2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.13.11. № 398- V ҚР Заңымен 2-1) тармақша жаңа редакцияда ( бұр.ред.қара ); 2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен 2-1) тармақша өзгертілді ( бұр.ред.қара ); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 2-1) тармақша жаңа редакцияда ( бұр.ред.қара ) 2-1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға
мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлуді бекітеді;
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 2-2) тармақшамен толықтырылды 2-2) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға
мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру және бөлу
қағидаларын
әзірлейді және
бекітеді;
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 2-3) тармақшамен толықтырылды 2-3) студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен
қамтамасыз етуге
мемлекеттік тапсырысты
бекітеді және орналастырады;
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 2-4) тармақшамен толықтырылды 2-4) студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен
қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыстың мөлшерін айқындау
әдістемесін
әзірлейді
және бекітеді;
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 2-5) тармақшамен толықтырылды 2-5) орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру,
сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз
қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын
балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу
қағидаларын
әзірлейді және бекітеді;
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 2-6) тармақшамен толықтырылды 2-6) орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру
бойынша көрсетілетін қызметтерді, тауарларды, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда,
жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру
ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз
етумен байланысты тауарларды жосықсыз берушілердің тізбесін қалыптастыру
қағидаларын
әзірлейді және бекітеді;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді ( бұр.ред.қара ) 3) білім беруді дамытудың жай-күйі туралы жыл сайынғы ұлттық баяндама әзірлеу
және жариялау арқылы қоғам мен мемлекетті білім беру жүйесінің жай-күйі және оның
қызметінің тиімділігі туралы нақты ақпаратпен қамтамасыз етеді;
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда ( бұр.ред.қара ) 4) білім беруді басқару жүйесінің білім беру мониторингін және оны ақпараттық
қамтамасыз етуді жүзеге асырады, білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерін
ұйымдастыру және олардың жұмыс істеу
қағидаларын
бекітеді;
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды 4-1) білім беру бағдарламалары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан
кейінгі білім беру ұйымдарына білім алушыларды қабылдау қорытындылары бойынша
мониторинг жүргізу
қағидаларын
әзірлейді және бекітеді;
5) білім беру сапасын басқаруды, білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметін
әдістемелік және әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды 5-1) білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті
білім беру
стандарттарын
әзірлейді және бекітеді;