Биофизика курсымен қалыпты физиология



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата28.04.2023
өлшемі0,65 Mb.
#87727
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Биофизика курсымен алыпты физиология



 
«С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ 
 
НАО «КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ 
С.Д.АСФЕНДИЯРОВА» 
Биофизика курсымен қалыпты физиология 
кафедрасы
Әдістемелік нұсқау 
72-92
7 бетттің 1беті 
Тақырыбы: Жарықтың поляризациясы. Поляриметрия 
Мақсаты :
1. Жарық поляризациясын сипаттайтын барлық физикалық шамалардың 
мағынасын түсіну. 
2. Поляризация жазықтығының айналу құбылысына негізделген, заттың сандық 
сараптамасын жасау әдісімен танысу. 
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Жарықтың поляризациясы 
2. Малюс заңы 
3. Поляриметрия 
4. Оптикалық белсенді заттар
5. Николь призмасы 
6. Поляриметрияның медицинада қолданылуы 
Тақырыптың қысқаша мазмұны. 
Жарық поляризациясы-жарықты электромагниттік толқын ретінде сипаттайтын 
құбылыстың негізгілерінің біреуі. Егер электр кернеулігі векторының 
электромагниттік толқындағы тербелісі бір жазықтықта болса, онда мұндай 
толқын жазық-поляризацияланған деп аталады. Толқынның таралу бағытынан 
өтетін жазықтық және осындай жазық-поляризацияланған электромагниттік 
электр кернеулігі векторы тербелісінің бағыты жарық толқынындағы 
поляризация жазықтығы немесе тербеліс жазықтығы деп аталады.
Кәдімгі 
сәуле шығару көздері поляризацияланбаған жарық толқындарын-табиғи 
жарықты шығарады. Бұл, кез келген кәдімгі жарық көзінде өзара шығару 
актісімен байланыспаған, өте көп элементар сәуле шығарғыштар болатындығын 
көрсетеді (осциллятор-атомдар). Жарық векторларының тербелістері барлық 
мүмкін бағыттарда болады, және сондықтан олардың тербеліс жазықтықтары 
кеңістікте әрдайым өзінің орнын өзгертіп отырады. 
Кейбір заттар (мысалы, турмалин) өзіне түскен табиғи жарықтың тек 
қандай да бір құраушысын өткізетін қасиетке ие. Осындай заттар-жүйелер 
(поляроид қабаттары, поляризациялық және екі рет сындырғыш призмалар және 
т.б.) поляризаторлар деп аталады. Егер поляризатордан шығатын сәуленің 
жолына екінші поляризаторды қойсақ, анализатор деп аталатын, онда жарық 
толқынының электр кернеулігі векторының тербеліс амплитудасы ұқсас жүйенің 
шығысында, екі поляризатордың (поляризатор және анализатор) поляризация 
жазықтықтарының бағыттарының арасындағы бұрышқа тәуелді болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет