Байланысты: білім берудің негізгі мақсаты ретінде жан жақты тұлғаны қалыптастыру
білім берудің негізгі мақсаты ретінде жан жақты және үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру
Жеке тұлға қабілетін дамытуда жаңаша білім берудің ықпалы.
Кейс стади арқылы түсіндіру
Орындаған: Аманкелді Айзада
1602-11
Адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуын оның өзінің мінез-құлқы жағынан белсенді әрекетіне және әр түрлі әсерленуіне қарамастан, саяси-экономикалық, идеологиялық, адамгершілік-эстетикалық, діни т.б. қоғамдық қатынастардың бірлігінде қарастыру керек.
К. Маркс
Доказательства, поддерживающие эту цитату, или объяснение ее важности.
Case study
Кейс әдісі нақты жағдайлар тұрғысынан академиялық теорияларды көрсетуге мүмкіндік береді. Ол студенттерді пәнді оқуға, білімді терең меңгеруге, ақпаратты өңдеуге және талдауға, әр түрлі жағдайларды саралауға мүмкіндік береді.
Кейс-әдісте қолданылатын негізгі ұғымдар «жағдай» және «анализ», сонымен қоса олардан туатын – «жағдайды талдау» ұғымдары болып табылады.
Анализ түрлері
Проблемалық анализ.
Проблемаларды атап көрсету, проблемалық өріс қалыптастыру
Жүйелі анализ.
Құрылымымен және функцияларымен сипатталатын кейбір жүйелер сияқты объектіні жүйелік жол жағынан қарастыру.
[ГОД]
Действие
Праксеологиялық анализ.
Қызметтік процесстерді оптимизациялау көзқарысына байланысты қарастыру.
Прогностикалық анализ.
Жағдайдың болашақ дамуына қатысты болжауды қалыптастыру.
Проблемалық анализ.
Қазіргі білім берудің негізгі проблемасы. Жан жақты тұлғаны қалай қалыптарса болады?
Білім беру жүйесі
Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау.
Баланы оқытудағы мақсат
Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты – жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру болса, оқытудағы негізгі мақсат - өздігінен дамуға ұмтылатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Жеке тұлғаның дамуында маңызды роль атқаратын оқушының өз бетінше жұмысын тиімді ұйымдастыра білу; сол арқылы материалды саналы меңгертудің жүйесін жасау; оқушының түрлі дара қабілеттерін арттыру.
Жүйелі анализ.
Жан жақты тұлғаны қалыптастырудағы мұғалімнің функциялары. Сабақ өту жүйесі.
Дамыған тұлға қалыптасу үшін не істеуге болады?
Өзіндік жұмыстың негізгі мақсаты оқушылардың танымдық міндеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын жетілдіру, білімге қүштарлығын ояту. Әр сабақта әдіс - тісілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс - пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызу керек.
Әдіс – тәсілдер арқылы өткізген әрбір сабақ оқушылардың ойлануына және қиялына негізделіп келеді, баланың тереңде жатқан ойын дамытып оларды сөйлетуге үйретеді. Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы қабілеті әртүрлі балардың ортасынан қабілеті жоғары баланы іздеп, онымен жұмыс жасау, оны жан - жақты тануды ойлап, оқушылардың шығармашылық деңгейін бақылап отыру керек.
Праксеологиялық анализ.
Мұғалім мен оқушының қызметтік міндеттері
Қазіргі мұғалімнің қасиеттері:
Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын;
Педагогикалық өзгерістерге тез төселетін;
Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;
Оқушылармен ортақ тіл табыса алатын;
Білімді, іскер, шебер болу керек;
Қазіргі оқушының қасиеттері:
Дүниетаным қабілеті жоғары;
Дарынды, өнерпаз;
Іздемпаз, талапты:
Өз алдына мақсат қоя білу керек.
Прогностикалық анализ.
Болашаққа қатысты болжаулар
Прогресс барлық жерде керек!
Жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық , зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.
Бұл білім беру жаңаша ұйымдастыру - оның философиялық , психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді. Себебі, соңғы жүз жылдықты алып қарайтын болсақ, көлік дамыды, техника дамыды, үй жылыту технологиясы, бәрі де өзгерді, тек білім беру жүйесінде ғана айтарлықтай өзгерңс болмады. Бірақ жаңа технологияны қолдану біраз алға жылжуға алып келді. Сонда да ұйымдастыру құрылымы өзгеру керек деп санаймын. Себебі партада отырып, белгілі ережеге бағыну, еркін емес, бұйрыққа бағынуға үйренген роботтарды ғана жасап шығарады.
Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын оқушы, ата-ана, мұғалім болып меңгеру үшін ізденіп, аянбай еңбек ету керек деп білемін.