50-2) тармақшамен толықтырылды 50-2) педагог қызметін курстан кейін қолдау - педагогтің кәсіптік құзыреттілігін оның
курстан кейінгі қызметін үздіксіз мониторингтеу және әдістемелік, консультациялық
көмек көрсету арқылы дамытуды қамтамасыз ететін іс-шаралар жүйесі;
2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 50-3) тармақшамен толықтырылды 50-3) резидент-дәрігер - резидентураның білім беру бағдарламасы шеңберінде білім
алатын және тәлімгердің қадағалауымен медициналық ұйымда жұмыс істейтін дәрігер;
2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 51) тармақша жаңа редакцияда ( бұр.ред.қара ) 51) резидентура - мақсаты дербес клиникалық практикаға жіберу үшін тиісті
мамандық бойынша дәрігердің кәсіптік біліктілігін алу немесе өзгерту болып табылатын,
жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру деңгейі;
51-1) 2020.07.07. № 361-VI ҚР
Заңымен
алып тасталды
( бұр.ред.қара ) 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 52) тармақша өзгертілді ( бұр.ред.қара ) 52) рухани (діни) білім беру ұйымдары - дін қызметшілерін даярлаудың білім беру
бағдарламаларын іске асыратын оқу орындары;
53) стипендия - білім алушыларға олардың тамағына, күнелтуіне және оқу әдебиетін
сатып алуына жұмсалатын шығындарды ішінара жабу үшін берілетін ақша сомасы;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 53-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 53-1) тармақша өзгертілді ( бұр.ред.қара ); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 53-1) тармақша жаңа редакцияда ( бұр.ред.қара ) 53-1) стипендиялық бағдарламалар - қазақстандық жоғары және (немесе) жоғары оқу
орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында шетелдіктерді, оның ішінде Қазақстан
Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдарды оқытуды көздейтін
және мемлекеттік бюджет қаражатынан қаржыландырылатын бағдарламалар;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 53-2) тармақшамен толықтырылды; 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен ( бұр.ред.қара ); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен ( бұр.ред.қара ) 53-2) тармақша жаңа редакцияда 53-2) студент - техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің
білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымында оқитын адам;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 53-3) тармақшамен толықтырылды; 2018.04.07. № 171- VІ ҚР Заңымен 53-3) тармақша жаңа редакцияда ( бұр.ред.қара ) 53-3) студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен
қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыс - мемлекеттік білім беру тапсырысымен
байланысты, студенттер, магистранттар мен докторанттар үшін жатақханалардан жаңа
орындар беруді қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтер үшін ақшалай төлемдер;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 53-4) тармақшамен толықтырылды; 2018.04.07. № 171- VІ ҚР Заңымен 53-4) тармақша жаңа редакцияда ( бұр.ред.қара ) 53-4) сынып жетекшілігі - педагогке сыныпта білім алушылардың қызметін оқу-
тәрбие процесі шеңберінде үйлестіру бойынша жүктелген функция;
Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ»
Документ: 2007.27.07 № 319-III ҚР ЗАҢЫ
Статус документа: Действующий 03.12.2020 15: 51:41
15