Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ»
Документ: 2007.27.07 № 319-III ҚР ЗАҢЫ
Статус документа: Действующий 03.12.2020 15: 51:41
96
6. Ақылы негізде қызметтер көрсететін білім беру ұйымдарының және білім
алушының (тәрбиеленушінің), оның ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдердің өзара
қатынастары шартпен реттеледі.
Білім алушы шарт жасасу кезінде бүкіл оқу кезеңіне шығыстарды бір мезгілде төлеген
жағдайда төлем сомасы оқу мерзімі аяқталғанға дейін өзгермейтін болады.
Оқуға төлемді кезең-кезеңмен төлеген ретте төлем сомасы жалақының ұлғаюы
жағдайында және инфляция индексі ескеріле отырып, жылына бір реттен жиі емес
өзгертілуі мүмкін.
64-бап.
Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын дамыту
1. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жасау
және дамыту бюджет қаражаттары, ақылы негізде көрсетілетін қызметтерден түскен
кірістер, Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер
есебінен жүзеге асырылады.
2. Білім беру ұйымдарының Қазақстан Республикасының заңнамасымен
айқындалатын тәртіппен мүліктерге иелік ету және пайдалану құқығы бар. Білім беру
ұйымының мемлекеттік мүлкі алып қойылуға немесе білім беру ұйымының негізгі
міндеттеріне қайшы келетін мақсаттарда пайдаланылуға тиіс емес.
2011.01.03. № 414-ІV ҚР
Заңымен
3-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
3. Білім беру ұйымдарын жекешелендіру «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан
Республикасының Заңына сәйкес және білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісім
бойынша жүзеге асырылады.
2011.24.10. № 487-ІV ҚР
Заңымен
4-тармақпен толықтырылды; 2018.04.07. № 171-VІ ҚР
Заңымен
(
бұр.ред.қара
); 2018.04.07. № 172-VI ҚР
Заңымен
(
бұр.ред.қара
) 4-тармақ
өзгертілді
4. Конкурстық негізде «Орта білім беретін үздік ұйым», «Техникалық және кәсіптік,
орта білімнен кейінгі білім беретін үздік ұйым» гранттарын алған орта, техникалық және
кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін мемлекеттік мекемелер гранттарды
материалдық-техникалық және ғылыми-әдістемелік жағынан білім беру процесін
қамтамасыз етуге жұмсайды.
2018.04.07. № 171-VІ ҚР
Заңымен
64-1-баппен толықтырылды
Достарыңызбен бөлісу: