«Білімді зерек адам болам!»-десең,Қара өзіңді басқаның айнасымен»



Дата25.01.2023
өлшемі15,64 Kb.
#62921
Байланысты:
Мәшһүр Жүсіп


----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
«Білімді зерек адам болам!»-десең ,Қара өзіңді басқаның айнасымен»
М.Жүсіп халқымыздың әдебиетін тереңінен зерттеп,бүгінгі ұрпаққа жеткізген ұлы тұлға.Зерттеулерге көз жүгіртсек, академик М.Әуезов:«Халқымыздың ұлы тұлғаларының еңбектерін ұрпақққа жеткізуге Мәшһүр Жүсіптің еңбегі зор.Себебі,ол тарихымыздың таралуына,әдебиет өнерінің өркендеуіне өз үлесін қосқан кемеңгер адам. Тарих- өшпейтін мұра.Оны бүгінгі күнге жеткізген тек есті,өнер қасиетін түсінетін адам. Академик-жазушы С.Мұқанов: "ХVІІІ ғасырда жасаған ақындардың ішінен жыры мол сақталған – Бұқар жырау. Бұқардың жырларын сақтап, тарих алдында ерекше еңбек сіңірген адам – Мәшһүр Жүсіп Көпеев»,-деген болатын.Өз мұраларының жақсаруына осы ақындардың ықпалы зор.Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы білімге құштар,халықтың назарын оқу білімге аударған ұлы тұлға.Өз халқының қамын ойлаған ақын қажеттіліктің қандай тұрғыда келетінін басты назарға алды. «Білімді зерек адам болам!»-десең ,Қара өзіңді басқаның айнасымен»,деген ұғыммен өзінің өлеңдеріндегі ойды сол заманда өмір сүрген ақындардың ойларымен салысттыра отырып,халыққа жеткізе білген.
Біліммен қаруланып ойларын алыстан орағытып халыққа түсінікті тілмен жеткізген.Оны өлеңдерінен аңғаруға болады.
«Ең әуел керек нәрсе иман»-деген...
...«Екiншi керек нәрсе- ғақыл» –деген...
...«Үшiншi қымбат нәрсе- сабыр!»-деген...
...«Төртiншi, қымбат нәрсе шүкiр»-деген...
...«Бесiншi, қымбат нәрсе-әдеп»- деген
Әдепсiзде иман тұру ғажап!»-деген.
«Кәпiрлiк- әдептiде тұрмағандай,
Әдеп деген Махаббатқа себеп!»-деген.
«Бес қымбат» өлеңінде адам бойында ең бірінші иман,екінші ақыл,үшінші сабыр,төртінші кез келген нәрсеге шүкіршілік жасау керектігін айтса, бесінші әдеп керек деп ескерткен.ақынның бұл өлеңінен осы бесеуі адам бойынан табылатын болса,ғылымды меңгеріп,жетістікке жетеді деген ойды аңғарамыз.
«Тауып ал дер күнінде ғылым-білім,
Есер боп, жігітліктен болма мастан.
Еш нәрсе табарың жоқ мұнан былай,
Болған соң үміт-ойың қиғаш қастан.»,ақын бұл өлеңінде ғылым,білімнің пайдасының зор екендігін аңғартады.
Өнерге ғылым-білім кірген жақсы,
Өткізбе жігіт жасты байқамастан.
Білімге ие болсаң, шын [шен] табарсың,
Нала қып, жұмыртқаны шайқамастан! Жастық шақтың қадірін тереңнен ойлауға бағыттап,бағдар береді.
Жұмыс қыл, талап, қайрат быхан һабын
Ол рас боп, кейінгіге болсын дастан.-бұл өлең жолынан еңбектене отырып,жақсы дәрежеге білімді ғана жететіндігін аңғартады.
Ғаділдік, туралықта тұрғаннан соң,
Көңесте би боларсың, сайламастан. Бұл өлең жолдарында әділдіктің,парасаттылықтың шындықтың нәтижесінде келетіндігін сөзіне тиек қылады.
Бұрынғыны көксеумен ауыз ашпа,
Тозығы жеткен жолға аяқ баспа!
"Мен баяғы болам!" - деп, әуреленген
Жансыз жарымеспенен араласпа!-ақынның осы өлең жолынан білімді зерек адамның зердесі оқып,білім алғанда ғана ашылатындығын аңғаруға болады.Ескілікті көксеген адамның болашағы бұлыңғыр екендігін дәлелдеген.
Алла адамды жаратты артық зерек,
Өзгеден ерекше қып оқшау бөлек.
Ақылыңа сыйғанды алып ұста-дағы,
Ақылға сыймағаны қылма керек.Ақылды адам ғана болашағына бағдар жасай алады деген тұжырымы ұрпағына арналады.Ақын өлеңдерінің сырын да осыдан аңғаруға болады.Біліммен қаруланып,өнермен өмірін өрнектеген тұлғалар тағдырын үлгі қылған.
Қорыта келгенде,өз заманының заңғар тұлғасының тағдыры тікелей данышпандығы білім мен өнерінің өзектілігін аңғартады.адамда ең алдымен ақыл болу керек,сол арқылы болашағына жол салады.екінші сабыр керек.Өйткені ,сабырсыздық олақ ойлауға алып келеді нәтижесінде адамда қанағат пайда болады. «Білімді зерек адам болам!»-десең ,Қара өзіңді басқаның айнасымен»,- дегені өз өлеңдерінен үлгі ала отырып келешекке нық қадам жасай аласың деген ойды түйіндейді.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет