Тақырыбы 29
|
Көркем сөйлеуді ойластыру
|
Мақсаты:
|
Оқушыларды көркем, бедерлі сөйлеуге, ойларын дәл, нақты, жүйелі жеткізе білуге үйрету. Көркем сөздің өмірде қажет екенін ұғындыру.
|
Күтілетін нәтиже
|
Оқушыларды көркем, бедерлі сөйлеуге, ойларын дәл, нақты, жүйелі жеткізе білуге үйренеді. Көркем сөздің өмірде қажет екенін ұғынады.
|
Қолданылатын әдіс-тәсілдер
|
«Ойлан. Бірік. Бөліс» әдісі, талдау, ой қозғау, сұрақ - жауап
|
Қолданылатын ресурстар
|
Слайд, маркерлер, интерактивті тақта, стикерлер, смайликтер
|
Сабақ кезеңі
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
Ұйымдастыру кезеңі. Қызығушылық
ты ояту
|
Адамдар қалай көркем сөйлеп үйренеді?
Көркем сөз (кластер толтырады)
|
Сұраққа жауап береді.
|
Білу
|
1-тапсырма.Образды сөздері тап.
. …долданып құтырған Қоқыштар, Сәрсендер жуан-жуан жақсы киімді, боқтығы күшті үлкендер жиылған.
2. Сөйлемдерде қандай сөздер мол қатысқан? Қызылды-жасылды қылып сәнмен жиылған жақсы үйлерде қалың көрпе, құс жастықтарға көмілген жуан билер, күндіз-түні семізді кертіп жеп, кекірігі азғанша майға бөгіп жатқан. Бұлар, малына індет келген ауылдың иттері сияқты, жоны шығып, құйрығын сыртқа салып, көзі қызарып құтырғандай қанталап, қауып түсетін сияқты түр көрсетеді.
|
Образды сөздері табады.
Жазады. Сұраққа жауап береді.
|
Түсіну
|
3. Мәтінге әсерлілік беру үшін не айрықша құрылған?
- Қарағым, біздің хал-жағдайымыздың шет-жағасын көріп-біліп отырсың ғой, - деп, тағдырдың барлық суығына, зардабына, азабына шыдаған, шыныққан, қайратты, сабырлы синонимдік қатар пішінмен күрсініп алды. - Біз жетім-жесір қалған бейшарамыз. Барлық дүниенің тауқыметін арқалап қалған жас балам - анау. Мен болсам - сарнаған тілімнен басқа түгім қалмаған, қайратым қайтқан, бір аяғым көрде, бір аяғым жерде тұрған қураған бір кемпірмін. Екі көзін алып, құдайым мүгедек қылып койған келінім - анау. Өзіне күтуші керек қылып отырған ол - бір сорлы. (М. Әуезов)
4. Шығарма тартымды болу үшін нелер барынша көп жұмсалған?
Абай қажымай, жалықпай, ылғи ғана ынтығып тыңдайтын. (М.Әуезов)
5. Осылардың бәрі қандай амал-тәсілдерді ерекше қиюластырып қолдану арқылы берілген?
|
Жазады. Сұраққа жауап береді.
|
Қолдану
|
«Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас: қырдың суы секілді тез суалар» деген Абай сөзінің мағынасын түсіндіріп, еңбек тақырыбына көркем сөздерді пайдаланып, шағын әңгіме жаз.
|
Абайдың сөзінің мағынасын түсіндіреді. Әңгіме жазады, оқиды.
|
Талдау
|
Досына көркем сөзбен портреттік сипаттама беру.
«Менің қалам – Астана» тақырыбына постер жасау.
|
Портреттік сипаттама береді.
Постерді қорғайды.
|
Жинақтау
|
«Елордасы – Астана» тақырыбына эссе жазу.
|
Эссе жазады. Оқиды.
|
Бағалау
|
Ортада құрметті болу үшін мәдениетті, мақал-мәтелмен сөйлеп, сауатты жазып үйреніп жүрмін. Себебі ...
|
Ойын айтады. Түсіндіреді.
|
Рефлексия
|
Оқушылардан бүгінгі сабақ бойынша пікірлері сұралады.
|
Пікірлерін айтады.
|