Бимаканова зылыйха шахметовна


тақырып: Қоғам және мәдениет



бет12/15
Дата12.04.2023
өлшемі119,85 Kb.
#81721
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Бимаканова зылыйха шахметовна

3.4 тақырып: Қоғам және мәдениет.
1.Қоғам ұғымы: негізгі анықтамалар.
2.Қоғам өз- өзін дамытушы жүйе және адамзат құндылығы ретінде.
3.Қоғамдық өмірдің негізгі салалары: экономикалық, саяси, құқықтық, рухани.
4. Ақпараттық қоғам концепциясы. Жаңа құндылықтар жүйесі.
5.Мәдениет. оның табиғаты мен мәні. Философия тарихындағы мәдениеттанулық теориялар.
6.Қазақтардың ұлттық мәдениеті – қазақ халқының ұлттық бірегейлігінің негізі және оның "Рухани жаңғыру" жобасы аясында дамуы.
Қоғам - әлемнің бір бөлігі, белгілі бір мақсаттарды іске асыру жолында әрекет етіп жатқан субъектілердің (тұлғалардың, топтардың, этностардың, мемлекеттердің) байланыс нысандары. Яғни, қоғам үғымындағы негізгі мәселе - адам және оның ұйымдасу нысандары, бұл ретте қоғамды зерттейтін басты ілімді әлеуметтану деп атайды. Ал мәдениет осы тұрғыдағы қоғамның белгілі бір қасиеті, көрінісі, сипаты мазмұнында қолданылады. Мәдениеттің алға басуы дегеніміз дүниежүзілік тарихтың адам үшін, оның мүдделері мен өзіндік мақсаттары бағытында толыққанды ашылуы болып табылады. Жалғастық, мәдениет мұрагерлік қызметі. Мәдениеттің бұл қызметі бір ұрпақтан екінші ұрпаққа берілетін бүкіл адамдық өмір тәсілдерінің өзіндік ерекшеліктеріне қатысты.
Мәдениет пен қоғам өзара тікелей байланысты. Қоғамның даму сатысы өзіне сай келетін мәдени деңгейімен сипатталады, мәдениет қоғам жағдайына тәуелді. Бірақ бұл диалектикалық байланысты нақты негізде қарау керек, себебі қоғам мен мәдениеттің арақатынасында қайшылықтар да жиі кездесіп отырады.
Кейде мәдениетті қоғамның белгілі бір тармагын ғана қамтитын құбылыс ретінде сипаттау да кездеседі. Бұл пікірдің дұрыс жақтары бар. Егер біз қоғам мен мәдениетті барабар деп санасақ, онда мәдениеттің мазмұнын шектен шығарып жіберер едік. Дәлірек айтқанда, мәдениет — қоғамның қасиеті, оның өмір сүру әрекетінің ауқымды да көлемді міндеті. Осы түррыдан алғанда, ол қоғаммен диалектикалық байланыста болады. Мәдениеттің өзі адамға ғана тән қоғамдық қатынастарға ену тәсілі
Платон әлеуметтiк философия саласында мiнсiз мемлекет iлiмiмен белгiлi. Бұл мемлекетте азаматтарды үшке бөледi: билеушi философтар, жауынгер әскерлер және қолөнершiлер. Мемлекет дәрежесiнiң биiктiгi – оны данышпандар билегенде көрiнедi, әскерлер оны қорғайды, ал басқалары материалдық игiлiктi жасаумен шұғылдануы керек. Мемлекеттiң негiзiнде – әдiлдiк жатыр. Әдiлдiк дегенiмiз – әрбiр адамның заңды түрде өз мiндетiн тыңғылықты орындауы
Платон ашқан алғашқы философия мектебі мың жылдай өмір сүрді. Оны Академия деп атады. Оның негiзгi еңбектерi:“Мемлекет”, “Теэтет”, “Федон”, «Протогор», «Пир», «Софист», т. б.
Аристотель сезімдік танымның сатылары (түйсік, қабылдау, бақылау) мен ойлау, формаларына да (ұғым, пікір, ой тиянағы) терең талдау жасайды. Ол қарапайым эмпирик қана емес, терең ойшыл эмпирик деп бағалаймыз. Аристотельдің энциклопедиялық ілімінде оның қоғамдық-саяси көзқарастары елеулі орын алады. Бұл арада ақымыстының “Политика”, “Никомаха этикасы” т.б. шығармаларын атап көрсеткен жөн. Көне дәуірдегі барлық философтар сияқты Аристотель де қоғамның дамуын негізінен идеялистік тұрғыдан түсінді. Ол өзінің әлеуметтік-саяси көзқарасында құл иеленушілертабының өкілі болып, құл иеленушілікті табиғи деп таныды. Алайда оның қоғамдық-тарихи зерттеулерінің маңызы көзге дейін жайылған жоқ. өйткені Аристотель грек т.б. шығыс мемлекеттерінің өмірін суреттейтін көптеген материалдарды жинап, бір жүйеге келтірді. Аристотель “Политикада” мемлекеттің, семьяның шығуын тереңірек зерттейді. Оның пікірінше, мемлекеттің пайда болуына,ең алдымен, адамдардың бірігіп жұмыс құрып, өзара қатынас жасауға ұмтылуы себеп болды. Яғни Аристотель мемлекеттің шығуын табиғи дамудың нәтижесі деп түсінеді. Ол адамдардың басқа хайуанаттардан айырмашылығы – ой еңбегімен шұғылдануында деп тұжырымдайда. Саяси іс-әрекетке ерекше мән беріп, саясаттан тысқары қалған адамдар адамшылығынан айырылып, тағы айуандарға ұқсап кетеді, - дейді.
Аристотель адамды саяси жануар деп қарауы оның адам мемлекет, қоғам жөніндегі мәселерді шешудегі ұстанымы болды. Бірақ Аристотель мемлекеттің шығу себептерін қоғамдық өмірден, ондағы даму қайшылықтарынан іздемей, адамның өз табиғаты мен мүдделерінен іздейді. Аристотель құл иеленушілермемлекетінің әртүрлі формаларына (монархия, демократия, олигархия) терең талдау жасап, олардың ішінен мемлекеттің алғашқы формасы боолып табылатын монархияны алдыңғы қатарға қояды. Мемлекет билігін қолына алған “кемеңгер адам” қоғамның материалдық және моральдық жағынан өркендеуіне зор ықпал етеді деп ойлайды. Аристотельдің этикалық көзқарасы оның адам жөніндегі ұғымына негізделген. Этикалық идеялар тек қоғамда ғана іске асырылып отырады. Платонның адамды сезімнен тыс о дүниеге тәуелді деп санауына қарсы шығып, Аристотель адамға белсенділіктің тән екендігін атап көрсетеді. Стагирктің пікірінше, мемлекеттің азаматы реелды сезімдері басылып, жаншылған жағдайда емес, қайта жер бетіндегі қасиеттіліктер мен “сыртқы игіліктерді” игеруіне сонымен бірге адамгершілік пен ғылымға деген анта жігерінің дамуына сай қалыптасады. Аристотель өз ілімінде адамгершілік пен этиканы адамдардың маңызды сипаттымасы деп таниды.
“Политикада” ол былай деп жазады: “Мейірбандық пен зұлымдық, әділеттілік пен әділетсіздік, т.б. семья мен мемлекеттің негізін қалайтын ұғымдарды сезім тұрғысынан қабылдау адамның ғана қолынан келеді”. Философ адамгершіліктің көзі енжарлық пен дәрменсіздікте емес, керісінше белсенделік пен жасампаздық деп дұрыс түсінеді. Адамның әділетті, жігерлі болуы оның игілікті ісімен тығыз байланысты.
Александр Македонский Аристотель шәкірті болғандықтан, оған патша тағына отырғаннан кейін Александр Аристотельге ескерткіш орнатып, былай деп жазыпты: “Бұл ескерткішті Никомаха ұлы, данышпан, құдіретті Аристогтельге қойған Александр”. Кезінде ол Платонды өмірден идеяны жоғары қойғаны, нақты өмір оның көлеңкесі дегені үшін қатты сынға алды. Бірақ, Аристотель түр мен мазмұн арақатынасын зерттеп, алғашқыны түрге берген. Мәселен, кірпіш – түр, ал сол кірпіштің негізі болып, қалыпқа құйылған материал (батпақ) – материя, яғни мазмұн деп қарады. Ол формальды логиканың Аристотель ашқан 1.Дәлме-дәлдік; 2. қайшылық; 3. жоққа шығару заңдары.
Аристотельдің ілімін дамытып, дүниеге танытқан ұлы шәкірттерінің бірі ұлы жерлесіміз - Әбу Наср әл Фараби болды. Аристотельдің философиясы орта ғасыр мен жаңа дәуірде қазіргі батыс философиясында талқылауға түсті, әр кезеңде ойшылдар өзінше түсінуге және өзінше түсіндіруге тырысты. Алайда оның мұралары адамзаттың ақыл-ойына өлмес азық бола берері ақиқат.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет