Білім беруді дамыту орталығы 10-11-сыныптарға арналған



бет62/76
Дата12.03.2023
өлшемі1,38 Mb.
#73460
түріБағдарламасы
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   76
Байланысты:
Ауызша және жазбаша сөйлеу тілі Нурсапина С.У. (2) (1)

Тақырыбы 21

Сөйлеу тілінің мәнерлілігі

Мақсаты:

Оқушыларды көркем, мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру. Жұрт алдында сөйлеуге дайындалу. Өз ойын еркін жеткізу.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар көркем, мәнерлі сөйлеуге дағдыланады. Жұрт алдында сөйлеуге дайындалады. Өз ойын еркін жеткізеді.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Диалогтік оқыту - «Сұрақ-жауап» СТО - «Топтастыру» стратегиясы
ОүБ - топ жұмысын бағалау

Қолданылатын ресурстар

Оқулық, постер, стикер, маркер, интербелсенді тақта



Сабақ кезеңі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі. Қызығушылық
ты ояту

- Көпшілік алдында өзіңізді толғандырған мәселе жөнінде сөйлеп көрдіңіз бе?
- Қандай сезімдерді бастан кешірдіңіздер?

Ойланады. Пікірлеседі. Сұрақтарға жауап береді.

Білу



1-тапсырма. 6 қалпақ таратылады.
Тақырыбы: «ҰБТ: Бап па, бақ па?»

Ойланады. Айтады. Талдайды. Дәлелдейді.

Түсіну

2-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын әңгімелеңдер.
Даналық сөздерді айтқан, жазған данышпандар туралы әңгімелеңдер.

Оқиды. Әңгімелейді.

Қолдану

3-тапсырма. Өздеріңнің білетін даналық сөздеріңмен әңгіме жазыңдар.
Мәтіннен даналық сөздерді теріп жазып, мағынасын өз сөздеріңмен түсіндіріңдер.

Жазады. Оқиды. Түсіндіреді.

Талдау

4-тапсырма. 2 түрлі дәріс тыңдап, кесте толтыру.
Дәріс немесе жұрт алдында сөйлейтін сөздер қандай себептерге байланысты тартымсыз болуы мүмкін немесе тыңдаушыларды еліктіріп, ойына қозғау салады деп ойлайсыздар? Екі бағанға олардың себептерін бөліп жазыңдар.

Тыңдайды. Кесте толтырады.

Жинақтау

Сахналау «Жаман болады» Қ. Жәркенов
Әдемі себет ішінде қағаз қиындылары. Ойды аяқтай отырып, тәуекелге барып, ойларыңды айтыңдар.

Сахналайды. Қағаз қиындыларындағы ойды аяқтап, мағынасын түсіндіреді.

Бағалау

Зерттеген оқушылар данышпандардың өлшеусіз еңбектері туралы айтып, айтылған сөздердің құндылығын (өмір сүру ережесі) екенін айтады.

Данышпандардың өлшеусіз еңбектеріне баға береді.

Рефлексия

«Өрмек тоқу» оқушылар берілген түйдек жіпті бір-біріне ұсыну арқылы бүгінгі сабақтан алған әсерлерімен бөлісе отыра, алған білімдерін бекіте түседі. Өзіндік пікірлері мен ұсыныстарын айта алады. Оқушылардың айтылған ұсыныстарынан міндетті түрде алдағы уақытта ескеріледі

Өздерінің алған білімдерін айтады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет