37
қоғамның ыдырауының алғышарттары мен жалпы барысы мен таптық
қоғамдардың қалыптасуы. Сондықтан да бұл теориялық курс адамзат
тарихының жалпы заңдылықтарының негізі болып табылады. Шындығында
да, адам өмірінің, соның ішінде қазіргі кезеңдегі де, көптеген құбылыстары
алғашқы тұрмыстық қоғамның көне дәуірінде пайда бола бастады. Бірқатарын
атап көрсететін болсақ, тұрғын үй және киім, егіншілік және мал
шаруашылығы, қоғамдық еңбек бөлінісі, неке және семья, саналылық және
этикет, қажетті ілім және білім, өнер және діни наным- сенімдердің пайда
болуы осы кезеңнен бастау алады. Материалдық мәдениет, әлеуметтік
нормалар немесе идеологиялық түсініктердің бірқатар элементтерінің
эволюциясын дұрыс талдауда олардың қайнар бұлақтарына үңілуімізге тура
келеді. Алғашқы тұрмыстық қоғамның танымдық маңызы да осыған
байланысты.
Алғашқы тұрмыстық қоғамның материалдары негізінде зерттелетін
мәселелерді шешуде де қазіргі таңда адамзаттың алдында көптеген сұрақтар
туындайды. Жер бетінде адамдар қалай пайда болды: органикалық табиғаттың
заңды эволюциясы нәтижесінде ме, болмаса құдай жаратты ма? Адам
нәсілдерінің қалыптасуы қалай болды? Осының негізінде нәсілдер арасында
артықшылық бар ма? Адамзат қоғамының коллективтік негізде дамуы қалай
жүрді? Жеке меншік, қоғамдық жіктеліс және мемлекеттік күштеу қалай және
қашан пайда болды? Діни түсінік немесе монотеистік діни ұғымдар мәңгілік
пе? Осындай сұрақтардың идеологиялық көлемділігі айқын да көрінімді. Басқа
тарихи пәндердің жазба деректер негізінде зерттелетінін ескерсек, алғашқы
тұрмыстық қоғам тарихын зерттеуде жазба деректер жоқтың қасы. Алғашқы
қоғам тарихын реконструкциялау – бірқатар ғылымдардың, оның ішінде
бірінші кезекте археология, этнология және палеоантропологияның деректерін
синтездеудің нәтижесі болып табылады. Сондықтан да алғашқы қоғам тарихы
зор әлемдік танымдық мәнге ие.
«
Адамзаттың тарихилыққа дейінгі эволюциясының» зерттеу объектісі –
алғашқы адам мен оның қоғамының тарихы. Бұл пән синкреттік пән болып
табылады. Сондықтан да, адамның, оның қоғамының пайда болуы және
дамуына байланысты көптеген теориялық сұрақтар философия, психология,
биология ғылымдарының тәсілімен зерттеледі. Ал алғашқы адамдардың
шаруашылығы, материалдық өндірісінің дамуы сияқты мәселелер
археологиялық тәсілдермен зерттеліп түсіндіріледі. Рудың, әртүрлі әлеуметтік
институттардың, алғашқы әдет-ғұрыптардың, дүниеге көзқарастардың
шығуына байланысты мәселелер этнологиялық тәсілдер арқылы зерттеліп
оқылады.
Достарыңызбен бөлісу: