Білім және ғылым министрінің



бет2/2
Дата17.04.2023
өлшемі76,36 Kb.
#83519
1   2
Байланысты:
221 приложение 32 каз

Оқу пәнінің мазмұны 10-сыныпта 4 бөлімнен тұрады:
1) «Экономикалық құбылыс ретіндегі кәсіпкерлік»;
2) «Заманауи жағдайлардағы кәсіпкерлік»;
3) «Әрекеттегі маркетинг»;
4) «Ойлау дизайны».
8. «Экономикалық құбылыс ретіндегі кәсіпкерлік» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) «Кәсіпкерлікке кіріспе»;
2) «Қазақстан экономикасына тарихи экскурс»;
3) «Кәсіпкерлік тәсілдеме: бастамашылдық және даму мен жаңашылдыққа үздіксіз ұмтылу»;
4) «Өндіріс үрдісіне қатысатын ресурстар»;
5) «Нарықтың қызмет ету механизмі»;
6) «Нарықтық тепе-теңдік».
9. «Заманауи жағдайлардағы кәсіпкерлік» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) «Бизнес неден басталады?»;
2) «Кәсіпкерлік қызмет түрлері, кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық-құқықтық формалары»;
3) «Стартап мәдениет»;
4) «Кәсіпкерліктегі инновациялар мен трендтер (әлемдік, аймақтық және жастардың)»;
5) «Қазіргі жағдайдағы бәсекенің дамуы»;
6) «Баға белгілеу - экономикалық категория ретінде баға қызметі мен мәні»;
10. «Әрекеттегі маркетинг» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) «Маркетингіге кіріспе»;
2) «Маркетинг-микс»;
3) «Кабинеттік және далалық зерттеулер»;
4) «SWOT талдау»;
5) «Мақсатты аудитория, сегменттеу»;
6) «Бренд»
7) «Маркетингілік коммуникациялар»;
8) «Онлайн маркетингілік коммуникациялар».
11. «Ойлау дизайны» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) «Ойлау дизайнына кіріспе»;
2) «Эмпатия»;
3) «Талдау және синтез»;
4) «Идея ойлап табу»;
5) «Прототип жасау»;
6) «Тестілеу»;
7) «Сторителлинг».
12. Оқу пәнінің мазмұны 11-сыныпта 4 бөлімнен тұрады:
1) «Стартап акселератор (1)»;
2) «Стартап акселератор (2)»;
3) «Кәсіпкердің өзін-өзі алға жылжытуы»;
4) «Даму стратегиясы».
13. «Стартап акселератор (1)» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) «Питчинг»;
2) «Команда құру және кәсіпкерлік қызметтегі командалар рөлі»;
3) «Канва бизнес-моделі, маңызды құндылықтарды анықтау. Бизнес-жоспар құрылымы»;
4) «Стартап-жобалардағы маркетинг»;
5) «Стартап-жобалардағы коммуникация арналары;
6) «Тұтынушылық және сатыпалушылық бейілділік»;
7) «Стартаптардағы пайда арналары».
14. «Стартап акселератор (2)» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) «Бизнес ресурстар және ресурстарды басқару»;
2) «Кәсіпкерлік қызметтегі серіктестік»;
3) «Бизнестегі маңызды қызмет»;
4) «Кәсіпкерлік қызметтегі салықтар»;
5) «Шығындар құрылымы»;
6) «Жобаның аяқталуы және оның нәтижелерін талдау – бизнес-жобалардың питчингі».
15. «Кәсіпкердің өзін-өзі алға жылжытуы» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) «Жеке адамның активтері мен пассивтері»;
2) «Жинақтаулар, кредиттер және депозиттер»;
3) «Дүниежүзілік ақша бірліктері, электронды ақшалар»;
4) «Қор нарығы»;
5) «Жеке бюджетті басқару»;
6) «Өзін-өзі алға жылжыту»;
7) «Түйіндеме және түйіндеме құру тәжірибесі»;
8) «Нетворкинг (кәсіби жүйелер)»;
9) «Кәсіпкердің іскерлік қарым-қатынасы - келіссөздер мен келіссөздер жүргізу тәжірибелері»;
10) «Эмоционалдық интеллект»;
11) «Тайм-менеджмент».
16. «Даму стратегиясы» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) «Бизнес ауқымын кеңейту – нарық дамуын болжау»;
2) «Бизнес дамуының тәсілдері мен түрлері»;
3) «Сапаны басқару»;
4) «Халықаралық бизнес»;
5) «Тұтынушының құқығын қорғау»;
6) «Кәсіпкердің құқығын қорғау, бизнесті қолдау институттары»;
7) «Кәсіпкерлердің жауапкершілігі (экономикалық, әлеуметтік, заңды, экологиялық, этикалық)»;
8) «Мақсаттарды қоя білу»;
9) «Өзіндік өмір стратегиясы».
17. «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық білім мазмұны:
1) «Кәсіпкерлікке кіріспе». XXI ғасырдың қажетті дағдысы болып табылатын, ерекше ой тәсілі ретінде кәсіпкерлік туралы түсінік. Кәсіпкерлік ой дамуының тәсілдері. Экономикадағы және заманауи әлем дамуындағы кәсіпкерлер маңызы. Кәсіпкерлік призмасы арқылы оқушылардың өз көзқарасы мен мақсаттарын салыстыру. Кәсіпкер мен бизнесмен арасындағы айырмашылықты түсіну. Жас кәсіпкерлердің рөлін түсіну мен олардың қоғамдағы оң имиджін қалыптастыру. Нақты кәсіпкерлердің мысалдары мен тарихы. Қазақстан экономикасына тарихи экскурс. Экономика не зерттейтінін түсіну, микроэкономика мен макроэкономика арасындағы айырмашылық. Экономикалық түсініктермен, өндіріс үрдісінің ресурстары мен факторлары, нарықтың қызмет ету механизмі, сұраныс пен ұсыныс заңымен, нарықтық тепе-теңдікпен және терминологиялармен танысу. Кәсіпкерлік идеялар көздері (нарық мұқтаждықтары, хобби және т.с.с.). Тоқсандықтың оқу үдерісінің құрылымы: 1. Теориялық оқыту сабағы; 2. Теориялық білімді бекіту үшін офлайн-ойын, ойын дебрифингі; 3. Бизнес-кейстермен жұмыс жасау – өткен материалдар бойынша Қазақстан мен әлемнің нақты кәсіпкерлерінің сәттіліктері, сәтсіздіктері, қиындықтары мен шешімдерін көрсету.
2) «Заманауи жағдайлардағы кәсіпкерлік». Кәсіпкерліктің экономикалық негіздері мен кәсіпкерлік қызмет түрлері. Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуындағы географиялық-аймақтық ерекшеліктерін, стартап және инновацияларды түсінеді. Баға бойынша және бағалық емес, жетілген және жетілмеген бәсекелестік түсінігі. Баға белгілеу - экономикалық категория ретінде баға қызметі мен мәні. «Көк мұхит» және «қызыл мұхит» стратегияларымен танысу. Әрекеттегі қазақстандық және әлемдік компаниялардың бизнес-кейстерінің мысалдары. Оқушылар арасында бақталастық сезімін құру мен бәсекелестік қағидаларын ұғыну.
Виртуалды кәсіпорынды құру үшін алынған білімдерді, топтық жұмыс-ойындар аясында, тәжірибеде қолдану. Тоқсандықтың оқу үдерісінің құрылымы: 1. Теориялық оқыту сабағы; 2. Ойын түрінде топтарда тәжірибелік жұмыс жасау.
3) «Әрекеттегі маркетинг». Нарықта отандық өндірушілердің нақты өнімдерін жылжыту бағдарламаларын құру призмалары тұрғысынан маркетингті оқыту. Топтарға бөлу, FMCG нарығында жұмыс жасайтын Қазақстанның нақты компаниясын таңдау. Әр команданың міндеті – облыс нарығында ұсынылған нақты өнімді жылжытудың маркетингілік стратегиясын жасау (мақсатты аудиторияны, ұранын, неймингін, коммуникацияның офлайн- және онлайн-каналдарын анықтау, жарнамалық өнімнің сыртқы түрін жасау мен әлеуметтік желілерде позициялау).
Тоқсандықтың оқу үдерісінің құрылымы: 1. Теориялық оқыту сабағы; 2. Өнімді жылжытудың маркетингілік стратегиясын жасауда алынған білімді қолдану бойынша топтарда тәжірибелік жұмыс.
4) «Ойлау дизайны». Ойлау дизайны әдістемесінің кезеңдерін қолдана отырып практикалық тапсырмалар арқылы клиенттерге бағытталған шешімдерді құру. «Эмпатия» кезеңінің аясында оқушылар мәселелік жайттарға тереңірек енеді. Адам (пайдаланушы), оның физикалық және эмоционалдық қажеттіліктері, жүріс-тұрысы, ойлары зерттеудің маңызды обьектісі болып табылады. Топтық жұмыс аясында олар сұрақтар қояды, тыңдайды және бақылайды. Келесі «Талдау және синтез» кезеңінде оқушылар жиналған ақпаратты талдайды, жүйелейді және түсіндіреді – барлық тыңдалынған және көрген ақпаратты нақты, маңызды мәселеге айналдырады. Осы кезеңде оқушылар аналитикалық ойлау дағдыларымен танысады, маңыздысын ажыратуға, ойлап табылған нәрселерді құрастыру және нақты міндеттерге айналдыруға үйренеді. «Идеяларды ойлап табу» кезеңінде оқушылар команданың басқа қатысушыларының идеяларымен өзінің идеяларын ойлап табу мен дамыту үшін оң әсер ету тәсілдерін меңгере отырып ми шабуылының қағидаларымен танысады. «Прототип жасау» және «Тестілеу» кезеңдерінде таңдалынған идеяларды болашақта іске асыруда кері байланысты алу үшін қолданылады.
Тоқсандықтың оқу үдерісінің құрылымы: 1. Теориялық оқыту сабағы; 2. Адамға бағытталған инновациялық шешімдерді жобалауда алынған білімдерді қолдану бойынша топтарда тәжірибелік жұмыс.
18. «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәнінің 11-сыныптағы базалық білім мазмұны:
1) « Стартап акселератор (1)». 10 сыныпта алынған білім мен дағдылар негізінде жеке өзіндік бизнес-идеямен жұмыс жасау. Жеке бизнес-модельді құру туралы түінікті қалыптастыру, өзгерістерді басқару дағдылары. Бизнес-модель жүйесін құру призмасы тұрғысынан жеке бизнесті құру мен жүргізудің тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру. Оқушылардың жеке бизнес-идеяларын қорғауы (жаздық демалысқа үй тапсырмасы), идеялардың келісілген бағалауы мен 2-5 адамнан тұратын командалар құру (хакатон форматында қызығушылық танытқан тараптар (мектептер, аймақтық жоғары оқу орындары, жергілікті компаниялар) тарапынан мәселелерді құруға да мүмкін болады). Заманауи стартап-акселераторлар мысалымен негізгі құрал – канва бизнес-моделімен (Canvas) танысу. Бизнес-жоспар құрылымын түсіну. Өз өнімнің/қызмет көрсетудің құндылық ұсынысын, қолданушылар сегментін, коммуникациялар арналарын, пайдаланушылармен қатынас пен табыстар түсімдерін анықтау. Тоқсандықтың оқу үдерісінің құрылымы: 1. Теориялық оқыту сабағы; 2. Өзінің жеке жобасын жасауда алынған білімдерді қолдану бойынша топтарда тәжірибелік жұмыс жасау;
2) «Стартап акселератор (2)». Оқушылардың өзіндік жеке жобаларын жасаудың қорытынды кезеңі. Маңызды құндылықтарды құруға қажетті ресурстармен (материалды, физикалық, адами, зияткерлік) танысу. Әр ресурстарды талдау: оқушылардың жеке жобаларына қажетті ресурстарды таңдау, ресурстар құнын анықтау, олардың орналасуын анықтау. Маңызды құндылықтарды құру үшін ресурстарды басқару. Бизнес-концептіні құру (бизнес-модельдер, нарық мәселелері, команданың сипаты, мақсаттар). Тоқсандықтың оқу үдерісінің құрылымы: 1. Теориялық оқыту сабағы; 2. Өзінің жеке жобасын жасауда алынған білімдерді қолдану бойынша топтарда тәжірибелік жұмыс жасау;
3) «Кәсіпкердің өзін-өзі алға жылжытуы». Жеке қаржылық сауаттылықпен танысу, жеке қаржы ресурстарын басқара білу мен өзін-өзі алға жылжыту бағдарламасын жасақтау. Өзіндік презентация, өз-өзін сату, түйіндеме құру мен кәсіби байланыстар орнату бойынша тәжірибелік білім;
4) «Даму стратегиясы». Кәсіпкердің стратегиялық ойлау қабілетін дамыту. Бизнес-кейстер мен теориялар арқылы ішкі нарықта және халықаралық нарықтарда да бизнестің дамуының моделін таныстыру. Бизнесті қолдау институттарының рөлін бөліп қарастыру. Мақсат қою құралдары арқылы жеке дербес өмірлік стратегия мен мансапты (1-20 жыл) құру.

3-тарау. Оқыту мақсаттарының жүйесі


19. Бағдарламаны оқуға ыңғайлы болу үшін кодтар енгізілді. Кодтың бірінші саны оқу сыныбын білдіреді, екінші және үшінші сандары – бөлім мен бөлімше нөмерін береді, төртінші сан – оқыту мақсатының реттік саны. Мысалы, кодта 10.2.1.2: «10» – сынып, «2.1.» – бөлім мен бөлімше саны, «2» – мақсаттың реттік саны.




Жалпы орта білім беру деңгейінің
10-11-сыныптарға арналған
«Кәсіпкерлік пен бизнес негіздері» пәнінен жаңартылған мазмұндағы Үлгілік оқу бағдарламасына
қосымша



Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарға арналған «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнінен жаңартылған мазмұндағы Үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Ұзақ мерзімді жоспар


(қоғамдық гуманитарлық бағыт,
жаратылыстану-математикалық бағыт)



  1. 10-сынып:




Бөлімдер

Тақырыптар, мазмұны

Оқыту мақсаттары

1-тоқсан. Экономикалық құбылыс ретіндегі кәсіпкерлік

1.1 Кәсіпкерлікке кіріспе

Тұжырымдама
«Кәсіпкерлік, бизнес және мен»

10.1.1.1 «жеке кәсіпкер», «бизнесмен», «қажеттілік», «игілік» түсініктерін түсінеді;
10.1.1.2 кәсіпкерліктің пәнін, мақсаттары мен міндеттерін, түсінеді

1.2 Қазақстан экономикасына тарихи экскурс

Қазақстан экономикасындағы кәсіпкерлік

10.1.2.1 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің тарихын талдай біледі;
10.1.2.2 экономикадағы кәсіпкерліктің мағынасын түсінеді;
10.1.2.3 микроэкономика мен макроэкономика арасындағы айырмашылықты түсінеді

1.3 Кәсіпкерлік тәсілдеме: бастамашылдық және даму мен жаңашылдыққа үздіксіз ұмтылу;

Идея кәсіпкерлік қызметтің негізі ретінде. Идеяны қалыптастырудың құралдары, идеяның сыртқы бағалануы

10.1.3.1 кәсіпкерлікті жеке мотивация мен өзін-өзі іске асыру формасы ретінде қарастырады;
10.1.3.2 кәсіпкер біліктілігі ретінде идеяның қалыптасу маңызын бағалайды;
10.1.3.3 бизнес-идеяны қалыптастыру құралын қолданады

1.4 Өндіріс үрдісіне қатысатын ресурстар

Өндіріс ресурстары мен факторлары

10.1.4.1 тауар мен қызмет көрсетулер өндірісіне қажетті ресурстар мен факторларды біледі;
10.1.4.2 тауар мен қызмет көрсетулер өндірісіне қажетті ресурстар мен факторлар арасындағы айырмашылықты түсінеді

1.5 Нарықтың қызмет ету механизмі

Сұраныс пен ұсыныс заңдары. Сұраныс пен ұсынысқа әсер етуші факторлар

10.1.5.1 сұраныс пен ұсыныс заңдарын түсінеді;
10.1.5.2 сұраныс пен ұсынысқа әсер ететін факторларды біледі

1.6 Нарықтық тепе-теңдік

Нарықтық тепе-теңдіктің қалыптасуы. Сұраныс пен ұсныстың икемділігі

10.1.6.1 нарықта тепе-теңдіктің қалыптасуы, артықшылық пен тапшылықты біледі;
10.1.6.2 негізгі факторлардың өзгерісіне нарықтың бейімделу үрдісі ретінде сұраныс пен ұсыныс икемділігін түсінеді

2-тоқсан. Заманауи жағдайлардағы кәсіпкерлік

2.1 Бизнес неден басталады?

Заманауи жағдайларда кәсіпкерліктің дамуын талдау

10.2.1.1 экономикалық құбылыс ретінде кәсіпкерлікті талдайды;
10.2.1.2 заманауи жағдайларда кәсіпкерліктің даму факторларын біледі

2.2 Кәсіпкерлік қызмет түрлері, кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық-құқықтық формалары

Кәсіпкерлік қызмет түрлері мен кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық -құқықтық формалары

10.2.2.1 кәсіпкерлік қызмет түрлерін ажырата біледі;
10.2.2.2 мемлекет экономикасындағы, соның ішінде Қазақстандағы шағын және орта бизнестің рөлін түсінеді;
10.2.2.3 кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық-құқықтық формаларын ажырата біледі

2.3 Стартап мәдениет

Стартап- мәдениет. Стартап пен жұмыс істеп тұрған бизнестің арасындағы айырмашылық

10.2.3.1 стартап түсінігін суреттейді;
10.2.3.2 стартап пен жұмыс істеп тұрған бизнестің айырмашылығын біледі

2.4 Кәсіпкерліктегі инновациялар мен трендтер (әлемдік, аймақтық және жастардың)

Қазақстанда кәсіпкерліктің даму ерекшеліктері.
Кәсіпкерліктегі тренділер. Кәсіпкерлік қызметтегі инновациялар

10.2.4.1 Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуындағы географиялық-аймақтық ерекшеліктерін түсінеді;
10.2.4.2 Қазақстандағы кәсіпкерліктің заманауи тенденцияларын танып біледі;
10.2.4.3 кәсіпкерліктің трендтерінің болашақ кезеңдеріндегі болжамын талдайды

2.5 Қазіргі жағдайдағы бәсекенің дамуы

Нарықтық экономиканың негізін қалаушы принципі ретінде бәсеке лестіктің мәні. Баға бойынша және бағалық емес, жетілген және жетілмеген бәсекелестік

10.2.5.1 баға бойынша және бағалық емес, жетілген және жетілмеген бәсекелестік мысалдарын сипаттайды;
10.2.5.2 бәсекелестік стратегиясы мен бәсекелестер түрлерін сипаттайды;
10.2.5.3 баға бойынша және бағалық емес бәсекені қолданудың тиімділігін бағалауды жасайды

2.6 Баға белгілеу - экономикалық категория ретінде баға қызметі мен мәні

Баға экономикалық категория ретінде

10.2.6.1 экономикалық категория ретінде баға қызметі мен мәнін түсінеді;
10.2.6.2 бағаны қалыптастырудың құрылымын сипаттайды;
10.2.6.3 баға саясатының мәнін түсінеді;
10.2.6.4 баға стратегияларын ажыратады

3-тоқсан. Әрекеттегі маркетинг

3.1 Маркетингіге кіріспе

Маркетинг тарихы. Заманауи маркетинг

10.3.1.1 маркетинг және оның қызметін түсіндіреді;
10.3.1.2 өнім мен кәсіпорынның маркетингілік стратегиясын ажыратады

3.2 Маркетинг-микс

Маркетинг-микс

10.3.2.1 4P, 4C, маркетинг-микс құрамын түсінеді;
10.3.2.2 4P, 4C қолдану форматын ажыратады.

3.3 Кабинеттік және далалық зерттеулер

Кабинеттік және далалық зерттеулер

10.3.3.1 кабинеттік және далалық зерттеулердің айырмашылығын біледі;
10.3.3.2 кабинеттік және далалық зерттеу әдістемесін қолданады

3.4 SWOT- талдау

Компанияның дамуына әсер ететін ішкі және сыртқы факторлар кешені

10.3.4.1 SWOT талдаудың тағайындалуын түсіну;
10.3.4.2 зерттелетін өнімнің күшті және әлсіз жақтарын бағалау кезінде SWOT-талдауды тәжірибеде қолданады

3.5 Мақсатты аудитория, сегменттеу

Тұтынушыларды сегменттеу. Мақсатты аудитория. Клиенттің бейнесін қалыптастыру

10.3.5.1 тұтынушыны сегменттеудің мәні мен қағидаларын түсінеді;
10.3.5.2 белгілі бір мақсатты аудиториялардың қажеттіліктерін анықтайды

3.6 Бренд

Бренд және оны құраушылар

10.3.6.1 брендтің негізгі құраушыларын біледі;
10.3.6.2 брендтің сипаттамалық және шығармашылық жағын ажыратады;
10.3.6.3 брендтің платформасын сипаттау үшін дағдыларды қолданады

3.7 Маркетингілік коммуникациялар

Жарнама, PR. Дәстүрлі (классикалық) жарнама түрлері және мақсатты аудиторияға тікелей әсер ету

10.3.7.1 ATL, BTL маркетингілік коммуникациялар кешенін ажыратады;
10.3.7.2 ATL, BTL арқылы соңғы тұтынушыға дейін зерттелетін өнімнің/қызмет көрсетудің құндылықтарын жеткізу жоспарын ұсынады

3.8 Онлайн маркетингілік коммуникациялар

Сандық маркетингтің заманауи құралдары.

10.3.8.1 сандық маркетингтің мәнін түсінеді;
10.3.8.2 сандық маркетинг арқылы соңғы тұтынушыға дейін зерттелетін өнімнің/қызмет көрсетудің құндылықтарын жеткізу жоспарын ұсынады

4-тоқсан. Ойлау дизайны

4.1 Ойлау дизайнына кіріспе

Адамға бағытталған өнімдерді құру әдісі

10.4.1.1 ойлау дизайнының мәнін түсінеді;
10.4.1.2 ойлау-дизайны қай жерде қолдануға болатынын түсінеді;
10.4.1.3 ойлау-дизайны тәсілдерін бизнес-идеяларды іздестіру мен бизнес-үрдістерді ұйымдастырудың дәстүрлі тәсілдерімен салыстырғандағы артықшылықтарын салыстыру

4.2 Эмпатия

Мәселелік жайттарға тереңірек ену және пайдаланушылар тәжірибесі

10.4.2.1 жобаға тікелей немесе жанама әсер ететін тұтынушылар тобын анықтай біледі;
10.4.2.2 эмпатия қағидаларын түсінеді және тәжірибеде қолдана біледі;
10.4.2.3 сұхбат жасай білу және ондағы сұрақтар кезектілігін дұрыс ұйымдастыра алады

4.3 Талдау және синтез

Нақты, маңызды және іске асырылатын міндеттерді құрастыру

10.4.3.1 мәселені дұрыс айқындап және сипаттай біледі;
10.4.3.2 сұхбаттан алынған ең маңызды тұжырымдарды анықтайды;
10.4.3.3 ақпараттың маңызды сәттерін бөледі және оларды ары қарай қолдану үшін тиімді рәсімдей алады;
10.4.3.4 сұхбат кезінде алынған ақпаратты топтайды

4.4 Идея ойлап табу

Идеяны ойлап табу және шешім қабылдау

10.4.4.1 брейнсторминг қағидалары мен қажеттілігін түсінеді;
10.4.4.2 брейнстормингті жүргізу ережелері мен оларды сақтап, орындай алуды біледі;
10.4.4.3 брейнсторминг кезеңдерін білу және кезеңдерін сақтап, айтылған идеяларды жүйелеу және солардың ішінен ең жақсысын таңдайды

4.5 Прототип жасау

Табылған шешімдерді тестілеу үшін модель құру

10.4.5.1 прототип жасауды түсінеді және қағидаларын түсіндіреді;
10.4.5.2 прототип жасаудың негізгі әдістерін қолданады

4.6 Тестілеу

Кері байланысты алу және ең тиімді шешімді іздеу

10.4.6.1 адамға бағытталған дизайн үшін тестілеудің маңызын түсінеді;
10.4.6.2 шешім қабылдау кезінде кері байланыстың маңызын және эмпатияны тереңірек дамыту мүмкіндігін түсінеді;
10.4.6.3 тәжірибеде алынған идеяларды қолдану мүмкіндігін бағалайды

4.7 Сторителлинг

Жасалынған материалдың презентациясы

10.4.7.1 жасалынған жұмыс үрдісін сипаттау үшін сторителлинг қағидаларын түсінеді;
10.4.7.2 ойлау-дизайнымен жұмыс жасау кезінде алынған барлық білімдерді талдау, тұжырымдар жасау және болашақта берілген қағидаларды қолдана алатындығын дәлелдеу




Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет