ҚОРЫТЫНДЫ
Мемлекет
пен ұлт құрыштан құйылып, қатып қалған дүние емес, үнемі
дамып отыратын тірі ағза
іспетті. Ол өмір сүру үшін заман ағымына саналы түрде бейімделуге қабілетті болуы керек.
Заманға сәйкес жаңғыру міндеті барлық мемлекеттердің алдында тұр.
Сынаптай сырғыған уақыт
ешкімді күтіп тұрмайды, жаңғыру да тарихтың өзі сияқты жал ғаса беретін процесс. Екі дәуір түйіскен
өліара шақта Қазақстанға түбегейлі жаңғыру және жаңа идеялар
арқылы болашағын баянды ете
түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігі беріліп отыр. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс –
біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарих‐
тың шаңына көміліп қала береді.