Тақырыбы 18
|
Лексикалық және грамматикалық синонимдер
|
Мақсаты:
|
Оқушылардың шешендік сөздер жайлы білімдерін толықтыру. Синонимдер туралы түсінік беру. Шешен кемеңгерлердің сөздерінен тәрбие алуға баулу.
|
Күтілетін нәтиже
|
Оқушылар шешендік сөздер жайлы білімдерін толықтырады; Синонимдер туралы түсінік алады. Шешен кемеңгерлердің сөздерінен тәрбие алады.
|
Қолданылатын әдіс-тәсілдер
|
Түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап
|
Қолданылатын ресурстар
|
Слайд, маркерлер, тірек сызбалар, компьютер.
|
Сабақ кезеңі
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
Ұйымдастыру кезеңі. Қызығушылық
ты ояту
|
Оқушылар синоним сөздер айтып жарысады.
|
Айтады.
|
Білу
|
1-тапсырма. «Жәнібек пен бала» мәтінін тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.
Мәтіндегі түсініксіз сөздерді түсіндіру:
Көз жазып қап – жоғалтып, тұсап қою – байлап қою (аяғын); жетектеп келеді – алып келеді; қайран қалады – таңғалады; мана – бағана.
Мәтіндегі Жиренше шешен туралы қысқаша мағлұмат беру.
|
Тыңдайды. Сұрақтарға жауап береді.
|
Түсіну
|
2-тапсырма. Мәтінді оқып, тапсырмалар орындайды, сұрақтарға жауап береді.
|
Оқиды. Тапсырмалар орындайды. Сұрақтарға жауап береді.
|
Қолдану
|
3-тапсырма. Мәтіннен төменде берілген сөздердің антонимдік сыңарын тауып жазыңдар:
елді жер – ..., көп – ..., тірі – ..., сараң – ... .
Тапсырма:
Синоним сөздерді қатыстырып, сөйлем құрастырыңдар.
Кез болады, кездеседі, жолығады;
Таңданады; қайран қалады;
Бағана, мана, бұрын;
Шырағым, қарағым, қалқам;
Іздеп жүр едім; қарап жүр едім;
Қону, түнеу, демалу;
Үлгі: Бала түйесін іздеп жүр еді.
|
Жазады. Сөйлем құрастырады.
|
Талдау
|
4-тапсырма. Мәтіндегі ойды, сөйлемдер мен сөздерді талдайды. Сол кездегі қоғам қарым-қатынасын талдайды.
Мәтінге (ассоциация жасап сөйлеседі, шығарманы салыстыра талдайды, сипаттама береді, ойларын дәлелдейді)
|
Сөздер мен сөйлемдерді талдайды.
Сұрақтарға жауап береді.
|
Жинақтау
|
Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып әңгіменің қысқаша мазмұнын жазыңдар:
Жәнібек, бала, түйе қарау, тұсап қою, тұсауы өлген, бір қой жеу, екі қой жеу, бойдақ қой, қайран қалады, Жиренше еді.
|
Жазады. Оқиды.
|
Бағалау
|
Ортада құрметті болу үшін мәдениетті, мақал-мәтелмен сөйлеп, сауатты жазып үйреніп жүрмін. Себебі ...
|
Ойын айтады. Түсіндіреді.
|
Рефлексия
|
Оқушылардан бүгінгі сабақ бойынша пікірлері сұралады.
|
Пікірлерін айтады.
|