Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет68/190
Дата08.09.2022
өлшемі1,52 Mb.
#38651
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   190
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ 
Кіріспе 
Курсты оқыту мақсаты: Дүние жүзі тарихы курсында Еуропа, Америка, 
Шығыс елдерінің тарихын синхронды қарастырып, жалпылама қорытындылар 
шығарып, жеке елдердің ортақ және ерекше көріністерін анықтап, біртұтас 
тарихи үдерістің бөлігі ретінде қарастыру.
Міндеттері: адамзат қоғамының тарихи жолы туралы толық қанды 
түсінік беру, бұл үдерістің бірлігі мен көпжақтылығын көрсету, тарихи 
өркениетке жан-жақты көзқараспен қарау; тарихи даму жолы туралы ортақ 
түсінік беру. 
Зерттеу аймағы: адамзат тарихының ежелгі дүниеден қазіргі кезеңге 
дейінгі тарихы. 
Зерттеу тәсілдері: дәрістер, семинар сабақтары, деректерге сараптама 
жасау, мәселелерді талқылау, СӨЖ жұмыстары, рефераттарды саралау. 
Аталмыш пәннің өзге ғылымдар арасындағы орны: өзге тарих 
пәндерімен салыстырғанда «Дүние жүзі тарихы» алғашқы өркениеттердің 
пайда болу себептерін, даму ерекшеліктерін, жаңа экономикалық 
қатынастарды, әлеуметтік және сословиялық құрылымды, мемлекеттік 
ұйымдарды, идеологиялық және діни өмірді, ұоғамның жалпы даму үдерісін 
зерттеп, ұоғам өмірінің көріністеріне сараптама жасап, өзара ықпалдастығы 
мен байланысын зерттейді. 
Пән дамуының негізгі сатылары: Дүние жүзі тарихы туралы түсінік. 
«Батыс», «Шығыс» түсініктерінің пайда болуы. Тарихи танымның ғылыми 
қағидаттары: тарихилық қағидасы, шынайылық қағидасы, әлеуметтік ұстаным 
қағидасы, альтернативтік қағида, тарихты зерттеудегі ғылымилық пен 
шынайылық.
Ежелгі философтар, тарихшылар, географтар адамзат қоғамының 
тарихындағы 
географиялық 
фактордың 
орны 
туралы. 
Антикалық 
тарихнаманың қалыптасуы мен дамуы. Герадот. Фукидид. Тарихнамадағы 
антикалық философиялық ой және тарихнама. Рим тарихнамас. Тацит. 
Антикадағы тарихи ой ерекшелігі. Циклдық. 
Шарль Монтескье, әртүрлі халықтардың тарихы мен дамуындағы, 
мәдени және материалдық байлығындағы климаттық және географиялық 


79 
фактордың орны. Маркистердің географиялық факторды жоққа шығаруы. 
Детерминизмнің екі формасы – географиялық және саяси экономикалық.
Қоғамның қазіргі түрлері және әлем тарихы. Формациялық, мәдени, 
өркениеттік ұстанымдары, олардың қарым-қатынастары. К.Маркс пен 
Ф.Энгельстің қоғамдық-экономикалық теориясы. Тарихи үдерістің еуропа 
центристік моделі, шығыс қоғамдарына қатысты эвристикалық шектеулігі. 
Шектеулі өркениеттер теориясы, Н.Данилевский, О. Шпенглер, А.Тойнби. 
Өркениеттердің стадиялық дамуы. Тарихи үдерістің негізгі интерпретациясы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет