талдау

4-тапсырма. Әр топ мәтін жазып, басқа топ оқушыларына тыныс белгілерін қоюға береді.
Оқушылар сөйлемдердің тыныс белгілерін қойып дәлелдейді.

Талдайды. Дәлелдейді.

Жинақтау

5-тапсырма. Әр топ бір-бірлеріне тыныс белгісін қойып, хат жолдайды, жауап береді. Кейін осы тыныс белгілерін қарай отырып, өзара сөйлеседі.

Хат жазады. Өзара сөйлеседі.



Бағалау

Тыныс белгісі айтылған ойды түсіну үшін керек, себебі ...

Ойларын айтады. Дәлелдейді

Рефлексия

Бүгін сабақ барысында үйрендім...

Сабақта білгенін және білгісі келетінін стикерге жазып жабыстырады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет