Тақырыбы 13
|
Ойды дәл жеткізу үшін сөйлеу тіліндегі ерекшеліктер
|
Мақсаты:
|
Көркем әдебиет стилінің ауызекі стильден айырмашылығын білу. Өзіндік жұмыс арқылы өзара талқылау жүргізу. Өз пікірлерін ашық айта алу.
|
Күтілетін нәтиже
|
Көркем әдебиет стилінің ауызекі стильден айырмашылығын біледі. Өзіндік жұмыс арқылы өзара талқылау жүргізеді. Өз пікірлерін ашық айта алады.
|
Қолданылатын әдіс-тәсілдер
|
«Ыстық орындық» әдісісұрақ-жауап,шығармашылық іздену
|
Қолданылатын ресурстар
|
Бейне көрсетілім, кеспе қағаздары, оқулық, А3 қағаз, маркер тірек сызбалар ,суреттер
|
Сабақ кезеңі
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
Ұйымдастыру кезеңі. Қызығушылықты ояту
|
Ойды дәл жеткізу дегеніміз ...
|
Ойды жалғастырады.
|
Білу
|
1-тапсырма. Тыңдалым. Мәтінді тыңдап, сұраққа жауап беріңдер. Тест тапсырмасын орындаңдар.
|
Тыңдайды. Сұраққа жауап береді. Тест тапсырмасын орындайды.
|
Түсіну
|
2-тапсырма. Әңгімені оқып, сұраулы сөйлемдер құрастырып, өзара сөйлесіңдер. Әңгіме бойынша жоспар құрып, мазмұнын әңгімелеңдер. Мыс:
- Ананы қара, аузы аңқайып кетіпті. «Жоғарғы ерні көк тіреп, төменгі ерні жер тіреп» деген осыған айтылған сияқты.
|
Оқиды. Жоспар құрастырады. Әңгімелейді.
|
Қолдану
|
3-тапсырма. Сөйлемдерді оқып, ауызекі сөйлеу стилінің түрлеріне қарай талдаңдар.
Ол кезде біз Сұлутөрдің Қосарық деген жерінде тұратынбыз.
Бұлай деп кім, қашан қойып жүргені бізге беймәлім.
Бірақ әр жерде бір тапал тамдардың арасымен ирелеңдеп ағып жататын арық бар болатын.
Неше жылдар бойына су шайып, мүжіле-мүжіле арнасының екі жиегі биіктеп, жарқабақтанып кеткен.
|
Оқиды. Талдайды. Әңгімелейді.
|
Талдау
|
4-тапсырма. Көркем әдебиет стилінің ауызекі стильден айырмашылығын, ұқсастығын мысал келтіріп, талдаңдар, дәлелдеңдер.
|
Талдайды. Түсіндіреді.
|
Жинақтау
|
Бақыт тақырыбында диалог құрастырып, өзара пікірлесу.
|
Сөйлеседі.
|
Бағалау
|
Ойды дәл жеткізу маңызды, себебі ...
|
Ойларын айтады. Дәлелдейді
|
Рефлексия
|
Бүгін сабақ барысында үйрендім...
|
Сабақта білгенін және білгісі келетінін стикерге жазып жабыстырады.
|