Әмір, мен осы сөзің дәлелді бола түсу үшін мына жыр шумақтарын қосайын.
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы –
деп ақын жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі–ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?! Олай болса, «Қызмет қылсаң халқыңа, игі ат қалар артында» -деп қазақтың кемеңгер ақыны Сәбит Дөнентаев айтқандай бүгінгі студиямыздың құрметті қонақтары қол соғып, қошеметпен студиямыздың төріне шақырамыз!
(қол шапалақтап, құрмет көрсету)
Мағжан:
Шакура апай, Ұлдан апай, Сара апай қалдарыңыз қалай? Сіздер шәкірттердің шуақ шашқан күніндей ардақты жан, мұғалім атты қиындығы мен қызығы қатар жүретін мамандықты таңдағаннан бастап, сан мыңдаған жас ұрпақтың болашақ пен жалғастырар алтын көпіріне айналған ардагер ұстаздарсыздар.
__________ апай, айтыңызшы, ұстаздық өмірге қалай келдіңіз? Жүрек қалауымен бе, әлде осы мамандықты таңдауға себепші оқиға немесе бір жағдай болды ма?
( апайдың жауабы) Ал, алғашқы ұстазыңыз есіңізде ме?
Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі қажет?
Сара апай, менің ғана емес, мына көрермендердің де көкейінде тұрған сұрақ шығар: ұстаз мамандығын не себепті таңдадыңыз? (Сара апайдың жауабы)
Мамандық адамның қабілетіне, бейімділігіне байланысты ма?
Ал, енді____________ апай сізге сұрақ: еңбек еткен жылдары есіңізде қалған қызық оқиғалар болса. (Ұлдан апайдың жауабы)
Балаларыңыздың ішінде ерекшелейтініңіз болды ма?
Қазіргі жастар қандай?
Мағжан: - Қазақта жақсы сөз бар, «Әзілің жарасса атаңмен ойна» деген, ендеше ұстаздарымызбен ойын ойнасақ. (Көрермендер қол шапалақтап, қолдайды) Қазір әр түрлі ойындар ғылымының докторы Әмір сіздермен бір ойын ұйымдастырмақшы.
Әмір: - Сіздерге шар беремін, шардың ішінде қағазға жазылған сұрақ бар, сол шарды жарып ішінен сұрақты алып жауап берулеріңіз керек.
Ал, кәнекей, таңдаңыздар. (қонақтарға шарлар ұсынады) 1. Домбырада – жетеу, сырнайда – алтау, қобызда бесеу. Бұл не? /әріп/
2. Бұл санда қанша әріп бар болса, сонша сан бар. Ол қай сан? /Жүз, төрт/
3. Жел соққанда тау ық бола ма? /Ық болады/
4. Теңізде қандай тас болмайды? /Құрғақ/
5. Ертістің ортасында не бар? /Т әріпі/
6. Өзі судан шығады, бірақ судан қорқады. Бұл не? /Тұз/
7. Қай кезде қызылға тоқтамай, жасылға тоқтайсыз? /Қарбыз жегенде/
Әмір: - Келесі бөлім «Еркін микрафон» деп аталады. Құрметті достар, қонақтарымызға сұрақтар қойсаңыздар болады. Қане, кімде сұрақ бар?
1. «Ұстаз болу жүректің батырлығы» дейді, осы ұстаздық қызметті таңдауда батырлықпен қандай қасиет адам бойынан табылу керек деп ойлайсыз?
2. Кешегі өзіңіз еңбек еткен мектебіңізден қандай өзгерістерді байқадыңыз?
3. Алғашқы шәкірттеріңіз нешеде?
4. Шәкіртіңіздің күлкілі қылығы есіңізде ме? Қандай қылығы болып еді?
5. Ұстаз болудың қиындығы мен қызығы.
6. Өнерге деген көзқарасыңыз қандай? Бір ән айтып немесе би билеп берсеңіз.