6-тарау. Білім беру платформалары мен электронды ресурстарды қолдану
45. ЖЖОКБҰ-ға пайдаланушылар арасында кең таралған және қашықтықтан оқытуды қолдайтын мультитілдік интерфейсі болатын оқыту процесін қолдауға бағытталған білім беру платформаларын және электронды ресурстарды қолдану ұсынылады.
46. LMS түрлі форматтағы электронды оқу материалын орналастыруға, оқу материалына қолжетімділікті ұйымдастыруға және беруге, материалдарды меңгеру және тапсырмаларды орындау барысын бақылауды жүзеге асыруға, желілік байланыс құралдарымен оқу процесінің қатысушыларының өзара әрекетін ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Оқу контентіне қойылатын талаптарды (контент сапасын бағалау өлшемшарттары, еңбек шығындарын анықтау өлшемшарттары, құрылымға және ресімдеуге қойылатын талаптар) ресми бекіту және ЖЖОКБҰ-ның сайтында немесе ақпараттық жүйеде жариялау ұсынылады.
47. ЖЖОКБҰ білім алушыларға дәріс материалдарынан, семинар/практикалық және / немесе зертхана тапсырмаларынан, өзіндік жұмыс тапсырмаларынан тұратын оқу материалдарына еркін қолжетімділікті қамтамасыз ету арқылы оқу материалдарын LMS-ке орналастырады.
LMS-ке қосымша электронды оқу басылымдары, презентациялар, бейнедәрістер, бейнеороликтер, аудиожазбалар, анимациялар, суреттер, сызбалар, нобайлар, фотографиялар, электронды ресурстарға сілтемелер орналасуы мүмкін.
48. КАОК платформасы білім алушылар мен оқытушылар арасында өзара әрекетті, сонымен бірге жедел тестілер мен тапсырмалар түрінде тікелей кері байланысты қолдайтын әлемеуметтік желілердегі пікірталастармен немесе пайдалану форумдарымен интерактивті материалдарды ұсынады.
49. ЖЖОКБҰ-на ресурстарды қашықтағы курстарды және КАОК әзірлеу, электронды ресурстарды ұйымдастыру үшін ЖОО аралық келісімдерді, сонымен бірге КАОК платформасымен пайдаланушылық келісімін жасау кезінде бірлесіп қолдану ұсынылады. ЖЖОКБҰ КАОК платформаларын оқу процесінде бірнеше тәсілдермен қолдана алады:
КАОК материалдарының оқытылатын оқу пәнінің силлабусына ішінара сәйкестігі жағдайында, КАОК материалдарын оқытушының басшылығымен оқу процесінде қолдануға болады;
КАОК материалдары мазмұнының оқытылатын пәндер силлабусына толық сәйкестігі жағдайында, білім алушылардың КАОК платформасының курсын сәтті өтуі туралы сертификат негізінде академиялық кредиттердің қайта сынағы ықтимал;
КАОК оқыту нәтижелерінің ЖЖОКБҰ-ның пәндерін оқыту нәтижелеріне сәйкестігі жағдайында, білім алушылардың КАОК платформасының курсын сәтті өтуі туралы сертификат негізінде академиялық кредиттердің қайта сынағы ықтимал;
КАОК оқыту нәтижелерінің білім беру бағдарламаларын оқыту нәтижелеріне сәйкестігі жағдайында, білім алушылардың КАОК платформасының курсын сәтті өтуі туралы сертификат негізінде академиялық кредиттердің қайта сынағы ықтимал.
50. ЖЖОКБҰ шынайы уақытта бейнебайланысты қолдайтын бірлескен жұмыс платформаларын синхронды режимде онлайн сабақтар өткізу үшін қолданады. ЖЖОКБҰ оқу сабақтары басталғанға дейін оқытушылар мен білім алушылар үшін платформаны қолдану бойынша оқу ұйымдастырады.
51. ЖЖОКБҰ-на түрлі интерактивті контенті құру мақсатымен интерактивті суреттерді, бейне және мультимедиа ресурстарын жасау, контентті, бейнедәрістерді визуалдау, білім алушылардың білімін интерактивті бағалау бойынша құралдарды қолдану ұсынылады.
52. Прокторинг – бұл емтихан тапсыратын тұлғаны тексеру мақсатымен онлайн емтиханды (аттестаттауды) қадағалау және бақылау рәсімі.
ЖЖОКБҰ емтиханды физикалық проктор көмегімен, прокторинг жүйесі арқылы автоматты түрде және физикалық проктор көмегімен асинхронды не прокторинг жүйесі арқылы жүзеге асыра алады.
Сонымен бірге, ЖЖОКБҰ-ның прокторинг жүйесінің авторлық әзірленімін қолдануға болады.