Білім мен тәрбиеде адами құндылықтары жоғары болуын қамтамасыз ету міндеті қойылуы керек



бет2/3
Дата31.12.2021
өлшемі18,01 Kb.
#23684
1   2   3
Андрогогика – ересектерді оқыту туралы ілім.
Осыған байланысты жоғары оқу орындарында қазақ тілін оқытудың әдістемесі мынадай тұжырымдарға сүйене отырып, жасақталғаны жөнінде ойлаймыз: – андрогогиканың биологиялық, әлеуметтік, рухани мағынадағы ересектік және білімнің құндылық, үдеріс, нәтиже, қызмет ретіндегі күрделі ұғымдарды негіздемелеуімен және де осылардың қорытындысы ретіндегі ересектік-білімділік ұғымының негіздемеленуімен байланысты қазақ тілін жоғары оқу орындарында оқытудың андрогогикалық қырлары ересектердің психологиялық, әлеуметтік, биологиялық ерекшеліктері және оқу үдерісіндегі олардың атқаратын қызметтерінің ерекшеліктері аясында қарастырылды.
Жоғары оқу орындарында қазақ тілін оқытудың андрогогикалық проблемаларын ересектерді оқытудың технологиялары, ересектерді оқытудағы әдістер мен оқыту тұрғысынан тереңірек зерттелуі қажет;

– жоғары оқу орындарындағы алшақтан оқыту жүйесіндегі, сырттай оқу бөлімдеріндегі білім алушы студенттердің жас ерекшеліктері әр түрлі және де дайындықтары мен әлеуметтік, әлеуметтік-психологиялық жай-күйлері де біркелкі емес. Осыған байланысты жоғары оқу орындарында қазақ тілін оқытудың андрогогикалық мәселелерінің ішінде ерекше орын алатыны кез келген субектінің ересектік жасына байланысты ішкі талабы мен қажеттілігін өтей алатын оқу материалдарын дайындау керек. Өйткені тек қана осы сараланған және оқу үдерісінде орны, функциясы, рөлі, позициясы айқындалған субъектінің ғана алған білімі нәтижелі болады;


– кез келген жүйедегі проблеманың шешілу алгоритмі жасалады және оның кезеңдері болады. Біз көтеріп отырған проблеманың алгоритмдері, біріншіден, жүйенің элементінің ұғынылуы, яғни қазақ тілін оқытудағы андрогогикалық проблемалардың жан-жақты зерттелуі, келесісі қазақ тілін оқытудағы андрогогикалық, антропологиялық проблемалардың мазмұнын, нормаларын айқындау, үшіншісі, қойылған проблемаларды шешу механизмдерін зерттеу нәтижелері арқылы табу.

Қазақ тілін жоғары оқу орындарында оқытудың ақпараттық технологиялар тұрғысынан қаралуы қоғам өміріндегі барлық саланы қамтып отырған өзгерістер, жаңарулар мен дамудың жаңа сатысының пайда болып, оның адам өмірінің маңызды бөлшектеріне айналуы. Қазіргі кезде жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологиялар терең талдану үстінде. Көптеген әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері жоғары оқу орындары студенттерінің өз бетінше оқу барысына және өздік жұмыстарды орындауда ақпараттың жаңа тасымалдаушыларын белсенді қолданатынын көрсетіп отыр. Олар теледидар, компьютерлік бағдарламалар, Интернет, яғни студенттер іргелі әдебиеттерден гөрі ақпараттың жинақталған түрін пайдалануды оңтайлы көреді екен. Студенттердің оқу материалын игеру формалары қойылған мақсатқа табысты жетуді көздейтін оқыту технологияларының жиынтықтарын құрайды. Ал осы технологияларды ақпараттық және коммуникациялық технологиялар арқылы жасау маңызды ғылыми-әдістемелік проблема болып табылатыны белгілі.


Жоғары оқу орындарында қазақ тілін оқытудың ақпараттық коммуникациялық тұрғыдан қарастырылуын білім алушыға, яғни студентке, компьютерлік техниканы, коммуникациялық құралдар (компьютерлік техника және бағдарламалық құралдар) арқылы ақпарат беруді дайындау және беру үдерісі деп айтуға болады. Ақпараттық коммуникациялық технологияны пайдаланудың қазақ тілі сабақтарында жүзеге асырудағы қойылатын негізгі мақсаттарын былай тұжырымдауға болады:

– тұлғаның барлық ішкі әлеуетін іске қосу арқылы дамыту. Оның ойлауын, эстетикалық тәрбиесін жүзеге асыру, эксперименттік-зерттеу қызметін, білігін дамыту, ақпараттық мәдениетін қалыптастыру;

– әлеуметтік тапсырыстарды орындау. Пайдаланушының жалпы ақпараттық дайындығын қамтамасыз ету, маманды өзінің білім алу саласына қатысты тілдік дайындығын қамтамасыз ету;



– оқу-тәрбие үдерісін интенсификациялау оқытудың тиімділігін және сапасын көтеру, танымдық қызметтің уәждемесін қамтамасыз ету, пәнаралық байланысты ақпараттық және пәндік дайындық арқылы тереңдету.
Адам шынайы болмысқа деген өзінің ішкі қарым-қатынасын тілдік деңгейде ғана айқын және бейнелі түрде жеткізе алады. Сондықтан тілдік білімнің дұрыс қалыптасуы адамның сыртпен дұрыс қарым-қатынас жасаудағы маңызды құралы болады. Осыдан келіп бүгінгі күні білім берудегі маңызды болып табылатын білім алушының бойында құндылықтар жүйесінің қалыптастырылуы проблемасы туындайды. Қазақ тілі арқылы құндылықтар жүйесін қалыптастыру және қазақ тілін адамзат құндылығы деп таныту проблемасын тілді оқытудың аксиологиялық қырларын тану арқылы ғана жүзеге асырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет