Білім беруді дамыту орталығы 10-11-сыныптарға арналған



бет65/76
Дата12.03.2023
өлшемі1,38 Mb.
#73460
түріБағдарламасы
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   76
Байланысты:
Ауызша және жазбаша сөйлеу тілі Нурсапина С.У. (2) (1)

Тақырыбы 24

Ишара, қимыл, дауыс, сөйлеу ырғағымен сөз сөйлеу тыңдармандар сезімдеріне әсер ету жолы

Мақсаты:

Сөйлеу мәнері, ырғақ, тыныстау, дикция арқылы мәнерлі сөйлеуге үйрену. Топта, рөлге еніп, сөйлеу әдебін сақтап сөйлеу. Балалардың санасына, мотивіне, сезіміне әсер етіп оны қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже

Сөйлеу мәнері, ырғақ, тыныстау, дикция арқылы мәнерлі сөйлеуге үйренеді. Топта, рөлге еніп, сөйлеу әдебін сақтап сөйлейді. Балалардың санасына, мотивіне, сезіміне әсер етіп оны қалыптастырады.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Баяндау, сұрақ-жауап

Қолданылатын ресурстар

Интерактивті тақта, кестелер

Сабақ кезеңі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі. Қызығушылық
ты ояту

Ишара, қимыл, дауыс, сөйлеу ырғағымен сөз сөйлеу не үшін керек деп ойлайсыңдар?

Сұраққа жауап береді.

Білу



1-тапсырма. Мәтінді тыңдап, сұрақтарға жауап береді.
Сөйлеушінің ым-ишара, қимыл-қозғалысын, ойды дәл, нақты жеткізудің көмекші құралы болса, екіншіден, орынсыз, артық, жөнсіз қолданылса, тыңдаушыларына кері әсер етеді.
Қорыта келгенде жұрт алдында сөйлеуде:
- дауыс ырғағына, интонациясына, дауысты сан түрлі құбылтуға;
- сөйлемнің эмоционалды бояуына;
- сөйлеу темпіне;
- дауыс күшіне;
- сөздерді орфоэпия нормасына сай қоюға;
- қимыл-қозғалыс, ым-ишараны орнымен қоя білуге назар аударылуы керек.
Қай уақытта қатты сөйлейміз? Қай уақытта ақырын, сыбырлап сөйлейміз? Мысал келтіріңдер

Тыңдайды. Сұрақтарға жауап береді.

Түсіну

Негізгі сөзді дауысты төмендете, көтеріп, тыныс алу, мағыналық, логикалық ой белгісі арқылы оқымаса, басқа адам сені түсінбейді.
2-тапсырма. Сөздердің айтылуы мен жазылуын салыстырып оқыңдар.
Мақал-мәтелдерді тез және ақырын оқыңдар.
Сұрақтарға логикалық екпінді қойып, бірнеше нұсқада жауап бер.
Сен ертең апаңды күтіп аласың ба?
Сұрақтарға жауапты дұрыс беру үшін сөйлемді дұрыс оқыңдар.
Ертең циркке кім барады?
Балалар циркке қашан барады?
Ертең балалар циркке барады ма?
Балалар ертең қайда барады?
«Ертең балалар циркке барады».

Оқиды.

Сұрақтарға жауап береді.



Қолдану

 3-тапсырма. Төмендегі сөздерді тұрақты тіркестермен ауыстырып сөйлем құрастырып жазыңдар және ишара, қимыл, дауыс, сөйлеу ырғағымен оқыңдар.
Белгілі, үндемеу, ұйықтамау, тез, ұялу, балағаттау, әдемі, ойламау, қорқу, алыс, жақын, сөзшең, таза, жас, өтірік, шын, мейірімді.

Сөйлем құрастырып жазады. Оқиды.



Талдау

4-тапсырма. 6 түрлі интонациямен (қайғыру, қуану, таң қалу, көңілсіз, ренжумен) оқыңдар.
1) - Бала, әжеге орын берші!
-Отырыңыз (көңілсіз түрде) (бұл сөз құлаққа жағымды естілді ме? Неге?
2) -Алия, не істеймін?! Менің телефонымды ешкім істей алмайтын шығар?
-Сенде енді керемет телефон болмайтын болды.(күлкілі кейіппен)
Қыздың досы үшін көңілі түсіп тұр ма?
Неге олай ойлайсыңдар?
Сценаны мағыналы түрде оқы.

Оқиды.


Сұрақтарға жауап береді.
Оқиды.

Жинақтау

Қорытынды сұрақтарға жауап береді.

Сұрақтарға жауап береді.

Бағалау

Ишара, қимыл, дауыс, сөйлеу ырғағымен сөз сөйлеуді түсіндім, енді ....

Ойларын дәлелдеп айтады.

Рефлексия

Б. Нені білдім Б. Білгім келеді Нені білдім 

Өздерінің тағы нені білгісі келетіндері туралы жазады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет