Білім бөлімі: Құрастыру Тақырыбы: Біздің қаладағы көше Мақсаты: Білімділік



бет2/3
Дата06.01.2022
өлшемі22,61 Kb.
#16157
1   2   3
Байланысты:
бейленелеу құрастыру

Ұйымдастырушылық ізденістік

Осы жұмбақтардың шешуін құрылыс тұрғызуда қолдануға болады, құрылысшылар бұлардың бәрін күнде көріп жүр.

Құрылысшы кім?



Ғажайып сәт:

-Балалар,біреу қонаққа келген сияқты,қане көрейікші!

Топқа құрылысшы келеді.

-Сәлеметсіңдер ме,балалар!

-Мен жай келген жоқпын,өзіммен мына суреттерді алып келдім.Балаларға қала көшелері туралы үлгі суретті көрсетеді. Көшелердің ерекшелігіне,ағаштардың қалай орналасқанына, көліктер жүретін жолдарға, адамдар жүретін жолдарға балалардың назарын аударады. Қала көшелерін құрастыру үшін қандай құрылыс материалдарын пайдалануға болатынын көрсетеді.

Бүгін, сендер, құрылысшы болып, өз қаламызға жаңа көше тұрғызасыңдар. Оны қалай атасақ екен?Жақсы. Біздің көшеміздің орны мынау болсын (жұмыс істелетін жерді көрсетеді).

Бірақ естеріңде болсын, біздің көшенің сәнді болу сендердің тиянақты еңбектеріне байланысты.

Алдымен көшені шетінен бастап, бір және көп қабатты үйлерді құрастырып, олардың арасына ағаштарды орналастырамыз.

Енді адамдар жүретін жолды - кірпіштерді көлденең қою арқылы ұзын жол жасап аламыз.

Ортасынан ашық көлік жүретін жер қалдырып, жолдың екінші жақ бөлігіндегі адамдар жүретін жолды «тротуар» жасау үшін кірпіштерді көлденең қойып тіземіз.

Бұдан кейін қайтадан үйлерді, ағаштарды, шөптерді үлгіге қарай отырып орналастырайық.

Ұсақ ойыншық машиналарды көлік жүретін бөліктерге, «адамдарды» адамдар жүретін жолдарға орналастырса қала көшесі дайын болатынын көрсете отырып түсіндіреді.

Көшеде жүргенде жол ережесін сақтау керектігін түсіндіріп өтеді.

Кейбір балаларға жеке нұсқаулар беріледі, жеке көмек көрсетіледі.



Сергіту сәті : 

Біз кішкентай баламыз,

Өсіп — өніп толамыз.

Көкке қарап талпынып,

Күнге қолды созамыз.

Қанат қағып ұшамыз.

Қарлығаштай қалықтап,

Бір отырып, бір тұрып,

Жаттығулар жасаймыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет