Білім, ғылым, техника және технологиялар



бет2/10
Дата18.03.2022
өлшемі194,77 Kb.
#28426
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Ғылыми танымның эмпириялық деңгейінде кең қолданылатын ең қарапайым әдіс-бақылау деп аталады. Оның мәні-зерттеу обьектісін белгілі бір мерзім аралығында нысаналы ұйымдасқан түрде бақылай отырып, ондағы өзгерістерді жіті қадағалау. Сол негізде тиісті ғылыми қорытындылар жасалады.  Келесі әдіс-эксперимент-ғылыми тәжірибе деп аталады. Оның ерекшелігі-зерттеліп жатқан обьектіге адамның, зерттеушінің тікелей әсер етіп, ондағы процестерге араласуы. Зерттеуші обьектіні әр түрлі кездейсоқ жағдайлардан оқшаулап алып, бөліп қарауы мүмкін. Қажет болған жағдайда экспериментті бірнеше рет қайталауға да болады.

  • Ғылыми танымның эмпириялық деңгейінде кең қолданылатын ең қарапайым әдіс-бақылау деп аталады. Оның мәні-зерттеу обьектісін белгілі бір мерзім аралығында нысаналы ұйымдасқан түрде бақылай отырып, ондағы өзгерістерді жіті қадағалау. Сол негізде тиісті ғылыми қорытындылар жасалады.  Келесі әдіс-эксперимент-ғылыми тәжірибе деп аталады. Оның ерекшелігі-зерттеліп жатқан обьектіге адамның, зерттеушінің тікелей әсер етіп, ондағы процестерге араласуы. Зерттеуші обьектіні әр түрлі кездейсоқ жағдайлардан оқшаулап алып, бөліп қарауы мүмкін. Қажет болған жағдайда экспериментті бірнеше рет қайталауға да болады.
  •             Осы заманғы кең пайдаланылатын әдістердің бірі-модельдеу. Модельдеу дегеніміз-эксперименттің бір түрі, бірақ мұнда обьектінің өзі емес, оның орнын басатын модель зерттеледі. Модель латын тілінен аударғанда үлгі деген ұғымды білдіреді. Модель-зерттелетін обьектімен ұқсастық қатынаста болатын, таным процесінде оның орнына пайдаланылатын, нақты өмір сүретін, немесе ойша алынатын жүйе, құбылыс. Жұртшылыққа ежелден белгілі көз таныс модельдерден географиялық картаны, глобусты, химиядағы құрылыстық формулаларды атауға болады.
  • Ғылыми таным процесінде анализ-талдау мен саралау, синтез-қиыстыру, біріктіру әдістері үлкен рөл атқарады. Зерттелуге тиіс обьектіні ойша түрлі құрамдас бөліктер мен жақтарға бөліп қарастыруды, сол негізде оның түрлі қасиеттерін, ішкі байланыстарын анықтау әдісін анализ деп атайды. Мысалы, адам ағашты зерттеп білу үшін оның тамырын, діңін, бұтақтары мен жапырақтарын, түрін, сыртқы сипатын т.б. ойша жіктеп қарайды. Таным процесі анализбен шектелмейді. Обьектінің әр құрамдас бқлігін жіктеп қарап, зерттеп алғаннан кейін бастапқы тұтастыққа қайта көшу керек. Бұл синтез әдісі арқыл іске асырылады. Анализ бен синтез-адамның күнделікті практикалық іс-әрекеті негізінде өмірге келген әдістер.
  •             Фактілерді анализ жасап талдағаннан соң теориялық синтездеуге біріктіруге көшу индукциялық әдіс арқылы жүзеге асырылады. Жекелеген тұжырымдар негізінде жлпы қорытынды жасауды индукция әдісі деп атайды. Бұған керісінше, нәтижеден кері қарай жеке-жеке тұжырымға келуді дедукция деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет