1.Педагогикалық менеджментті кәсіби қызметтің ерекше түрі ретінде талдау. Менеджмент теориясы басшы қызметінің өзара құрметке, қарамағындағы қызметкерлерге сенім білдіруді, олардың табысты еңбек етуіне қолайлы жағдай туғызуымен ерекшеленеді. Менеджменттің осы қыры мектепшілік басқару теориясын одан ары байыта түседі.
Қазіргі заманың білім жүйесінің басты ерекшеліктерінің бірі - мемлекеттік басқарудан мемлекеттік-қоғамдық басқаруға өту. Білім беруді мемлекеттік-қоғамдық басқарудың негізгі идеясы - білім мәселелерін шешуде мемлекет пен жұртшылықтың күш-қуатын біріктіру, мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналарға оқу процесінің мазмұны мен түрін ұйымдастыру әдістерін және білім беру мекемелерін таңдауға барынша кең құқык пен еркіндік беру. Білім беру жүйесінің мемлекеттік сипаты елде "Білім туралы" заң және бірыңғай мемлекеттік саясат негізінде жүргізілуімен ерекшеленеді. Заң аясында Қазақстан Республикасының білім саласына басымдық берілген, яғни еліміздің әлеуметтік-экономикалық, саяси, халықаралық, салаларындағы жетістіктері білім саласындағы жетістіктерімен байланыстырылады. Білім саласының басымдылығы білім жүйесінің материалдық, қаржылық мәселелерін бірінші кезекте шешуді талап етеді.
Сонымен бірге білім беруді басқарудың мемлскеттік сипаты "Білім туралы". заңда белгіленген мемлекеттік саясат принциптерін мынадай бағыттарымен де айқындайды:
- білім берудің гуманистік сипаты, жалпы адамзаттық құндылықтардың, адам өмірі мен денсаулығын, жеке тұлға бостандығының басымдылығы. Азаматтық пен Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
-республикадағы мәдени және білім беру кеңістігінің біртұтастығы, аз ұлттардың білім беру жүйесінің қорғалуы;
- білімнің жалпыға бірдей міндеттілігі, білім беру жүйесінің даярлығы, даму деңгейі мен ерекшеліктеріне бейімделгіштігі;
- білім жүйесінің еркіндігі мен көптүрлілігі;
- білім беруді басқарудың демократиялық, мемлекеттік қоғамдық сипаты.
Білім беруді басқарудың жергілікті органдары мемлекеттің саясатын мемлекеттік білім стандартарын сақтау арқылы жүзеге асырады. Білім стандарты оқу багдарламасының міндеті минимумы мен оқушылар жүктеме-сінің максимум көлемін және бітірушілерге қойылатын талап деңгейін қамтиды. Білім беруді басқару органдарының міндеті білім алуды формальді түрде қамтамасыз етумен шекгелмейді, ол сонымен бірге жеке түлғаның өзін-өзі айқындалуына қолайлы жағдай туғызады.
Білім беру саласында мемлекетгік саясатты дәйекті іске асыру үшін білім беруді басқарудың мемлекеттік органдары құрылады. Олар республикалық, облыстық, қалалық және аудандық басқару мекемелері. Мемлекеттік басқару органдары - білім және ғылым министрлігі, облыстық білім департаменттері өздерінің құзырлылық шеңберінде білім берудің мақсат бағдарламаларын жасайды және іске асырады; мемлекеттік білім стандарттарын жасап, білім туралы қүжаттардың баламаларын айқындайды; білім мекемелерін қаржыландырады және т.б. көптеген мәселелерді шешеді.
2.Педагогикалық менеджменттің әдіснамалық негіздері. Менеджмент ұғымы алғаш бизнес саласында пайда болғанымен, бүгінгі күні фирманы, корпорацияны басқару ғана емес, оның қолдану аясы ұлғаюда. Менеджменттің теориялық негізі барлық салада оның ішінде білім саласын басқаруда да қолданылады.
“Менеджер”ең алдымен, кәсіби басқарушылық базалық білімі сипатындағы жаңа типтегі басшы ретінде түсіндіріледі. Бірлескен еңбекті ұйымдастыру мен реттеудің ең қарапайым және алғашқы түрлері алғашқы қауымдық құрылыс кезеңдерінде болды. Тайпа, ру басшылары мен көсемдері қызметтің барлық түрлерінің басқарушылық бастамасын көрсетті.
Шамамен 9-7 мыңжылдықта меншік қатынасынан өндірістік экономикаға көшу орын алды, бұл басқарудың пайда болуының негізгісі болды.
Психологиялық тұрғыдағы «адами фактор» тұжырымдамасын ғылыми танымға енгізген, менеджмент теориясының негізін салған Ф.У.Тейлор болды. Ф.У.Тейлор (1856 ˗ 1915) – тaнымaл aмерикaндық инженер, зерттеуші, тәжірибелі менеджер, оның ішінде ғылыми бaсқaру мектебінің негізін қaлaушы.
Сондай-ақ, менеджменттегі Ф. У.Тейлор еңбегінің құндылығы өндірістің сапалы өнімі емес, ондағы қызметкерлердің жүйелі еңбегінің негізі екені айтылған.Тейлор жұмысшылaрғa ынтaлaндыруды күшейту aрқылы еңбек өнімділігін aрттыру жүйесін құру міндетін қойды.
Тейлоризмнің негізінде келесі бaсқaру ережелері жaтыр:
1. Ескі, қaтaң прaктикaлық жұмыс әдістерін aуыстырaтын ғылымның іргетaсын құру.
2. Қызметкерлер мен менеджерлерді ғылыми критерийлер негізінде іріктеу – кәсіби тaңдaу және кәсіби оқыту.
3. Еңбекті ғылыми ұйымдaстыруды іс жүзінде жүзеге aсыру кезінде әкімшіліктің қызметкерлермен ынтымaқтaстығы.
4. Қызметкерлер мен менеджерлер aрaсындaғы жaуaпкершілікті әділ бөлу.
ХХ ғaсырдың екінші онжылдығының өзінде-aқ «ғылыми бaсқaру» қозғaлысы әлемдегі әртүрлі экономикaлық жүйелері бaр дaмушы және өнеркәсіптік жaғынaн дaмығaн елдерді қaмти отырып, хaлықaрaлық қaрқынғa ие болды.
Достарыңызбен бөлісу: |