Байланысты: Білімді тексеру мен ба ылау а арнал ан тапсырмалар Д рыс педагог
2. Педагогикалық ұжымдағы қақтығыс түрлері, олардың алдын алу жолдары Ғылыми-әдістемелік, педагогикалық-психологиялық әдебиеттерде ғылыми халықаралық термин «конфликт» қазақ тілінде қақтығыс, егесу, керісу, жанжал, дау-жанжал, тартыс деген мағыналарда жиі қолданылады. Бұл аталған ұғым, түсініктер оқушыларға білім беру, оқыту, үйрету барысында, оларды тұлға ретінде қалыптастыруда, олардың мәдени қарым-қатынасында, мінез-құлқында жиі көрініс табатыны белгілі.
Оқушылардың даму процесінде олардың жас және жеке педагогика-психологиялық ерекшеліктеріне байланысты олар арасындағы қақтығыс және оның басқа түрлерінің келіп шығуы, пайда болуы табиғи нәрсе екендігін де ұмытпаған жөн.
Ғылыми-педагогикалық және психологиялық туындыларға сүйене отырып қақтығыс (конфликт) тың мынадай түрлерін атауға болады: тұлғааралық қақтығыстар, отбасындағы (ерлі зайыптылар арасындағы) қақтығыстар, саяси және мемлекетаралық қақтығыстар.
Сонымен қатар, педагогикалық мамандыққа қатысты «педагогикалық еңбек, қызметтегі», «инновациялық» (жаңалықтар енгізілуіне байланысты) қақтығыстарды өз алдына бөліп , жеке қарастыруға да болады.
Қақтығыс, конфликт адамдар арасындағы қарым-қатынас психологиясының негізгі бір компоненті болғандықтан, сол ұнамсыз қатынастың келіп шығу себептері, факторлары, жағдайлары, оның түрлері, технологиясы мен механизмі, көріністері, дамуы немесе тежелуі, оларды болдырмау яки шешімін табу жолдары сияқты мәселелерге көңіл бөлінуі қажет.
Психолог-ғалымдар тұлғааралық қақтығысқа мынадай анықтамалар береді:
-«Екі күшті, бірақ қарама-қарсы бағыттағы пікір-көзқарастың қақтығысуы , тартысы» (А. Лурия)
– тұлғаның терең және өзекті себеп (мотив) және қақтығыстардан қанағаттанбау нәтижесі» (В.Мерлин)
– санада ерекше құндылықтар ретінде қалыптасқан екі ішкі сезім-түсініктің тоғысуы» (Ф. Василюк.) және т.б.
Сонымен, қорыта айтқанда, тұлғааралық қақтығыс дегеніміз «адамның ішкі сезім дүниесінің ұзақ созылған арпалысынан, күресінен пайда болған, тұрмыстық ортаның қайшылықтарын аңғартатын, шешімі әлі табылмаған тұлғаның уайым, ренжуі» (А.Я. Анцупов, С.Б.Баклановский)
Субъекттердің өзара әрекетіне қарай отбасындағы қақтығыстар былайша бөлінеді: ерлі-зайыптылар арасындағы, ата-аналар мен балалар, ерлі-зайыптылар мен олардың ата-аналары, әжелер (аталар) мен немерелер арасындағы қақтығыстар.
Басшылар мен оған бағынушылар арасындағы өзара қарым-қатынас ғылымда да, практикада да өзекті мәселе.
Мұнда басқарудың стилі, басшылық, абырой, сый-құрмет, ұжымда социал-психологиялық жағдай-климат жасау мәселелері үлкен мәнге ие.
Қақтығыстың келіп шығуының мынадай факторлары бар.
Обьективті факторлар:
қатынастың субординациялық параметрі, функциональды және тұлғалық қатынас арасындағы қарама-қайшылық әрқашанда қақтығыс тудырады;
«Адам-адам» жүйесіндегі қызмет те табиғатында қақтығыссыз емес;
Борыш, міндет пен құқық тең болуы қажет;
Басшының әлеуметтік және профессионалдық жағдайға бейімделуінің күрделілігі және т.б.
Субъектив себептер:
басқарушылық себептері: дұрыс басқара алмау, мамандықтың төмендігі, еңбек стимулын ұйымдастыра алмау, т.б;
тұлғалық себептер.
Қатынас жасау мәдениеті төмендегі, өз міндетін шын ықыласпен орындамау, бастыққа жағымпаздану және психологиялық ерекшеліктері және бастық пен бағынушылар арасындағы келіспеушілік (қарсы келу, эмоциялық жағдайы, күйіп-пісуі, өзін жоғары ұстау, кейбір мінез-құлықтарының ұнамсыздығы және т.б.
Әр бір әлеуметтік топтардағы сияқты жалпы білім беретін мектептерге де әр түрлі қақтығыстар тән.
Педагогикалық сала жеке тұлғаны мақсатты түрде қалыптастыру әрекетінің жинақталған түрі, яғни өмірде көрініс табатын барлық тәжірибені оқушылардың санасына сіңіру, дағды, іскерліктерді қалыптастыру. Сондықтан да мұнда педагогтар, ата – аналар және оқушылар үшін қолайлы, ұнамды, жағымды педагогика – психологиялық жағдай жаратылған болуы керек.
Ағартушылық саласында 4 субъектің қызметі өз бірлестігін, өзара ықпалдастығын таба білуі қажет: оқушы, оқытушы, ата- аналар және басқарушы (администратор). Олар арасында өзара қақтығыстар жүзеге келу ықтималы бар.
Кейс №1 Басшының және қызметкердің этикалық қарым-қатынас кодексін әзірлеу
Мекеме басшысы лауазымдық міндеттерін орындау кезінде жеке қарым-қатынасты және жеке пайданы емес, ортақ мүддені ойлауы керек; Ішкі нормативті құжаттардың талаптарын сақтау, бұзған немесе сақтамаған жағдайда жауапкершілігін сезіну; Жаңа қызметкерлерді қабылдағанда Қазақстан Республикасы заңнамасын және ішкі талаптарды ескереді. Жас, жыныстық, діни немесе нәсілдік тұрғыда кемсіту болмайды. Қызметкерлердің кәсібі біліктілігін арттыру үшін барлық жағдай жасалуы керек.