Білім әлеуметтануының негізін салғандар мен оны жан-жақты зерттегендер:
Э. Дюркгейм мен М. Вебер. Олар білім берудің әлеуметтік қызметтерін, оның экономикамен және саясатпен байланысын зерттеді.
Т.Парсонс білімді әлеуметтендіру институты ретінде зерттеуді, оқыту мекемелерін әлеуметтік жүйелер (рольдер мен нормалар жүйелері) ретінде қарастыруды ұсынды.
Н.Гросс, Р.Будон, Р.Коллинс назарды білім алушының әлеуметтік жағдайын талдау, оның білім жүйесіндегі жетістіктеріне, білім мен стратификацияның байланысын зерттеуге аударды.
Білім әлеуметтануының пәні:
Әлеуметтік институт ретіндегі білім, оның мекемелері, әлеуметтік ұйымдар және білім беру саясаты.
Білім беру жүйесінің қоғаммен және оның элементтерімен байланысын;
Білім беру саласының проблемаларын;
Білім беру институттарының қызметкерлерінің өзара әлеуметтік қарым-қатынастары.
Білімнің әлеуметтік қызметтері:
Әлеуметтендіру, тұлғаны дамыту;
Мәдениетті тарату, оны ұрпаққа және адамдардың өзара бір-біріне беру;
Қоғамды интеграциялау;
Әлеуметтік мәртебе беру немесе иелену
Ізгілендіру (гуманизациялық)
Кәсіби-экономикалық;
Ақпараттық-зерттеушілік;
Әлеуметтік-диффренциялық;
Эгалитарлық (теңестіру);
Әлеуметтік-саяси
Отбасылық өмірге даярлау
Білім беру институтының құрылымы:
1. Мектепке дейінгі білім беру мекемелері;
2. Мектептер:
Бастауыш деңгей;
Негізгі мектеп;
Орта мектеп:
Жалпы білім беру мектептері;
Гимназиялар;
Лицейлер;
Профильдік мектептер
Қосымша білім беру мекемелері (секциялар, үйірмелер);