арасындағы полимерді ойша қарапайым горизонталь қабаттарға ұсақ- тап бөлсек, онда әрбір қабат өзінің
көрші қабатымен салыстырғанда, ығысқан болып шығады. Осы себептен деформацияның мұндай түрі
ығысу деформациясы деп аталады. γ − ығысу деформациясы өлшемсіз шама. Ығысу деформациясының жылдамдығы мынаған тең:
d , яғни ол деформация өзгеруінің
уақытқа қатынасымен
dt
анықталады, өлшем бірлігі − с
-1. А және Б жазықтықтарының арасында полимер көлемінің элементтеріне созу кернеулері σ
11 , σ
22 және σ
33, сонымен қатар жанама (тангенциаль) кернеулер σ
12= σ
21 = σ
а әсер етеді.
Аққан полимерлерге түсірілген кернеудің нәтижесінде қайтымсыз және жоғары эластикалық қайтымды деформация бір уақытта болатынын бұдан бұрын ескерткенбіз,
сонда жалпы деформация
байланысты
тұрақты мәнге жетеді, ол қайтымсыз деформация уақытқа байланысты бірқалыпты өсіп, ағу жылдамдығы тұрақталады. Оны
тұрақталған ағу деп атайды. Аққан полимер жүйесінің құрылымын
флуктуациялық тор деп қарайды, яғни тор макромолекулалардың жә- не олардың ассоциаттарының бір-біріне жанасуынан пайда болады.