Білім-ғылым қай заманда болмасын қоғамның ілгері жүруіне немесе кейін қалуына тікелей әсер ететін маңызды фактор. Бұл тарихи шындық, аксиома



Дата25.11.2023
өлшемі17,05 Kb.
#127662

Білім-ғылым қай заманда болмасын қоғамның ілгері жүруіне немесе кейін қалуына тікелей әсер ететін маңызды фактор. Бұл тарихи шындық, аксиома. Ал қазақ халқы Ресей империясының боданы болғанынан бастап өзінің ғасырлар бойы қалыптасқан, елдігінің тұғыры болған тілінен, дінінен, ділінен, салт-дәстүр мен мәдениетінен айрыла бастады. Империялық амбиция импульстері қазақ халқына ауыр тиді, содан кейін билікті қолған алған кеңестік басшылық та осы жолды ары қарай жалғастыра түсті. Ресейге бағынышты болған барлық түркі халықтары үшін бұл ортақ тарихи сипат болды. Сондықтан да барлық түркі халықтары біріксе ғана егемендікке қол жеткізіп, тәуелсіздігін алуы мүмкін еді.
Жәдидшілдік (арабтың усул и жәдид— жаңа әдіс) , “жаңа әдiс” – мұсылман мектебiнде оқу жүйесiнде бұрыннан бар “усул-и-қадим” – “ескi әдiске” балама жол. — 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында Ресей империясындағы түркі тілдес мұсылман халықтары арасында өріс алған қоғамдық-саяси және мәдени-ағартушылық қозғалыс. Алғаш 19 ғасырдың 80-жылдарында Қырым, Еділ бойы татарларының арасында қалыптасты. Кейіннен Жәдидшілдік Орталық Азиядағы барлық дерлік түркі халықтары (қазақ, қырғыз, өзбек, т.б.) арасында жалғасын тауып, өрістей түсті.
Бұл ағымның басты санагерi (идеологы) – қырым татарларының ағартушысы, ғалымы, дін реформаторы Исмаил Гаспринский Жәдидшілдіктің ірі өкілдері қатарында Ш.Маржани, А.Ибрагимов, М.Абдурашидханов, М.Бехбуди, А.Фитрат, Ф.Ходжаев, т.б. болды.
Жәдидшілдік тек таза діни немесе дүниауи бағыт қана емес, білім жүйесін, қоғамдық-философиялық ой-сананы, этикалық нормаларды қамтыған синтетикалық ағым болды. Мұсылмандық хадими (ескіше) мектептердегі ғасырлар бойы өзгеріссіз сақталып келген оқу-тәрбие жұмыстарының жүйесін жаңа заман талабына сәйкестендіріп, қайта құруды ұсынған ілгерішіл бағыт ұстанды Мектеп-медреселердегі өз беделдерінен айырылып қалғысы келмеген кейбір дін иелері Жәдидшілдікті шариғатқа қарсы әрекет ретінде бағалады. Жәдидшілдікке патша өкіметі тарапынан да қысым көрсетілді. Жәдид мектептері оқушыларының басым көпшілігі Қазан, Орынбор, Уфа қалаларында білім-тәрбие алған татар, башқұрт және қазақ жастары болды. Олардың арасында Стамбұл, Мысыр, Бағдат оқу орындарының түлектері де кездесетін. Патша өкіметі оларға өзінің Орталық Азия мен Қазақстандағы отаршылдық саясатына зиянын тигізетін саяси сенімсіз адамдар ретінде қарады. 19 ғасырдың соңында Ресей мұсылмандары хадимшілдер және жәдидшілдер болып, іс жүзінде бір-біріне қарсы екі топқа бөлінді. Хадими бағытты қолдаушылар “Сират әл-мустақим” (“Тура жол”) атты партия құрып, 1907 жылы Орынбор қаласындағы баспахана иесі, бай Ұ.Хұсайыновтың қаржысына “Дін уа мағишат” (Дін және өмір”) деген журнал шығарды. Бұл журнал Гаспралы басшылық еткен, Бақшасарайда (Қырым) 1883 жылдан бастап шығып отырған “Тәржіман” газетінің Жәдидшілдік көзқарасына қарсы күрес жүргізді. Жәдидшілдік бағыт пен хадимшілдер арасындағы тартысты патша өкіметі әдейі қоздырып, біріне-бірін өшіктіріп, айдап салып отырды. Мұндай кедергілерге қарамастан, Жәдидшілдік қозғалысы екпін алып, жер-жерлерде аталмыш бағыттағы мектеп-медреселер ашыла бастады. Мұндай оқу орындарында жаратылыстану пәндеріне, түркі халықтарының төл тарихы мен әдебиетіне ерекше көңіл бөлінді. Уфадағы “Ғалия”, Орынбордағы “Хусайния”, Қазандағы “Мұхаммедия”, Қырғызстандағы “Шабдания” секілді мектеп-медреселер Жәдидшілдіктің ірі ошақтарына айналды. 1913 жылы бүкіл Түркістан өлкесінде Жәдидшілдік бағыттағы 92 мектеп-медреселер қызмет етті. Қазақстандағы Жәдидшілдік бағыттағы мектептердің ең ірілерінің бірі — “Мамания” мектебі болды.[2]
1905-1912 жылдар аралығында Түркiстан өлкесi бойынша жәдидтiк қозғалыстың ықпал етуiмен 57 жаңа тұрпатты мектептер ашылды. Олар: Ташкентте – 12, Түркiстан қаласында – 2, Жетiсу облысында – 17, Қоқан уезiнде – 13, Әндiжан уезiнде – 3, Перовск уезiнде – 1, Самарқанд қаласында – 2, Бұқара қаласында – 5 мектеп болған.Бұл жаңа әдiстiң тез әрi кең тарағаны соншалық 1916 жылға қарай Ресей империясының Орталық Едiл бойы, Кавказ, Түркiстан және қазақ даласы сияқты мұсылмандар тұратын аймақтарында барлығы бес мыңнан астам оқу iсiн жәдидтiк негiзде құрған мектептер жұмыс iстедi.
Қазақ жерiнде Түркiстандағы жәдидтiк қозғалысқа белсене атсалысқандар Мұхаммед Сәлiм Қашимов пен Әбубәкiр Кердерiлер болды. Бұларға С.Ланин, М.Сералин, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ғ.Қарашев сынды ақын-жазушылар, алғыр ой иелерi бiрден үн қосып, “Қазақ” газетi мен “Айқап” журналы беттерiнде мәселенi кеңiрек насихаттайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет