Белгілі бір адамның биологиялық әсерден алған дозасы және күтілетін биологиялық эффектісін білу үшін эквивалентті доза қолданылады. Адамдардың үлкен топтары сәуле алған (табиғат көздерінен, адам жасаған көздерден) жағдайында қосынды эффектінің бағасын беру тиімді. Ол үшін коллективтік (ұжымдық) доза (S) ендіріледі.
, (11)
мұндағы N-сәуле алған адамдар саны, - жеке алған дозаның орта мәні. Топтық дозаның өлшемі – зиверт (адам.-Зв.). Сәулену дозасы сәуле алу уақытына байланысты, белгілі бір уақыттан соң алған доза арта береді. Дозаның бірлік уақыттағы өзгерісін дозаның қуаты (Р) деп атайды.
, (12)
мұндағы уақыттағы дозаның өзгеруі. ХБ жүйеге енбейтін сәуле шығарудың және дозаның қуатының өлшемі рад1 және рад/с. Экспозициялық дозаның қуатының өлшем бірлігі Ампердің килограмға қатынасы (А/кг), ал жүйелік емес өлшемі -1Р/с . Сәуле шығару дозасы түскен иондық сәуле шығаруға пропорционал болғандықтан, пропорционалдық тәуелділік ендіріледі:
, (13)
мұндағы -өтпелі коэфициент, бұл шама бірнеше себептерге (сәулеленген затқа және фотон энергиясына) байланысты өзгеріп отырады. Экспозициялық дозаның қуаты V көлемдегі ионизация тудыратын фотондар санына байланысты болады. Осыдан мынаны аламыз: , (14)
мұндағы кэ-берілген радионуклидтің сипаттамасының гамма тұрақтысы.
Тірі ағзада сәулеленудің нәтижесінде сәулеленген заттың атомдары иондалады және жұтылады. Адамның денесінің массасы негізгі бөлігі судан тұратындықтан (75% жуық), сәуле шығару әсерінің алғашқы кезінде су молекулалары еркін радикалдарға (ОН немесе Н) бөлінеді, содан кейін тізбектелген реакция жүреді (негізінен бөлек молекуласының радикалдары қышқылданады). Содан кейін алғашқы кездегі әсерден жасушада жасушаның өмірінің биологиялық заңдылықтарында функционалдық өзгерістерден ерекше тұрақты радиосезімтал қасиет пайда болады. Жаңарған ұлпалар мен мүшелердің жасушаларға тән жасушалардағы өзгерістерден жасушаның өлуі ағзадағы мүшелер және олардың байланысын бұзады да, ағза үшін әртүрлі әрекеттер туғызады немесе ағза өледі.
Соматикалық, соматтық стохастикалық және генетикалық өзгерістері бар. Соматикалық эффектілер- бұл адамның сәуле алғаннан кейінгі әрекеттері және оның әсері сәуле ауруының ауыр және терінің сәулелеп күю және кейбір мүшелер мен терінің сәуледен күйік алуы сияқты аурудың түрлерінен көрінеді. Сәуле алу дозасының функциясы аурудың пайда болуы мен алған дәрежесімен сипатталады. Сәуле алу дозасынан алғашқы белгілері уақытқа байланысты көріне бастайды (жүректің айнуы, құсуы). Дозасы 100 рад-қа жуық болса, сәуле ауруына ұшырамайды. Ал 100-200 рад-қа жеңіл дәрежедегі сәуле ауруы пайда болады, бұл жағдайда емделмесе де жазылады. 200-400 рад дозаның әсері аурудың орташа дәрежесіне әкеледі. Бұл ауруда арнайы медициналық көмек көрсетіледі. Сәуле ауруының ауыр түрі 400-600 рад жұтылған дозада көрінеді. Мұнда алғашқы арнайы көрсетілген емге байланысты өмір сүреді немесе өлім қаупі туады. 600 рад жоғары болғанда өте ауыр дәрежелі сәуле ауруына душар болады. Егер 1000 рад-тан көп болмаса зардап шеккендер өз уақытында емделуі керек. Алған сәуледен біртіндеп созылмалы сәуле ауруына душар болады. Оның уақыты алған сәуленің дозасының жиналуына тәуелді өзгереді. Рұқсат етілген деңгейге төмендету немесе толық тоқтатылғаннан кейін қалпына келу периоды басталады да, содан кейін созылмалы ауруды емдеу жүргізіледі. Қазіргі кезде созылмалы сәуле ауруы аз кездеседі, себебі еңбек жағдайы жақсарды және жұмысшылардың тұрмыс жағдайы жоғарылады.
Рентгенодиагностиканы екі түрлі нұсқада қолданады: рентгеноскопия – кескінді рентгенолюминесценциялық экранды көрсетеді; рентгенография – кескінді фотопленкада жинақтайды. Егер зерттелетін мүше және қоршаған ұлпалар рентген сәулелерді шамамен бірдей әлсірететін болса, онда арнайы жасалған заттарды қолданады. Мысалы, асқазан мен ішекті барисульфатының ботқа тәрізді массасымен толтырып, олардың көлеңкелік кескінін көруге болады. Экрандағы кескіннің жарықталуы мен экспозицияның уақыты фотопленкада рентген сәуленің қарқындылығына байланысты. Егер оны диагностика үшін қолдансақ, онда қарқындылығы жағымсыз биологиялық салдарды болдырмас үшін көп болмауы қажет. Сол себептен қарқындылығы көп емес рентген сәуленің кескінін жақсартатын бірнеше техникалық құрылғылар қолданады. Құрылғылардың мысалы ретінде электронды-оптикалық түрленгіштерді алуға болады. Халықты жаппай тексеруден өткізу үшін рентгенографияның нұсқасы - флюрография қолданылады, онда үлкен рентгенолюминесценциялы электронда кескін сезімтал кіші форматты пленкада жазылады. Қызықты да, қазіргі кездегі қолданатын нұсқалардың бірі ретінде рентгендік томографияны алуға болады және оның «машиналы нұсқасы» компютерлік томография. Емдік мақсатта рентген сәулелерін медицинада қатерлі ісіктерді жою мақсатында қолданады (рентгенотерапия).
Әдебиеттер Ремизов А.Н. Медициналық және биологиялық физика: электрондық оқулық., М.: ГЕОТАР-МЕДИА, 2019 ж. 473-479, 482-484, 499-503 беттер.