5.2.14. ҚОРДАЛАР Көңнің әсерін күшейту және қолданылатын органикалық тыңайтқыш мөлшерін арттыру үшін, шаруашылықта қорданы кеңінен пайдаланудың маңызы үлкен. Қорда даярлау үшін сабан қалдықтарын, көң садырасын, өнеркәсіп қалдықтарын, тамақ қалдықтарын, өсімдік жапырақтарын, түрлі нәжістерді, күлді және минералдық тыңайтқыштарды пайдаланады. Қорда дайындау тазалық-гигиеналық маңызы бар шаралардың бірі болып саналады. Қордаларды түрлі қалдықтардан даярлағанда ерденені қабат-қабат етіп жинайды. Онда әр қабаттың қалыңдығы 50-60 сантиметрге жеткенде, сумен немесе қи садырасымен толық шыланғанша сулайды. Қорда дайындауға пайдаланған қалдық бетіне жұқалап (10-12см) көң, құс саңғырығы салынып осылардың үстіне күл, суперфосфат немесе басқа фосфор тыңайтқышын себеді. Мұнда әр бір тонна қалдыққа 10-15 кг суперфосфат және 20-30 кг күл келуі қажет. Мұнан кейін осылардың үстіне қалдықтың жаңа қабаты салынады да, үстіне қи садырасы себіліп, тағы да құс саңғырығының, көңнің, фосфор тыңайтқышының келесі қабаты салынады. Ердене биіктігі 2-2,5 метрге жеткенге дейін осылай салына береді. Ердене үстін топырақпен жауып, оны нығыздап таптайды, 2-2,5 айдан кейін қорда пайдалануға әзер болады.
Көңге топырақ, суперфосфат қосу арқылы дайындалған қорда құрамындағы азоттың ысырап болу мейлінше төмендейді. Бұл ретте аммиак күкірт қышқыл аммоний түрінде байланыстырылады. Сонымен қатар органикалық заттардың шіруі жылдам өтеді және көңнің әсерін күшейте түседі. Егер 20 тонна көңде 8 кг аммиакты азот болса, көң топырақ қордасында оның мөлшері 35 килограмға дейін көтеріледі. Мұнда көң-топырақ қордасын даярлау үшін 10 тонна көңге 1,5-2 ц суперфосфат қосылады. Форформен байытылған көң-топырақ қордасы 2-4 айда қолдануға даяр болады. Көң-топырақ қордасын жылдың кез келген уақытында дайындайды. Қорданы негізгі тыңайтқыш ретінде, гектарына 15-20 тонна есебінде астық дақылдарына пайдаланады. Отамалы және көкөніс дақылдарына 30-50 тоннаға дейін қолданады.
Зертханалық сабақ Топырақты анализге әзірлеу. 1-4
Анализ үшін құрғақ топырақтан 10-30 грамнан (саз топырақтан 10-15 г, құмайт топырақтан 20-30 г ) екі өлшемдік алып, бірінен жеке бөлшектерді, екіншісінен жұмыс кезіндегі шығынды анықтайды. Карбонатсыз топырақтағы Ca , Mg иондарын кетіру үшін өлшемдіктің әр қайсысы жеке-жеке фарфор табақшаға салып, үстіне 0,05 н. Тұз қышқыл ерітіндісін қосып, бір сағат бойы шыны таяқшамен араластырып, сүзгіден өткізеді. Сүзіндінің бірі кептіріліп құрғатылуы керек. Кейін сүзіндіде Са иондары байқалмайынша 0,05 н. Тұз қышқылы ерітіндісімен шаяды. Са иондары шайылғаннан кейін тұз қыщқылының артық мөлшерін кетіру үшін 100 мл дистилденген сумен шаяды. Карбонаты топырақтардың өлшемдігінің әрқайсысына 200 мл 0,2 н тұз қышқылын қосып карбонатты бұзу қажет. Ол үшін қышқылдың 1/3 бөлігін өлшемдікке қосып, бір сағат ішінде 5-6 рет қозғап араластырып, тұндырады. Кейін тұнбаны сүзгіге ауыстырады. Сүзгіштегі тұрбаның бірі кептіріліп құрғатылуы керек. Өлшемдікті екіншісіне тұз қышқылының екінші бөлігін қосып араластырып, тұндырып сүзгіге ауыстырады, бұдан кейін тағы да қышқылдың үшінші бөлігін қосып араластырып, тұндырып, сүзгіге ауыстырады. Кейінсүзіндіні Са иондары байқалмағанға дейін 0,05 н. тұз қышқыл ерітіндісімен шаяды. Ал өлшемдіктегі қышқылдың артық мөлшерін кетіру үшін 100 мл дистилденген сумен шаяды. Одан әрі сүшгіштегі өлшемдіктің бірін салмағы өлшенген кептіргіш ыдысқа салып, 105 градус температурада (тұрақты салмаққа келгенше) ысытады. Өлшемдікті тұз қышқылымен өңдегенде, онда еріген заттың мөлшерін өлшемдіктің бастапқы салмағын тұз қышқылымен өңдегеннен кейінгі салмағын шегеріп табады.
Құрғақ топырақты өңдегендегі щығынның проценттік шамасын мына формула бойынша табады.
а- граммен алынған анализ кезіндегі щығын;
с- анализге алынған топырақ өлшемділігі
К- құрғақ топыраққа алынған түзету коэффциенті.
Құрғатылмаған сүзгідегі екінші топырақ өлшемдігін жуғыш көмегімен көлемі 750 миллиметрлік колбаға түсіріп, денгейін 250 миллиметрлік белгіге жеткенше үстіне дистилденген су жане 0,5-6 мл, 1 н. күйдіргіш натр ерітіндісін (мысалы, қара топырыққа 5-6 мл, қоныр топыраққа 2 мл, қызыл топыраққа 2 мл, сор, сортаң топыраққа – 2,5 мл ) қосады. Әзірленген суспензияны шыны түтік орнатылған резинка тығынмен жауып, бір сағат бойы қайнатады.
Тақырып: Азотты анықтау әдістері.5-8 Колориметриялық әдіспен топырақтағы нитратты, Аммиакты және жалпы азотты анықтау.