«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-iii қазақстан Республикасының Заңы



Pdf көрінісі
бет43/90
Дата04.11.2023
өлшемі1,02 Mb.
#122228
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   90
Байланысты:
2007.27.07-319-III-R-ZA-Y

2015.24.11. № 419-V ҚР 
Заңымен
 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Мемлекет ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланыла отырып, 
электрондық 
оқытудың 
ақпараттық-коммуникациялық 
инфрақұрылымын 
құру 
жағдайларын қамтамасыз етеді. 
2018.04.07. № 171-VІ ҚР 
Заңымен
 2-2-тармақпен толықтырылды
2-2. Мемлекет студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы 
орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру арқылы студенттер, 
магистранттар мен докторанттар үшін жатақханалардағы жаңадан берілетін орындармен 
студенттерді, магистранттар мен докторанттарды қамтамасыз ету бойынша жағдай 
жасайды. Жатақханаларда тұру үшін ақы төлеу студенттерді, магистранттар мен 
докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік 
тапсырыстың құрамына кірмейді. 
Студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен 
қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыс шарты білім беру саласындағы уәкілетті орган, 
білім беру саласындағы уәкілетті органның операторы және жатақхананың меншік иесі 
арасында үш жылдан асатын мерзімге жасалады және бюджетті атқару жөніндегі орталық 
уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде міндетті тіркелгенінен кейін күшіне енеді. 
Жатақхананың нысаналы мақсатын өзгертуге кемінде жиырма жыл мерзімге тыйым 
салудың болуы студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы 
орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыс шартының міндетті талабы болып 
табылады. 
2011.24.10. № 487-ІV ҚР 
Заңымен
(
бұр.ред.қара
); 2013.14.01. № 68-V ҚР 
Заңымен
 
(
бұр.ред.қара
) 3-тармақ өзгертілді
3. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан 
кейінгі білім алуға қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында Мемлекеттік білім беру 
жинақтау жүйесін және мемлекеттік емес білім беруді кредиттеуді дамыту үшін 
жағдайлар жасалады. 
Мемлекет қаржылық ұйымдар беретiн бiлiм беру кредиттерiнiң кепiлдiк жүйесiн құру 
жөнiнде шаралар қабылдайды. 
2011.24.10. № 487-ІV ҚР 
Заңымен
 4-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
4. Мемлекет әлеуметтік көмекке мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтарын 
олардың білім алуы кезеңінде қаржылау шығыстарын толық немесе ішінара өтейді. 
Әлеуметтік көмек көрсетілетін Қазақстан Республикасы азаматтарының санатына: 
1) жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; 
2) даму мүмкіндіктері шектеулі балалар, мүгедектер және бала кезінен мүгедектер, 
мүгедек балалар; 
3) көп балалы отбасылардың балалары; 
2015.13.11. № 398-V ҚР 
Заңымен
4) тармақша жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
); 
2019.01.04. № 240-VІ ҚР 
Заңымен
 4) тармақша өзгертілді (
бұр.ред.қара

4) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарындағы және өмірлік қиын жағдайда 
жүрген балаларды қолдау орталықтарындағы балалар; 
5) жалпы және санаторийлік үлгідегі мектеп-интернаттарында, мектеп жанындағы 
интернаттарда тұратын балалар; 
6) дарынды балаларға арналған мамандандырылған интернаттық білім беру 
ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балалар; 


Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ» 
Документ: 2007.27.07 № 319-III ҚР ЗАҢЫ 
Статус документа: Действующий 03.12.2020 15: 51:41
43 
7) интернаттық ұйымдардың тәрбиеленушілері; 
8) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ 
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы 
ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балалар; 
9) денсаулық жағдайына байланысты бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру 
бағдарламалары бойынша ұзақ уақыт бойы үйде немесе стационарлық көмек, сондай-ақ 
қалпына келтіру емін және медициналық оңалту көрсететін ұйымдарда оқитын балалар; 
2017.25.12. № 122-VI ҚР 
Заңымен
 10) тармақша өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап 
қолданысқа енгізілді) (
бұр.ред.қара
)
10) Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалатын өзге де санаттағы 
азаматтар; 
2017.25.12. № 122-VI ҚР 
Заңымен
11) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 1 
қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (
бұр.ред.қара
)
11) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша айқындалатын өзге де 
санаттағы азаматтар жатады. 
2014.14.01. № 161-V ҚР 
Заңымен
 4-1-тармақпен толықтырылды; 2014.29.09. № 239-V ҚР 
Заңымен
(
бұр.ред.қара
); 2015.13.11. № 398-V ҚР 
Заңымен
(
бұр.ред.қара
); 2015.04.12. № 
435-V ҚР 
Заңымен
(2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (
бұр.ред.қара
); 
2016.09.04. № 501-V ҚР 
Заңымен
(
бұр.ред.қара
); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР 
Заңымен
 
(
бұр.ред.қара
) 4-1-тармақ өзгертілді
4-1. Мемлекет Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім 
алушылардың жекелеген санаттарын тамақтандыруға жұмсалатын шығыстарды 
толығымен немесе ішінара өтейді. 
2011.24.10. № 487-ІV ҚР 
Заңымен
(
бұр.ред.қара
); 2015.13.11. № 398-V ҚР 
Заңымен
 
(
бұр.ред.қара
) 5-тармақ өзгертілді
5. Денсаулық жағдайына қарай ұзақ уақыт бойы орта бiлiм беру ұйымдарына бара 
алмайтын азаматтар үшін үйде немесе стационарлық көмек, сондай-ақ қалпына келтіру 
емін және медициналық оңалту көрсететін ұйымдарда тегін жеке оқыту 
ұйымдастырылады. 
2011.24.10. № 487-ІV ҚР 
Заңымен
 6-тармақ жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
)
6. Мемлекет инклюзивті білім берудің мақсатын іске асыра отырып, білім берудің 
барлық деңгейінде даму мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға олардың білім алуына, 
дамуындағы ауытқуды түзетуіне және әлеуметтік бейімделуіне арнайы жағдайлар 
жасауды қамтамасыз етеді. 
7. Мемлекет тұрғындар саны аз елді мекендерде тұратын балалардың бастауыш, 
негізгі орта, жалпы орта білім алу құқықтарын қамтамасыз ету үшін шағын жинақты 
мектептер мен интернат ұйымдарының жұмыс істеуіне кепілдік береді. 
8. Мемлекет Қазақстан Республикасының дарынды азаматтарының элитарлық білім, 
оның ішінде шетелде білім алуына қажетті жағдай жасайды. 
2015.19.05. № 315-V ҚР 
Заңымен
 8-1-баппен толықтырылды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет