Бастапқы талаптар: Осы модульмен жұмыс жасамас бұрын студенттер Сызу, Математика,
Физика, Химия, Геометрия сияқты пәндерді оқуы керек.
Қажетті оқу материалдары: қалам, дәптер, қарындаш, сызғыш, өшіргіш,
калькулятор.
Технологиялық жабдықтың жұмыс істеу сапасы оны әзірлеу кезінде
қаланады, шығару кезінде, содан соң оны пайдалану кезінде техникалық
қызмет көрсетумен қамтамасыз етіледі. Техникалық жабдықты пайдалану
оны арналуына сай қолдануды, техникалық қызмет көрсетуді, жоспарлы,
жоспардан тыс және ағымдағы жөндеуді қамтиды.
Техникалық қызмет көрсету - пайдалану, сақтау және тасымалдау
кезінде машиналар мен жабдықтарды жұмысқа қабілетті немесе жарамды
күйде ұстауға бағытталған іс-шаралар кешені.
Технологиялық жабдықтың жұмыс істеу қабілеттілігі деп оның
қызметтік мақсатын стандарттар, техникалық шарттар мен техникалық
паспорттарды қамтитын нормативтік-техникалық құжаттарда көрсетілген
параметрлерге сәйкес орындау мүмкіндігін айтады. Техникалық
жабдықтардың жұмыс қабілеттілігінің негізгі критерийлері - беріктік, дірілге
төзімділік, жылуға төзімділік, жұмыс ортасының сапасы [27].
5.1 Жабдықтарға регламенттелген қызмет көрсету және оларды ұтымды пайдалану Регламенттелген қызмет көрсету - пайдалану, сақтау және
тасымалдау кезінде технологиялық жабдықты жұмысқа қабілетті күйде ұстау
мақсатында жүргізілетін іс-шаралар жиынтығы.
Регламенттелген қызмет көрсетуге келесі іс-шаралар жатады:
- жұмыс тораптарын тазалап тұру;
- машиналар мен механизмдердің жарамдылығын тексеру;
- майлау-салқындату материалдарын беру жүйесін қадағалау және
толтыру;
- ақауларды анықтап, оларды жою.
Автоматтандырылған желілер жағдайында кешенді қызмет көрсету
керек, яғни жабдықтарды баптаушы маман баптайды, оператор
дайындамаларды қабылдап, оларды жабдыққа орнатуға, өңделген
бөлшектерді алып тастауға, жедел басқаруды жүзеге асыруға, өнімнің сапасы
мен дәлдігін уақтылы бақылауға, қажет болған жағдайда металл кесетін
аспапты ауыстыруға, майлау-салқындату сұйықтығының берілуін реттеуге,
жұмыс кезінде пайда болған металл жаңқаларының жойылуын бақылауға
және т. б. қажет болатын қызмет көрсетеді, т.с.с.