Білім туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 Заңы


-бап. Білім беру жүйесін басқару органдарын ақпараттық қамтамасыз ету



Pdf көрінісі
бет4/18
Дата12.03.2017
өлшемі2,03 Mb.
#8797
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

   7-бап. Білім беру жүйесін басқару органдарын ақпараттық қамтамасыз ету 
      1. Білім беру жүйесін басқару органдарын толық, дұрыс, салыстырмалы ақпаратпен 
уақтылы қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасында білім беруді тиімді 
басқарудың мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесі 
құрылады және жұмыс істейді.
 
      2. Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесі білім беру мониторингінің деректерін, 
статистикалық байқауларды және білім беру саласындағы уәкілетті орган, жергілікті 
атқарушы органдар, білім беру ұйымдары өз міндеттерін жүзеге асыру кезінде алған өзге де 
деректерді қамтиды.
 
      Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.10.24 
№ 487-ІV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
 
 
 
   8-бап. Білім беру саласындағы мемлекеттік кепілдіктер 
      1. Мемлекет білім алу құқығын білім беру жүйесін дамыту, оның жұмыс істеуінің 
құқықтық негізін жетілдіру және Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес білім 
алу үшін қажетті әлеуметтік-экономикалық жағдайлар жасау арқылы қамтамасыз етеді.
 
      Білім беру сапасын мемлекеттік бақылау білім беру сапасын бағалаудың ұлттық 
жүйесін жасау және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады.
 

      2-1. Мемлекет ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланыла отырып, 
электрондық оқытудың ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын құру жағдайларын 
қамтамасыз етеді.
 
      2. Мемлекет Қазақстан Республикасы азаматтарының тегін мектепалды, бастауыш, 
негізгі орта, жалпы орта білім алуын, түлектерге жұмысшы біліктілігінің белгіленген және 
жоғарылатылған деңгейін бере отырып, техникалық және кәсіптік білім алуын, сондай-ақ, 
әскери, арнаулы оқу орындарында алынатын білімді қоспағанда, егер Қазақстан 
Республикасының азаматы осы деңгейлердің әрқайсысында бірінші рет білім алатын болса, 
мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін техникалық және 
кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуын 
қамтамасыз етеді.
 
      Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасына 
отбасына қосылу мақсатында келген шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың білім 
беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының 
азаматтарымен бірдей мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алуға 
құқығы бар.
 
      Әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, Қазақстан Республикасында тұрақты 
тұратын азаматтығы жоқ адамдарға, егер олар осы деңгейлердің әрқайсысында бірінші рет 
білім алатын болса, мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін 
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі 
білім алуға құқық беріледі.
 
      Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін 
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі 
білім алуға құқығы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады.
 
      3. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан 
кейінгі білім алуға қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында Мемлекеттік білім беру 
жинақтау жүйесін және мемлекеттік емес білім беруді кредиттеуді дамыту үшін жағдайлар 
жасалады.
 
      Мемлекет қаржылық ұйымдар беретiн бiлiм беру кредиттерiнiң кепiлдiк жүйесiн құру 
жөнiнде шаралар қабылдайды.
 
      4. Мемлекет әлеуметтік көмекке мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтарын олардың 
білім алуы кезеңінде қаржылау шығыстарын толық немесе ішінара өтейді.
 
      Әлеуметтік көмек көрсетілетін Қазақстан Республикасы азаматтарының санатына:
 
      1) жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
 
      2) даму мүмкіндіктері шектеулі балалар, мүгедектер және бала кезінен мүгедектер, 
мүгедек балалар;
 
      3) көп балалы отбасылардың балалары;
 
      4) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарындағы балалар;
 
      5) жалпы және санаторийлік үлгідегі мектеп-интернаттарында, мектеп жанындағы 
интернаттарда тұратын балалар;
 
      6) дарынды балаларға арналған мамандандырылған интернаттық білім беру ұйымдарында 
тәрбиеленетін және білім алатын балалар;
 
      7) интернаттық ұйымдардың тәрбиеленушілері;
 
      8) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ 
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең 
төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балалар;
 
      9) денсаулық жағдайына байланысты бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру 
бағдарламалары бойынша ұзақ уақыт бойы үйде немесе стационарлық көмек, сондай-ақ қалпына 
келтіру емін және медициналық оңалту көрсететін ұйымдарда оқитын балалар;
 
      10) Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалатын өзге де санаттағы азаматтар 
жатады.
 

      4-1. Мемлекет Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім 
алушылардың жекелеген санаттарын тамақтандыруға жұмсалатын шығыстарды толығымен немесе 
ішінара өтейді.
 
      Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша 
көрсетілетін қызметтерді, тауарларды, сондай-ақ мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, 
жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында 
тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты 
тауарларды сатып алу бөлігінде Қазақстан Республикасының білім саласындағы заңнамасымен 
реттелген құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу 
туралы заңнамасының күші қолданылмайды.
 
      Орта білім беру ұйымдарында оқитындарды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке 
дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған 
балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбие алатын және оқитын балаларды 
тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарлар сатып алу қағидалары, Мектепке 
дейінгі, орта білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз 
қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында оқитын және тәрбиеленетін балаларды 
тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді жосықсыз берушілердің, 
тауарлардың тізбесін қалыптастыру қағидаларын білім саласындағы уәкілетті орган 
айқындайды.
 
      5. Денсаулық жағдайына қарай ұзақ уақыт бойы орта бiлiм беру ұйымдарына бара 
алмайтын азаматтар үшін үйде немесе стационарлық көмек, сондай-ақ қалпына келтіру емін 
және медициналық оңалту көрсететін ұйымдарда тегін жеке оқыту ұйымдастырылады.
 
      6. Мемлекет инклюзивті білім берудің мақсатын іске асыра отырып, білім берудің 
барлық деңгейінде даму мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға олардың білім алуына, 
дамуындағы ауытқуды түзетуіне және әлеуметтік бейімделуіне арнайы жағдайлар жасауды 
қамтамасыз етеді.
 
      7. Мемлекет тұрғындар саны аз елді мекендерде тұратын балалардың бастауыш, негізгі 
орта, жалпы орта білім алу құқықтарын қамтамасыз ету үшін шағын жинақты мектептер мен 
интернат ұйымдарының жұмыс істеуіне кепілдік береді.
 
      8. Мемлекет Қазақстан Республикасының дарынды азаматтарының элиталық білім, оның 
ішінде шетелде білім алуына қажетті жағдай жасайды.
 
      Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.22 
№ 478-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.10.24 
№ 
487-ІV
 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа 
енгiзiледi), 2012.02.13 
N 553-IV
 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн 
өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2013.01.14 
N 68-V
 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін 
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 21.05.2013 
№ 93-V
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.01.2014 
№ 
161-V
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 
енгізіледі); 29.09.2014 
N 239-V
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он 
күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.11.2015 
№ 398-V
 (алғашқы ресми жарияланған 
күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 
№ 419-V
 
(01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.12.2015
 № 435-V
 (01.01.2016 бастап 
қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 
№ 501-V
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін 
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 
 
 
   8-1-бап. Білім беру саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар 
      Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім 
берудің, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің, конкурстық 
негізде алынатын жоғары білімнің ең төмен әлеуметтік стандарттары "Ең төмен әлеуметтік 
стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 

білім беру саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар болып табылады.
 
      Ескерту. 2-тарау 8-1-баппен толықтырылды - ҚР 19.05.2015 
№ 315-V
 Заңымен (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
 
 
 
   8-2-бап. Білім беру саласындағы мемлекеттік монополия 
      Білім беру деңгейлері бойынша оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендер мен құралдарға 
сараптама жүргізуді, сондай-ақ білім беру жүйесі мен білім беру процесін әдіснамалық 
және ғылыми-әдістемелік (мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары, оқу 
жоспарлары, оқу бағдарламалары) қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қызмет 
мемлекеттік монополияға жатады.
 
      Ескерту. 2-тарау 8-2-баппен толықтырылды - ҚР 13.11.2015 
№ 398-V
 Заңымен (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
 
 
 
   9-бап. Оқыту және тәрбиелеу тілі 
      1. Білім беру ұйымдарындағы тіл саясаты Қазақстан Республикасының Конституциясына 
және Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
 
      2. Меншік нысандарына қарамастан барлық білім беру ұйымдары білім алушылардың 
мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін білуін, сондай-ақ білім берудің тиісті деңгейінің 
мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес орыс тілін және шет тілдерінің біреуін 
оқып-үйренуін қамтамасыз етуге тиіс.
 
      3. Ана тілінде білім алу құқығы тиісті білім беру ұйымдарының мүмкіндіктері болған 
жағдайда сыныптар, топтар құрумен, сондай-ақ олардың жұмыс істеуіне жағдай жасаумен 
қамтамасыз етіледі.
 
      Мемлекеттік тілде оқытатын тиісті білім беру ұйымдарын, сыныптарды, топтарды құру 
басым бағыт болып табылады.
 
      РҚАО-ның ескертпесі!
 
      4-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 09.04.2016 
№ 501-V
 Заңымен (01.01.2017 
бастап 
қолданысқа
 енгізіледі).
 
      4. Мемлекеттік тіл және орыс тілі ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу кезінде пәндер 
тізбесіне енгізілетін міндетті пәндер болып табылады.
 
      Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.10.24 
№ 487-ІV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
 
 
 
   9-1-бап. Білім беру ұйымдарын аккредиттеу 
      1. Білім беру ұйымын аккредиттеу ерікті негізде жүзеге асырылады.
 
      Білім беру ұйымы аккредиттеу органын өз бетінше таңдайды.
 
      2. Аккредиттеуден өткізу туралы немесе аккредиттеуді өткізуден бас тарту туралы 
шешімді аккредиттеу органы білім беру ұйымы өтінішінің және тізбесін аккредиттеу органы 
айқындайтын, ұсынылған құжаттардың қаралу нәтижелері бойынша қабылдайды.
 
      Аккредиттеуді өткізудің шарттары мен мерзімдері білім беру ұйымы мен аккредиттеу 
органы арасындағы аккредиттеуді өткізу туралы шартта айқындалады.
 
      3. Аккредиттеу органы өзінің аккредиттеу стандарттарына (регламенттеріне) сәйкес 
институционалдық немесе мамандандырылған аккредиттеуді өткізеді.
 
      4. Білім беру ұйымын аккредиттеу білім беру ұйымының қаражаты есебінен өткізіледі.
 
      5. Білім беру ұйымдары уәкілетті органның тізіліміне енгізілген аккредиттеу 
органдарында ұлттық және халықаралық институционалдық, мамандандырылған аккредиттеуден 
өтуге құқылы.
 
      6. Біліктілікті арттыру институттары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 
жалпы негіздерде аккредиттеуден өтуге құқылы.
 
      Ескерту. 2-тарау 9-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.10.24 
№ 487-ІV
 (алғашқы ресми 

жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
 
 
 
   3-тарау. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ 
   10-бап. Білім беру жүйесі ұғымы 
      Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі өзара іс-қимыл жасайтын:
 
      1) білім беру деңгейінің сабақтастығын қамтамасыз ететін мемлекеттік жалпыға 
міндетті білім беру стандарттарының және білім беру бағдарламаларының;
 
      2) үлгілері мен түрлеріне қарамастан, білім беру бағдарламаларын іске асыратын 
білім беру ұйымдарының;
 
      3) білім беруді басқару органдары мен тиісті инфрақұрылымдардың, оның ішінде білім 
беру мониторингін жүзеге асыратын оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету 
ұйымдарының;
 
      4) білім беру қызметінің субъектілері бірлестіктерінің жиынтығын бiлдiредi.
 
      Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.10.24 
№ 487-ІV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.11.2015 
№ 
398-V
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 
енгізіледі) Заңдарымен.
 
 
 
   11-бап. Білім беру жүйесінің міндеттері 
      1. Білім беру жүйесінің міндеттері:
 
      1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері 
негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы 
білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
 
      2) жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат
 
      мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін 
қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту;
 
      3) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына 
сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық 
дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көріністерге 
төзбеуге тәрбиелеу;
 
      4) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-
саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен 
міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;
 
      5) отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу; қазақ халқы мен 
республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу; 
мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгерту;
 
      6) педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін арттыруды қамтамасыз ету;
 
      7) білім беру ұйымдарының еріктілігін, дербестігін кеңейту, білім беру ісін 
басқаруды демократияландыру;
 
      8) қоғам мен экономиканың қажеттеріне жауап беретін білім беру сапасын бағалаудың 
ұлттық жүйесінің жұмыс істеуі;
 
      9) оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру 
бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез 
бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды енгізу және тиімді
 
      пайдалану;
 
      10) жалпы оқытудың, жұмыс орны бойынша оқытудың және еңбек нарығының қажеттері 
арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететін және әркімге өзінің білім мен біліктілікке 
негізделген жеке әлеуетін қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін оқыту жүйесін өмір 
бойы дамыту;
 
      11) білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциясы;
 

      12) білім алушылардың кәсіптік ұмтылысын қамтамасыз ету;
 
      13) жұмыс берушілермен және басқа да әлеуметтік әріптестермен белсенді өзара іс-
қимыл арқылы техникалық және кәсіптік білім берудің озық қарқынмен дамытылуын қамтамасыз 
ету;
 
      14) ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдардың (балалардың) сапалы білім 
алуына арнайы жағдайлар жасау болып табылады.
 
      Ескерту. 11-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.10.24 
№ 487-ІV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.11.2015 
№ 
398-V
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 
енгізіледі) Заңдарымен.
 
 
 
   12-бап. Білім беру деңгейлері 
      Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі жалпы білім беретін оқу және білім 
беру бағдарламаларының үздіксіздігі және сабақтастығы принципі негізінде мынадай білім 
беру деңгейлерін:
 
      1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды;
 
      2) бастауыш білім беруді;
 
      3) негізгі орта білім беруді;
 
      4) орта білім беруді (жалпы орта білім беруді, техникалық және
 
      кәсіптік білім беруді);
 
      5) орта білімнен кейінгі білім беруді;
 
      6) жоғары білім беруді;
 
      7) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді қамтиды.
 
      Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.11.2015 
№ 398-V
 Заңымен (алғашқы ресми 
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
 
 
 
   4-тарау. БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ 
   13-бап. Білім беру мазмұнының ұғымы 
      Білім беру мазмұны - жеке адамның біліктілігі мен жан-жақты дамуын қалыптастыру 
үшін негіз болып табылатын білім берудің әрбір деңгейі бойынша білімдер жүйесі (кешені).
 
      Білім беру мазмұны білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары 
негізінде әзірленетін жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларымен 
айқындалады.
 
      Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.11.2015 
№ 398-V
 Заңымен (алғашқы ресми 
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
 
 
 
   14-бап. Білім беру бағдарламалары 
      Ескерту. 14-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 13.11.2015 
№ 398-V
 Заңымен 
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 
енгізіледі).
 
       1. Білім беру бағдарламалары мазмұны мен бағыттарына (міндеттеріне) қатысты:
 
      1) жалпы білім беретін (үлгілік, жұмыстық);
 
      2) кәсіптік (үлгілік, жұмыстық);
 
      3) қосымша болып бөлінеді.
 
      Үлгілік оқу бағдарламалары мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру 
стандарттарының талаптарына сәйкес әзірленеді.
 
      Жұмыстық оқу бағдарламалары тиісті үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу 
бағдарламаларының негізінде әзірленеді.
 
      2. Жалпы білім беретін оқу бағдарламалары жеке адамның жалпы мәдениетін 
қалыптастырудың, жеке адамды қоғамдағы өмірге бейімдеудің міндеттерін шешуге, кәсіпті, 
мамандықты саналы түрде таңдау мен меңгеру үшін негіз жасауға бағытталған.
 

      Жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мазмұнына қарай мынадай оқу 
бағдарламаларына:
 
      1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту;
 
      2) бастауыш білім беру;
 
      3) негізгі орта білім беру;
 
      4) жалпы орта білім беру болып бөлінеді.
 
      Дарынды адамдардың әлеуетті мүмкіндіктерін неғұрлым толық дамыту үшін оқу 
бағдарламасының жекелеген пәндерін тереңдетіп оқытуды көздейтін мамандандырылған жалпы 
білім беретін оқу бағдарламалары әзірленеді.
 
      Адамдардың жекелеген санаттары үшін психологиялық-медициналық-педагогтік 
консультациялардың ұсынымдары ескеріле отырып айқындалатын, білім алушылар мен 
тәрбиеленушілердің даму және әлеуеттік мүмкіндіктерінің ерекшеліктері ескерілетін арнайы 
оқу бағдарламалары әзірленеді.
 
      3. Білім беру бағдарламалары экономика салаларындағы кәсiптiк қызмет бағыттары 
бойынша білікті жұмысшы кадрлары мен орта буын мамандарын даярлауға, жеке бастың 
кәсiптiк және жалпы бiлiм деңгейiн дәйекті түрде арттыруға бағытталған.
 
      Кәсіптік бағдарламалар мазмұнына қарай:
 
      1) техникалық және кәсiптiк бiлiмнің;
 
      2) орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмнің;
 
      3) жоғары бiлiмнің;
 
      4) жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмнің білім беру бағдарламаларына бөлiнедi.
 
      4. Қосымша білімнің білім беру бағдарламалары білім алушылардың өзін-өзі билеуін, 
шығармашылығын дамыту, олардың қабілеттерін іске асыру, қоғам өміріне бейімделуі, 
азаматтық сана-сезімін, жалпы мәдениетін, салауатты өмір салтын қалыптастыру, бос 
уақытын мазмұнды ұйымдастыру үшін жағдайлар жасауды көздейді.
 
      5. Оқытудың жаңа технологияларын сынақтан өткізу, білім берудің жаңа мазмұнын 
енгізу үшін эксперимент режимінде (эксперименттік алаңдарда) жұмыс істейтін білім беру 
ұйымдарында іске асырылатын эксперименттік білім беру бағдарламалары әзірленеді.
 
      6. Интеграцияланған білім беру бағдарламаларын бiлiм беру ұйымдары әзiрлейдi. 
Интеграцияланған бiлiм беретін оқу бағдарламалары пәнаралық және деңгейаралық, жоғары 
оқу орындары аралық және халықаралық болуы мүмкiн.
 
      7. Алып тасталды - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған 
күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
 
      8. Медициналық және фармацевтік мамандықтар бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын 
бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша денсаулық сақтау саласындағы 
уәкілетті орган бекітеді.
 
      8-1. Су көлігі саласындағы мамандықтар бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын білім 
беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша сауда мақсатында теңізде жүзу 
саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган бекітеді.
 
      9. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, бiлiм беру ұйымы 
лицензиясы болған жағдайда әртүрлi деңгейдегi білім беру бағдарламаларын iске асыруға 
құқылы.
 
      Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.19 
N 395-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.10.24 
№ 
487-ІV
 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа 
енгiзiледi), 2012.07.10 
N 36-V
 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн 
өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.01.2015 
№ 276-V
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен 
кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.11.2015 
№ 398-V
 (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 
Заңдарымен.
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет