Аксеология - құндылықтар туралы, олардың шығу тегі мен мәні туралы ілім.
Тілді оқытудың аксиологиялық қыры тілдің өзін әлеуметтік құндылықтар жүйесін құраушы негізі деп қарастырады. Қазақ тілін оқытудың аксиологиялық ерекшеліктерін оған деген көзқарастардың дұрыс бағдар алып, тілді оқыту, үйрету материалдарының қазақ халқының тілдік құндылықтарын білдіре алатын мазмұнда болуы керектігін және тілді үйренуші субъектінің когнитивтік қабілеттерін дамыту «қазақстандық дүниетаным картинасын» қалыптастыру арқылы қазақ тілінің құндылықтарын игертуге ұмтылдыруы керек. Қазақ тілінің аксиологиялық негіздері қазақ тілінің жеке тұлғаның әлеуметтенуі барысында бойында жинақтаған құндылықтар жүйесі мен ол жүйенің бағыт-бағдарын танытатын аксиологиялық әлеуетін дамытуды қарастырады. Сондықтан да жоғары оқу орнындағы кез келген білім алушы үшін қазақ тілі тек қана қазақ халқының тілдесу құралы емес, ол адамзаттың әлемдегі құндылықтар жүйесін құраушы элемент ретінде функция атқаратындығы және оның өз бойында адамзатты дамытушы қасиеті бар екендігі туралы пікір мен ой құралып, соның негізінде қазақ тілінен білім қалыптастырылады.
Қазақ тілін оқытудың әдіснамалық негіздерін тану - қазақ тілін оқытуда үлкен нәтижелерге әкелетін жолдардың теориялық қырын игеру арқылы қазақ тілін оқыту әдістемесін жасақтау, соның негізінде зор күш пен байлығы бар, ата-бабаның барлық аманаты мен тарихын, болашақта Қазақстан Республикасы деген елдің жарқыраған ең бірінші, ең нық сенімді белгісі болатын қазақ тілін әрдайым бар етіп тұратын оқу-тәрбие үдерісін құру. Ал жоғары оқу орындарының бүгінгі негізгі міндеттерінің бірі дұрыс, сауатты және теориялық негізделген педагогикалық үдерісті ұйымадастыру арқылы болашақ маманның қазақ тіліндегі коммуникативтік құзыреттілігін және Қазақстан мемлекетінің басты тілі болып табылатын қазақ тіліне деген азаматтық позициясын қалыптастыруды жүзеге асыру болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |