«Білім беруді жаңарту аясында оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау» тақырыбындағы оқыту семинары Астана қаласы



Дата11.12.2023
өлшемі0,72 Mb.
#137236
түріСеминар
Байланысты:
Тоқсандық жиынтық бағалау

«Білім беруді жаңарту аясында оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау» тақырыбындағы оқыту семинары

Астана қаласы

27-28 қаңтар 2016 жыл


«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
Тоқсандық
жиынтық бағалау

ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ

4-сабаққа шолу.

Сұрақтар мен жауаптар

Сабақтың мақсаты:

  • Тоқсандық жиынтық бағалауды ұйымдастыру мен өткізудің негізгі тәсілдерін түсіндіру
  • Тоқсандық жиынтық бағалау үшін тапсырмалар құрастыру мақсатында тест спецификациямен таныстыру

ТОҚСАНДЫҚ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ

ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ

Жиынтық бағалау – белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, триместр, оқу жылы, орта білім деңгейі), сондай-ақ оқу бағдарламаларындағы балл және баға қойылатын бөлімдер\ортақ тақырыптарды аяқтаған кезде жүргізілетін бағалаудың түрі


Тапсырма:
Сіз мұғалімсіз. Сізге әріптесіңіз хабарласып ауырып қалғанын айтты. Ол тоқсандық жиынтық бағалау өткізуге тапсырмалар құрастыруы қажет еді.
Сізден тоқсандық жиынтық бағалау құрастыруды өтінді.
Тапсырма құрастыру үшін Сізге қандай ақпараттар керек?
ТОҚСАНДЫҚ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ
ТОҚСАНДЫҚ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ
  • Тапсырмалар кімдерге арналған?
  • Тапсырмаларды орындауға қанша уақыт беріледі?
  • Тоқсандық жиынтық бағалау қалай өткізіледі?
  • Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының мазмұны қандай?
  • Қандай тапсырмалар түрлері қолданылады?
  • Тапсырмалар немесе сұрақтар үшін балдар қалай есептеледі?
  • Неше тапсырма құрастыру қажет?

Тест спецификациясы (ТС)- жиынтық бағалаудың мазмұны мен форматын көрсететін құжат.

Тест спецификациясы (ТС)- жиынтық бағалаудың мазмұны мен форматын көрсететін құжат.

Тест спецификация тапсырмаларды бағалаудың мазмұны мен форматынан, сондай-ақ, тапсырмалардың негізгі мазмұнының сипаттамасынан тұрады.

.


ТОҚСАНДЫҚ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ
Оқу бағдарламасы
Математика пәні

ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

Әр тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмалары тест спецификациясына сәйкес құрастырылады. Тест спецификация ЖБ негізгі мазмұнын көрсетеді және тапсырма құрастырудың негізі болып табылады

Әр пән және сынып бойынша тест спецификация келесі ақпараттардан тұрады:

  • Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты
  • Ойлау деңгейлеріне шолу
  • Тапсырмалардың құрылымы
  • Тапсырма мазмұнын анықтау және технологиялық матрица құру
  • 1-тоқсанның жиынтық бағалауына шолу
  • Тапсырмаларды орындаудың ұзақтығы
  • Әр жұмысқа қойылатын балл саны
  • Оқу бағдарламасының бөлімдері бойынша балдарды бөлу
  • Балдарды сұрақтардың түрлеріне қарай бөлу
  • Тапсырмалар үлгілері
  • Балл қою кестелерінің үлгілері
  • Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу ережесі
  • Балл қою және модерация.
  • ТС_Математика_2cын

ТОҚСАНДЫҚ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ
Тапсырманы құрастырушы:
  • оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарына шолу жасайды;
  • тест спецификациясына сәйкес тапсырмалар түрлерін анықтайды және құрастырады;
  • құрастырылған тапсырмалар мен балл қою кестелерін ПӨО мен ҰБА-на сараптамаға жібереді;
  • Сараптамадан кейін тапсырмалар мен балл қою кестелерін толықтырады және ПӨО жібереді.

ТОҚСАНДЫҚ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫ ӨТКІЗУ

  • Тоқсандық бағалау жұмыстарын және балдарды қою кестесін әзірлеу бір параллельдегі барлық сыныптар үшін біркелкі Тест спецификациясы негізінде жүзеге асырылады.
  • Тоқсандық жиынтық жұмыстар әр түрлі болуы мүмкін (тест, сынақтар, бақылау жұмысы және т.б.).
  • 1-сыныптарда ішкі жиынтық бағалау өткізілмейді.
  • Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу кестесі мектеп директорының бұйрығымен бекітіліп, тоқсан басында ата-аналар мен оқушылардың назарына жеткізіледі.
  • Тоқсандық жиынтық жұмыс бір параллель үшін бірдей жағдайда өткізіледі.
  • Тоқсандық жиынтық бағалауды қайтадан орындауға (көшіруге) болмайды.
  • Егер оқушы тоқсандық жиынтық бағалауға белгілі бір себептермен қатыса алмаған жағдайда (ауырып қалуы, жақын туысқанының қайтыс болуы, конференцияға, олимпиадаға және басқа да ғылыми жарыстарға қатысқан жағдайда), пән бойынша орындай алмаған тоқсандық жиынтық жұмысын мектепке келгеннен кейінгі екі апта ішінде орындауы тиіс; бұл жағдайда тоқсандық ішкі жиынтық бағалау жұмысының қосымша нұсқасы қолданылады.

Венн диаграммасы.

Венн диаграммасы.

Бөлім\ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау және

тоқсандық жиынтық бағалау арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты анықтаңыздар.


ТОҚСАНДЫҚ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ

Рефлексия

Тапсырма: тоқсандық жиынтық бағалауды мұғалім қалай өткізетінін топта талқылаңыз.

Рефлексия «Доп» Топ теңдей екі қатарға бөлінеді. Нұсқаулық: 1. Сіз қарсы беттегі бір адамды таңдап, соңғы сабақ бойынша есіңізде қалған бір сөзді айтып оған допты лақтырасыз, содан соң осы тәртіппен сөзді қайталап қарқынды жылдамдатасыз. 2. Келесі қатысушының сөзін қайталайсыз. Осылай барлық топ мүшелері өтілген материалды қайталайды. 5-сабаққа шолу.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет