Білім беруді дамыту орталығы 10-11-сыныптарға арналған



бет71/76
Дата12.03.2023
өлшемі1,38 Mb.
#73460
түріБағдарламасы
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76
Байланысты:
Ауызша және жазбаша сөйлеу тілі Нурсапина С.У. (2) (1)

Тақырыбы 30

Жұрттың алдында сөз сөйлеуге психологиялық дайындық

Мақсаты:

Оқушыларды жұрт алдында сенімді түрде сөз сөйлеуге дайындау. Өз бетімен дайындалып, талапқа сай баяндама жасауға үйрету.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар жұрт алдында сенімді түрде сөз сөйлей алады. Өз бетімен дайындалып, талапқа сай баяндама жасайды.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

«Ойлан. Бірік. Бөліс» әдісі, талдау, ой қозғау, сұрақ-жауап



Қолданылатын ресурстар

Слайд, маркерлер, интерактивті тақта, стикерлер, смайликтер

Сабақ кезеңі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі. Қызығушылық
ты ояту

Жұрттың алдында сөз сөйлеуге қандай дайындық керек?



Сұраққа жауап береді.

Білу



1-тапсырма. Мәтінді тыңдап, сұрақтарға жауап береді. Сөз сөйлегенде қобалжымау үшін не істеу керек екенін айтады.
Қатты ойланбау керек
Өзіне-өзі сену керек
Психологиялық дайындық керек
Көңіл-күйі мен сезімін билей алу керек

Тыңдайды. Сұрақтарға жауап береді.

Түсіну

2-тапсырма. Мәтінді оқып шығып, көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз. Өз жұбыңызды мұқият тыңдауға тырысыңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын екі сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз

Мәселені анықтайды.
Көзқарасын тұжырымдайды, дәлелдейді.

Қолдану

3-тапсырма. Берілген мәтінді сынып алдына шығып сенімді түрде және жақсы көңіл-күйде оқиды және мағынасын өз сөзімен көркем түрде жеткізеді.

Оқиды.

Талдау

4-тапсырма. Жұрттың алдында сөйлеген сөздің тартымды, тартымсыз болуының және оның себептерін жазу.
Жұрттың алдында сөйлеген сөз тартымсыз болады, егер ...
Жұрттың алдында сөйлеген сөз тыңдаушыларды еліктіріп, ойына қозғау салады, тартымды болады, егер ...

Жазады. Оқиды.

Жинақтау

5-тапсырма. Сабақты «Ойлаудың алты қалпағы» бойынша талдайды.
Ақ - сабақ мазмұны бойынша фактілерге тоқталады.
Қызыл - сабақ барысындағы өз көңіл-күйін жеткізеді.
Сары - позитивті пікір не жақсы өтті, неге?
Көк - қорытынды пікір айтады.
Қара - негативті пікір, ұнамсыз тұстарына, тапсырмаларға тоқталады.
Жасыл - сабақта алған ақпаратты қайда қолдануға болады деген сұраққа жауап іздейді.

Талдайды.

Бағалау

Ортада құрметті болу үшін мәдениетті, мақал-мәтелмен сөйлеп, сауатты жазып үйреніп жүрмін. Себебі ...

Ойын айтады. Түсіндіреді.

Рефлексия

Бүгінгі сабақтағы жұмыс бағыттары туралы «Көргендерім мен түйгендерім» тақырыбында жеке стикерлер толтырады. 

 Жазған ойларын тақтаға жабыстырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет