Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы» сейтпанов п. К., Каpтабаев а. Т., Алпысбаев а. А



Pdf көрінісі
бет15/240
Дата09.10.2022
өлшемі6,14 Mb.
#41994
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   240
Практикалық жұмыс 3. 
Сериялық бұйымдарды шығару үшін өндірісті технологиялық
дайындау.
Жұмыстың мақсаты: сериялық бұйымдарды шығаруға өндірісті 
технологиялық дайындау кезінде орындаушыларды және олар атқаратын 
жұмыстардың мазмұнын анықтау. 
Жұмысты орындау тəртібі: 
1. 2.1-суретте көрсетілгендей, сериялық бұйымдарды шығару үшін
өндірісті технологиялық дайындау схемасын әзірлеу. 
2. Кесте түрінде (2.1-кестеде көрсетілгендей) орындаушылар атқаратын
жұмыстардың мазмұнын көрсетіңіз. 
Бақылау сұрақтары: 
1. Өндірісті технологиялық дайындауды қалай түсінесіз?
2. Ұйымдастырушылық шешімнің мәнін түсіндіріңіз.
3. ӨТД мақсаты.
4. ӨТД қандай мәселелерді шешуге бағытталған?
5. Орындаушыларды атаңыз.
6. Өндірісті технологиялық дайындау қандай кезеңдерден тұрады?
2.1.2 Технологиялық процесстің құрылымы және оның 
сипаттамасы 
Өндірістік процесс - бастапқы материалдар мен жартылай 
фабрикаттарды өздерінің арналуына сәйкес келетін дайын бұйымдарға 
айналдыру мақсатында орындалатын өзара байланыстағы әрекеттердің 
жиынтығы. Машина жасаудағы өндірістік процесс мыналарды қамтиды: 
өндіріс құралдарын дайындау және жұмыс орындарына қызмет көрсетуді 
ұйымдастыру; материалдар мен жартылай фабрикаттарды қабылдау және 
сақтау; машина бөлшектерін дайындаудың барлық кезеңдері; тораптар мен 
бұйымдарды құрастыру; материалдарды, дайындамаларды, бөлшектерді, 
тораптар мен дайын бұйымдарды тасымалдау; өндірістің барлық 
сатыларындағы техникалық бақылау; дайын бұйымдарды қораптау және 
шығарылатын бұйымдарды дайындауға қатысты басқа да іс-әрекеттер [3]. 
Технологиялық процесс өндіріс нысанының күйінің дәйекті өзгеруімен 
тікелей байланысты өндіріс процесінің бір бөлігі. Дайындамаларды жасау
термиялық өңдеу, механикалық өңдеуді және құрастыру технологиялық 
процесске жатады.
Технологиялық процесс жұмыс орындарында жүргізіледі. Жұмыс орны 
- бұл орындалатын жұмысқа сәйкес жабдықталған өндірістік алаң. 
Технологиялық процесс операцияларға бөлінеді. Технологиялық 
операция - бір жұмыс орнында үздіксіз орындалатын және жабдықтар мен 
жұмысшылардың барлық әрекеттерін бір немесе бірнеше бірлесіп өңделетін 
немесе жиналатын өндіріс объектілерімен қамтитын технологиялық 
процесстің бөлігі. 
Технологиялық операциялардан басқакөмекші операциялар да болады. 
Оларға тасымалдау, бақылау, таңбалау және де басқа жұмыстар жатады. 


20
Орындалатын жұмыс көлеміне сәйкес технологиялық операция 
ауысулардан, өтулерден және тәсілдерден тұруы мүмкін. 
Ауысу – өңделетін беттің, кескіш аспапт және станоктың жұмыс 
режимінің өзгермейтіндігімен сипатталатын операция бөлігі. 
Өту - материалдың бір қабаты кесіліп алынатын «ауысудың» бөлігі. 
Бұл жағдайда, барлық өтулер, егер олар бірнеше болса, станоктың жұмыс 
режимін өзгертпей орындалады. «Өту» тәсілдерден тұрады. 
Тəсіл - бұл операцияны орындау кезіндегі жеке қозғалыстардың 
жиынтығы. 
Өңделетін 
дайындаманың 
позициясы 
өзгеретін 
жағдайда 
технологиялық операция бірнеше «орнатулар» мен «позициялардан» тұруы 
мүмкін. 
Орнату - дайындаманың тұрақты бекітілуімен орындалатын 
операцияның бөлігі. 
Позиция - жұмыс жүргізілетін жабдыққа қатысты тұрақты бекітілген 
заттың әр түрлі оналасуының бір түрі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   240




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет