Білім және ғылым министрлігі


Еуропадағы археология тарихы



Pdf көрінісі
бет81/192
Дата12.09.2022
өлшемі1,54 Mb.
#38863
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   192
Байланысты:
Бакалавриат Археология и этнология

Еуропадағы археология тарихы 
«Археология» термині. Вавилон патшасы Набонид. Геродот 
еңбектеріндегі пирамидалар және свайдық қоныстар. Фукидидтің 
«Археологиясы». Периэгесис. Павсаний (б.д. II ғасыр) және оның «Элиаданы 
суреттеу» еңбегі. Страбон, Лукреций және басқа да ойшылдар ежелгі заман 
жайында. Қайта өрлеу дәуіріндегі антикалыққа әуестену. Антикалық 
мүсіндер үшін ватикандық арнайы аула. Лев Х-ның декреті. Венецияда, 
Парижде, Мадридте, Мюнхенде, Прагада ежелгі заттарды жинақтау. 
Археологиялық материалдарды жүйелеудің алғашқы талпыныстары. 
Геркуланумдағы (1711), Помпеидегі (1748) қазба жұмыстары. «Археология 
атасы» Винкельман (1717-1768). Грекияға, Кіші Азияға, Сирияға, Палестинаға 
алғашқы экспедициялар. Алғашқы ғылыми қоғамдарды құру. Британ 
мұражайы (1753-1756). Кельт академиясы (1804). Даттық ежелгі заттар ұлттық 
мұражайы (1807). Даниядағы ежелгі заттарды зерделеуге арналған корольдік 
қоғам (1825). Нюрнбергтегі ұлттық мұражайлар, Майнцтағы Рим – Германдық 
орталық мұражай (1852), Музей национальных древностей в Сен-Жермен-ан-
Ледегі ұлттық ежелгі заттар мұражайы (1862) және басқалар. Археологиялық 
деректерді интерпретациялаудың алғашқы қадамдары. Үш ғасыр жүйесі. 


90 
Томсеннің, Ворсоның және Нильсонның кезеңдеулері. Морганның 
мәдени-тарихи кезеңдеуі. 
Палеолиттің ашылуы. Геология мен археологияның дамуына сіңірген 
ғалымдар. Павиленд, Льеж, Кент үңгірлерінде жойылып кеткен аңдардың 
қалдықтарымен бірге адамдардың сүйектері мен тас саймандардың бірге 
табылуы. Жоғарғы палеолиттің ашылуы. Э. Лартенің археологиялық 
ізденістері. Лартенің Ле-Мустье, Ла-Мадлен үңгірлеріндегі қазба жұмыстары 
және онымен палеолит өнерінің алғашқы ескерткіштерін табуы. 
Неолитті, қола және темір ғасырларды зерттеудің басталуы. 
Д.Леббоктың «Тарихқа дейінгі уақыт» кітабындағы «палеолит» пен «неолит», 
«ерте неолит» кезеңінің терминдері. Свайлық қоныстар. Террамарлар. 
Кранногтар. Галынтат, Ла-Тен ескерткіштері. Кельттер. Латендік мәдениет. 
Галл қалалары – Бибрак пен Алезиядағы қазба жұмыстары. Скифтер. 
Ресейдегі скифтік қорғандардағы қазба жұмыстары. А. П. Мельгунов. П.И. 
Сумароковпен Қырымдағы ежелгі грек қалаларын зерттеуі. И.А. 
Стемпковский және Боспор мемлекетінің аумағындағы археологиялық 
зерттеулер. Этрускілер. Этрускілердің молалары мен қоныстары. Этрускілік 
қабырға сызбасы. Чиусти, Вейни, Орвието және басқа ескрткіштер. 
Үңгірлік өнерді ашу. Савтуолдың Альтамир үңгіріндегі қазба 
жұмыстары (Испания) және алғашқы қауымдық өнерді табуы. 
Археологтар арасындағы дискуссия. Арлэ, Пьетт, Мортилье және 
басқалардың Альтамир полихромдық суреттерінің түпнұсқалығы туралы 
көзқарастары. Брассемпуидің сүйек әйел мүсіні. Ла-Мут, Тейяк, Камбарель, 
Фон-де-Гом, Тюк д'Одубер, «Үш ағайынды» және басқа да үңгірлердің 
қабырғаларындағы суреттер. 
ХІХ ғасырдың соңғы ширегіндегі антикалық археология. 
Пергамадағы, Дельфыдағы, Афиныдағы, Олимпиядағы, Самофракиядағы 
қазба жұмыстары. Г.Шлиманның ежелгі Троядағы, Микеныдағы, Итакадағы, 
Орхомнадағы және Тиринфтегі қазба жұмыстары. Қазба жұмыстары 
нәтижелерінің әлемдік маңызы. Эгей өркениеті. Криттік-микендік мәдениетті 
зерттеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   192




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет