Тақырыбы 22
|
Жазбаша сөйлеу тілінде стильдерді пайдалану
|
Мақсаты:
|
Оқушыларға шешендік сөздің мазмұндылығы, сөз дәлдігі, тіл тазалығы, тіл көрнектілігі жөнінде білім беру. Тіл тазалығын сақтауды насихаттау.
|
Күтілетін нәтиже
|
Оқушылар шешендік сөздің мазмұндылығы, сөз дәлдігі, тіл тазалығы, тіл көрнектілігі жөнінде білім алады. Тіл тазалығын сақтауды насихаттайды.
|
Қолданыла
тын әдіс-тәсілдер
|
Саралап деңгейлеп оқыту, іздендіру әдістері.
|
Қолданыла
тын ресурстар
|
Слайд, маркерлер, интерактивті тақта, стикерлер, смайликтер сызбалар, кесте, портрет-суреттер
|
Сабақ кезеңі
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
Ұйымдастыру кезеңі. Қызығушылықты ояту
|
Жазбаша сөйлеу тілі стилі (кластер жасау)
|
Кластер жасайды.
|
Білу
|
1-тапсырма. Мәтін тыңдап, ойын, алған әсерін дәл, мазмұнды жазу. Дәлелдеу. Сөз айшықтарын, дайын тілдік амалды пайдалану.
|
Тыңдайды. Жазады. Дәлелдейді.
|
Түсіну
|
2-тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап береді. Балалар,Қаныш Сәтбаев кім? Метафора,эпитет,мақал-мәтелдер,тұрақты сөз тіркестері дегеніміз не? ..
Мұғалім тарапынан мәтіннің авторы Қажым Жұмалиев туралы мағлұмат беріледі.
Мәтіннен фразеологизмді, мақал-мәтелдерді,эпитет,теңеулерді табулары керек.
Қаныш Сәтбаевтың сөзінің мазмұндылығын анықтау.
|
Оқиды. Сұрақтарға жауап береді.
|
Қолдану
|
2-тапсырма. Мақал-мәтелдегі сұрақтың орнына тиісті сөздерді қойыңыз, мағынасын түсіндіріңдер.
|
Жазады. Түсіндіреді.
|
Талдау
|
3-тапсырма. Мәтінді оқып, сұраққа жауап бер, тапсырмаларды орында.
1.Шешендік сөздің авторларын тап. 2.Қазіргі шешендік сөздерді түрлеріне ажырат. 3.Кестені толтыру.
4-тапсырма. Шешендік сөздермен танысып, кімнің сөздері екенін тап.
ІІ тапсырма Мәтіндермен танысып, қазіргі шешендіктің қандай түрлеріне жататындығын анықтаңыз.
|
Оқиды. Кесте толтырады.
|
Жинақтау
|
Бәсекеге төтеп беретін 30 елдің қатарына кірудің жоспарын құру.
Сұраққа жауап беру.
|
Жоспар құрастырады. Оқиды.
Сұрақтарға жауап береді.
|
Бағалау
|
Мәдениетті, мақал-мәтелмен сөйлеп, сауатты жазып үйреніп жүрмін. Себебі ...
|
Ойын айтады. Түсіндіреді.
|
Рефлексия
|
Оқушылардан бүгінгі сабақ бойынша пікірлері сұралады.
|
Пікірлерін айтады.
|