Құбылыстар. Осы құбылыстардың даму процесі жаһандану деп аталады



бет11/11
Дата31.12.2021
өлшемі43,03 Kb.
#21050
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Документ

Экологиялық қауіп. Экологиялық проблемаларды түбегейлі шешу - көптеген аспектілері және бағыттары бар жауапкершілігі мол экологиялық саясат жүргізу жағдайында ғана мүмкін. Кез- келген шаруашылық іс-әрекет нәтижесінде экологиялық зардаптардың мөлшерін минималды, мейлінше төмен жасауды білдіретін экологиялық қауіп концепциясы осы ережелердің бірі болып табылады.

Бұл жағдайда қоршаған ортаға тигізетін зардаптың қауіптің деңгейі басты мәселе болып табылады. Экологиялық қауіп концепциясының талабына сәйкес алдымен адамның тұрмыс-тіршілігі мен қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін факторлар кешенін анықтау қажет. Осының негізінде әртүрлі шешімдердің ішінен ең қолайлысы таңдап алынады. Экологиялық қауіп — бұл қазіргі кезде немесе болашақта жоспарланып отырған адамның іс-әрекеті әсерінен, қоршаған табиғи ортаның экологиялық деградацияға немесе тұрақсыз, құбылмалы жағдайға ұшырау ықтималдығы.

Экожүйе өздігінен дамиды, табиғи тепе-теңдік пен жүйенің орнықтылығын бұзатын факторлар болмаған жағдайда өзін-өзі толтырып, қалыпқ а әкеліп отырады. Тепе-теңдікті бұзатын, қауіпті көздер - табиғи стихиялы құбылыстар (жер сілкінісі, топан су), тірі табиғат (эпидемиялар, эпизотиялар), сондай-ақ антропогендік факторлар (авариялар, катастрофалар) болуы мүмкін. Экологиялық қауіп - адам қателігі, адамзат қоғамының іс-әрекеті нәтижесінде тіршілік ағымының бұзылу ықтималдығы. Жақсартуға талпынамын деп, адам көбіне керісінше қарама- қарсы нәтиже алып жатады. Бір жүйені жақсартамын деп, басқа жүйелердің мүмкіншілігін ескере бермейді.

Техникалық ғимараттар мен коммуникацияларды пайдалану кезінде экологиялық қауіп арта түседі. Республика аумағында құбыр желілерінің зақымдануы, темір жол апаттары, өнеркәсіптегі үлкен авариялар жиі болып тұрады. Мәліметтер бойынша, АЭС-ғы қатерлі жағдайлардың 45%, авиаката- строфалардың 60%, теңіз катастрофаларының 80% адам Қателіктеріне байланысты. Қоршаған ортаның деградацияға ұшырау мен болып жатқан экологиялық жағдайларға бақылаудың жоқ екенін мысал түрінде айта кетуге болады. 1972 жылы қант қамыстарына зиян келтіретін көртышқандармен күрес жүргізу үшін Ямайкаға мангустар (Herpestes) алып келінді. Бірақ ол жануарлардың тек көртышқандарды ғана емес, жергілікті фаунаның көптеген түрлерін де құртып жіберетінін ешкім ескерген жоқ. Бар болғаны 10 жыл ішінде Ямайкада биоценоздарда үлкен өзгерістер жүріп, көртышқандар өздері үшін жаңа экологиялық қуыс тауып дәл бұрынғыдай қант қамысына зиян әкелуде. Ал жергілікті жерде жануарлардлың пайдалы түрлерінің саны күрт төмендеп кетті. Шығыс Африкада леопардтарды (Panthera pardus) жаппай қыру, үй жануарларының қас жауына айналған павиандардың санының кұрт көбеюіне алып келді. Ал Колорадо штатында койоттарды (Canis latrans) қыру фермерлер үшін үлкен проблемаға айналған қояндардың көбеюіне алып келді. [1]
















Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет