«Білімге ұмтылу,еңбексүйгіштік және патриотизм»


Ақылды туған кісінің ақымақ болса баласы, Ақылдымын деп айтуға келе де бермес шамасы



бет18/19
Дата23.01.2023
өлшемі104,21 Kb.
#62446
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
Т

Ақылды туған кісінің ақымақ болса баласы, Ақылдымын деп айтуға келе де бермес шамасы
Жантану мамандары бұл орайда мына алты белгі адаспауға жол көрсетеді дейді. Олардың зерттеуінше, ақымақты да, ақылдыны да негізгі 6 белгіге қарап, айыруға, тануға болады екен. БІРІНШІ БЕЛГІ «Адамның қандай екенін бір көргеннен білем» деу – ақымақтық. Алғашқы кездесуден соң-ақ «Қандай екені белгілі болды» деп, арақатынасқа нүкте қоя салу немесе бір көрген адам туралы жақсы не жаман деп пікір айту ақымақтың ісі. Өйткені жағдайға байланысты ақымақ ақыл айтатын, ал ақылдының ақымақтық жасап алатын кезі де болады. Сондықтан да ақылды адамды бір көргеннен тану мүмкін емес екенін біледі. Ол кез келгенді айтқан сөзіне емес, әр түрлі көңіл күйде өзін-өзі ұстауына қарай бағалайды. Ал оған кемінде 6 ай қажет. ЕКІНШІ БЕЛГІ Барлық адам қателеседі, қателік жасайды. Бірақ ақымақ ешқашан өз қатесін мойындамайды және бір қателігін бірнеше рет қайталайды. Ақымақ алдымен істейді, сосын ойланады, өкінеді. Бірақ өзгенің айтқанын тыңдамайды. Ақымақтың кешірім сұрауы қиын. Ал ақылды адам іске кіріспес бұрын алдымен ойланады. Қателесіп жатса кешірім сұрайды. Ол өзінің ғана емес, өзгелердің де қателігінен сабақ алуға тырысады. Айтылған ақылдың бәрін тыңдайды, бірақ дұрыс деп тапқанын ғана сіңіріп, орындайды. ҮШІНШІ БЕЛГІ Ақылда барлық нәрсені білу мүмкін емес екенін біледі. Сондықтан да әр саланың өз білгірі бар екенін түсініп, ешкіммен айтыспайды. Ол біліп тұрса да ешқашан «білем» демейді. Басқа сала бойынша сұрақ туындаса, ол міндетті түрде маман кеңесіне жүгінеді. Әлеуметтік желілерде тараған ақпараттардың дереккөзін, шынайылығын тексермейінше, оған сенбейді. Ал ақымақ отырыстарда, бас қосуларда әлемдегі барлық жаңалықты айтып қана қоймай, отырған жерінде пікірталас ұйымдастырып жібереді. Ол түбірі тексерілмеген жалған ақпараттардың басқаларға зиянын тигізетінін ойламай, вацапына келген жазбаларды, виеоларды орынсыз барлық адамға тарата береді. ТӨРТІНШІ БЕЛГІ Ақылды адам ұрыс-керістен мейлінше қашады. Әсіресе көпшіліктің алдында және балалар бар жерде аузын жүгендеп ұстайды. Лажы барынша келісімге келуді, жанжалды даурықтырмауды ойлайды. Кез келген дауда екі жаққа да тиімді ұсыныс іздейді. Ақымақ болмашыны жанжалға айналдырғанды жақсы көреді. Ол сөніп бара жатқан ұрыс отын қайта үрлеп жағып алады. Кешегі ұрысты қайта еске салып қоздата береді. Сондай-ақ ақымақтар кекшіл келетінін есте ұстаңыз. БЕСІНШІ БЕЛГІ Ақылдылар жұрт көзінше мақтағанды, қошеметтегенді ұната бермейді. Ол тек өзіне лайықты марапатты ғана өзгелерге айтады. Екінің бірі алып жатқан марапатты, жүлдені көпке жария етуді ақымақтық деп санайды. Ақымақ керісінше, әрбір ісін мақтау сөз есту үшін істейді. Достарының арасында бірінші оған сөз берілсе де, тіпті ағайын-туыстың үйінде төрге шыққанын да мақтанып айтады. Ал есік алдынан орын тисе, оны көп жыл ұмыта алмай, ашуланып жүреді. Сондықтан да ақымақ адамды мақтап-мақтап ісіріп, қажетті істі пісіріп алу оп-оңай. АЛТЫНШЫ БЕЛГІ «Сен ақымақсың, миың жоқ» деңізші. Кім бірінші шап етіп сөйлейді сол ақымақ. Ол өзінің сөзінің немесе ісінің дұрыстығын дәлелдемейінше тоқтамайды. Ақымақ бос уақытын өзін өзгелерге дәлелдеуге, өзі білмейтінді басқаларға үйретуге, ақыл айтуға жұмсайды. Ал ақылды уақытын білмейтінін үйренуге арнайды. Ең оңай нәрсе «ақыл айту» екенін жақсы білгендіктен, ақылды адам ешкімге қалай өмір сүру керектігін нұсқамайды. Сонымен бірге бір рет айтылған сөзінен қорытынды шығармаған адамға екінші рет сөзін қор етпейді.
БОС МАҚТАНҒА ҰРЫНҒАНША, АДАМЗАТҚА КЕРЕК БІРНӘРСЕ ЖАСАЛЫҚ
– Біраз уақыт бұрын «ақындардан гөрі технократтар керек» деген қызық пікір айтып қалдыңыз.
– Бізде, шынында, технократ жоқ. Билл Гейтс компьютер ойлап тапты. Университетті тастап, өзінің бағытын тапты. Міне, шын өнер тудыратын қисықтар дегеніміз – осы. Стив Джобс та оқуды бітірмеген. «Facebook» желісін ойлап тапқан Цукерберг тіпті бакалаврды да бітірмеген. Біз қалай домбырамен бәрін бағындырамыз деп ойлаймыз? Домбыра қазаққа ғана керек, басқа ешкімге керек емес! Бәріне реализм тұрғысынан қараған жөн. Бос мақтанға ұрынғанша, адамзатқа керек бірнәрсе жасалық. Не бәтеңке, не болт, не басқа дүниелер. Мысалы, ағылшын тілін неге бәрі үйренеді? Өйткені Американың технологиясы, ғылымы мықты. Сондықтан үйренеміз, мұқтажбыз. Өткенге қарай беруге, өткенмен мақтана беруге болмайды. Бүгінгі үрдіс қандай, ертеңгі үрдіс қандай?! Таразылаған ләзім.
– Досыңыз бар ма?
– Тұманбай ақынның «Дос керек» деген өлеңі бар. Ал дос не үшін керек? Менің теориям бойынша, дос деген қарызға ақша алып қайтармай қою үшін ғана керек. Мысалы, менен қарызға ақша алғандардың біреуі қайтарған жоқ. Неге адамдармен кездесуден қаша беремін? Тоқсан тоғыз пайызы заңды бұзуға итермелейді. Ақымақ біреуді «жұмысқа тұрғызшы» дегендей сөздерді жиі естимін. Немесе ақша сұрайды. Ақшаны не істейді? Той жасайды. Бұл – мақтанатын нәрсе емес. Абай «істің немен бітері басталғанынан білінеді» дейді. Қазақтың көбі бірнәрсеге ашуланып, долданып жүреді. Ал неге олай жүреді? Өздері де білмейді.
– Яғни, дос деген, сіздіңше, шартты ұғым.
– Дос түгілі, махаббат дегеннің өзін түсінбеймін. Мысалы, қараңыз, махаббат деп үйленеді, ол махаббаты жарты жылға шыдамайды. Пушкин «Вечная любовь живёт едва ли три недели» дейді. Осы сөзді Керннің күнделігіне жазып кетеді. Меніңше, махаббат деген сөзден гөрі жауапкершілік, еңбекқорлық, адалдық деген сөздер маңызды.
– Ақылды не ақылсыз болу түйсікке байланысты ма?
– Мен мұны қабылдауға байланысты деп ұғамын.
– Дінге сенесіз бе?
– Діннің бәрі бірдей, анау жақсы, мынау жақсы дегеннің бәрі – бос сөз. Қазіргі заманға келетін болсақ, діндар болғаннан гөрі атеист болған тиімдірек. Саят Ыбыраев деген мықты ғалым бар. Дінге шырмалды да, ақыр соңында мұны ит қылды. Он екі жылға сотталды. Ол ешкімнің көзін шығарған жоқ, жолын кескен жоқ, сондағы айыбы – салафиттерге қарсы болғаны. Мысалы, Рим папасын Мехмет Агджа деген кісі атқан болатын. Сосын, кейін Рим папасы сол Мехметтің басынан сипап, кешірім жасады. Ал Саят ешкімді өлтірген жоқ қой. Неге біздің Бас мүфти «Мүмкін адасқан шығар, осыны шығарайық» деп айтпады?!
– Саят Ыбыраев қамаудан шықты емес пе?
– Шыққанда, он жыл отырып шықты ғой. Ол аз уақыт емес. Сонда ойлаймын, неге мүфтият бар, басқа бар, біреуі оны қорғап жақсы сөз айтпады? Таң қалдым. Діндарлар «бір-біріңді сыйлаңдар, жақсы көріңдер», – деп айтады, іс жүзінде бәрі бір-біріне қарсы. Жеп қоюға дайын. Сонда түрмеден шық­қанда Саят Ыбыраевқа әзіл-шыны аралас «қанша өміріңді құрттың, одан да саған атеист болған тиімдірек еді ғой» деп айтқаным бар. Кейде ойлаймын, діни үрдістердің бәрі бір-біріне ұқсас келеді. Мысалы, мұсылмандар жұма күнін қасиетті санайды, еврейлер үшін сенбі қасиетті күн, христиандар жексенбіні қасиетті дейді. Біреуінде баскиім кию керек, бірінде кимеу керек. Айналдырған бес-алты параметр, басқа ештеңе жоқ. Егер дін жасап бер десе, мен соңымнан миллиондап адам ертетін дін жасап берер едім. Ал мен өзімді мұсылманмын деп есептеймін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет